Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»

Ереже · № 43-5 · қабылданған 11.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228831/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Қолданыста 11.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»

Қолданыста Ереже № 43-5 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Аппарат маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
43-5
Қабылданған күні
11.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
14.08.2026
Көрсетілген редакция
11.08.2026 228831_836544.kaz
Соңғы өзгеріс
11.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26SE00435M
ЭКБ идентификаторы
228831
Редакция идентификаторы
228831_836544
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
26.08.2026 03:34
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов

атындағы ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мәслихаттың үлгі регламентінің 79-тармағына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.

2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды;

3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан мәслихаты аппаратының басшысы С.Қ. Майәміроваға жүктелсін.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан мәслихатының
2026 жылғы 11 тамыздағы
№ 43-5 шешімімен бекітілген
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының ведомстволары жоқ.

3. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

6. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты, егер оған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, бюджет және қаржы заңнамаларына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

7. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мәслихат төрағасының өкімдерімен, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды, олар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Азаматтық қорғау туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес қабылданады.

8. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 150400, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, 28.

10. Осы Ереже Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

11. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппаратына Қазақстан Республикасының заңдарымен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

13. Мақсаттары:

1) мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсету;

2) мәслихаттың қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңында белгіленген тәртіппен сессияларда, тұрақты комиссиялар және депутаттар арқылы қамтамасыз ету;

3) мәслихат сессияларында жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

4) мәслихат төрағасының, мәслихат депутаттарының және Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

5) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының қызметі туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету;

6) Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қоғамдық кеңесі қызметіне ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

14. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

өз құзіреті шегінде Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды сұрату және алу;
аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту;
депутаттардың сауалдары мен депутаттық ұсыныстарды уақытылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға депутаттық сауалдар, ұсыныстар, пікірлер, хабарламалар, шағымдар жіберу;
облыстың  тексеру комиссиясынан аудан бюджетінің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы;
қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

2) міндеттері:

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппаратына жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау;
Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдауға жол бермеу;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау;
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау.

15. Функциялары:

1) мәслихат сессиясын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету, оның ішінде мәслихат сессиясына енгізілген негізгі мәселелердің бекітілген Тізбесі негізінде, сондай-ақ тұрақты комиссиялар, депутаттар, аудан әкімі енгізетін мәселелер бойынша;

2) депутаттарды сессияның, тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілген сұрақтар бойынша шешім жобаларымен және басқа да материалдармен қамтамасыз ету;

3) аудандық мәслихат сессияларында жергілікті бюджеттерді қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және аудандық мәслихатының құзыреті шегінде қабылданған азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қабылдауды қамтамасыз ету;

4) әділет органдарында азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты жалпыға міндетті маңызы бар мәслихат шешімдеріне мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;

5) аудандық мәслихат қабылдаған және (немесе) әзірлеушісі болып табылатын нормативтік құқықтық актілеріне қатысты тұрақты құқықтық мониторингті жүргізуді қамтамасыз ету;

6) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес депутаттардың қызметін қамтамасыз етуге және депутаттардың біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығыстарды айқындау, сондай-ақ іссапар шығыстарын өтеу;

7) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың ресми сайтының жұмыс істеуін және уақтылы жаңартылуын қамтамасыз ету;

8) аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;

9) аудандық мәслихат әзірлеуші болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру;

10) тұрақты комиссиялардың отырыстарына, қоғамдық тыңдауларға, жұмыс сапарларына дайындық жүргізу, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды талдау, қорытындылау және оларды тұрақты комиссия мүшелеріне уақтылы ұсыну, сондай-ақ комиссия қаулыларының жобаларын әзірлеу және келісу;

11) аудан мәслихатының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;

12) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлаушылар кездесулерде және өтініштерді, ұсыныстарды, проблемалық мәселелерді қабылдауда айтқан қорытындылары бойынша депутаттық сауалдар дайындауды қамтамасыз ету;

13) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес округтік және учаскелік сайлау комиссияларын қалыптастыру;

14) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес кадрлық жұмысты жүргізу;

15) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

16) құжаттарды басқарудың, құжаттармен жұмысты ұйымдастырудың және олардың орындалуын бақылаудың бірыңғай тәртібін, соның ішінде электрондық құжат айналымы жүйесінде қамтамасыз ету.

17) мүліктің және міндеттемелердің болуы мен қозғалысын есепке алуды қамтамасыз ету, бекітілген нормаларға, нормативтер мен сметаларға, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес материалдық және қаржы ресурстарын пайдалану, шаруашылық қызметтің теріс нәтижелерін болғызбау;

18) мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау;

19) Қазақстан Республикасының соттарында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының мүдделерін білдіру және қорғауды қамтамасыз ету;

3-тарау. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

16. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратына басшылықты Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

17. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» заңдарына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

18. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппараты басшысының орынбасарлары жоқ.

19. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппараты басшысының өкілеттіктері:

1) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының қызметіне басшылық жасайды;

2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

3) мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;

11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

13) аудан мәслихатына Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты туралы Ережені, құрылымы мен штат санының лимитін бекітуге ұсынады;

14) осы Ережеде белгіленген құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

15) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмасыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

20. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

21. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

23. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық және Еңбек кодекстеріне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына, сонымен қатар, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының қарамағында ұйымдар жоқ.
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының қарамағында аумақтық органдар жоқ.
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының қарамағында мемлекеттік мекемелер жоқ.