Об утверждении правил взаимодействия оператора национальной платформы искусственного интеллекта с физическими и юридическими лицами в рамках оказания услуг на национальной платформе искусственного интеллекта для разработки, размещения платформенных программных продуктов, моделей искусственного интеллекта на национальной платформе искусственного интеллекта
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил взаимодействия оператора национальной платформы искусственного интеллекта с физическими и юридическими лицами в рамках оказания услуг на национальной платформе искусственного интеллекта для разработки, размещения платформенных программных продуктов, моделей искусственного интеллекта на национальной платформе искусственного интеллекта
- Атауы (қаз.)
- Жасанды интеллектінің платформалық бағдарламалық өнімдерін, модельдерін әзірлеу, жасанды интеллектінің ұлттық платформасында орналастыру үшін жасанды интеллектінің ұлттық платформасында қызметтер көрсету шеңберінде жасанды интеллектінің ұлттық платформасы операторының жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 482/НҚ
- Қабылданған күні
- 13.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 29.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2026 228846_835213.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039591
- ЭКБ идентификаторы
- 228846
- Редакция идентификаторы
- 228846_835213
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 25.08.2026 03:31
0
Жасанды интеллектінің платформалық бағдарламалық өнімдерін, модельдерін әзірлеу, жасанды интеллектінің ұлттық платформасында орналастыру үшін жасанды интеллектінің ұлттық платформасында қызметтер көрсету шеңберінде жасанды интеллектінің ұлттық платформасы операторының жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект туралы» заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жасанды интеллектінің платформалық бағдарламалық өнімдерін, модельдерін әзірлеу, жасанды интеллектінің ұлттық платформасында орналастыру үшін жасанды интеллектінің ұлттық платформасында қызметтер көрсету шеңберінде жасанды интеллектінің ұлттық платформасы операторының жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Жасанды интеллект және деректерді басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Жасанды интеллектінің платформалық бағдарламалық өнімдерін, модельдерін әзірлеу, жасанды интеллектінің ұлттық платформасында орналастыру үшін жасанды интеллектінің ұлттық платформасында қызметтер көрсету шеңберінде жасанды интеллектінің ұлттық платформасы операторының жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрі
2026 жылғы 13 тамыздағы
№ 482/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Жасанды интеллектінің платформалық бағдарламалық өнімдерін, модельдерін әзірлеу, жасанды интеллектінің ұлттық платформасында орналастыру үшін жасанды интеллектінің ұлттық платформасында қызметтер көрсету шеңберінде жасанды интеллектінің ұлттық платформасы операторының жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жасанды интеллектінің платформалық бағдарламалық өнімдерін, модельдерін әзірлеу, жасанды интеллектінің ұлттық платформасында орналастыру үшін жасанды интеллектінің ұлттық платформасында қызметтер көрсету шеңберінде жасанды интеллектінің ұлттық платформасы операторының жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект туралы» заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жасанды интеллекттің ұлттық платформасында қызметтер көрсету шеңберінде жасанды интеллекттің ұлттық платформасы операторының жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) бастамашы – платформада ПБӨ және (немесе) жасанды интеллект модельдерін әзірлейтін және орналастыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ ұйым, жеке тұлға.
2) жасанды интеллект моделі – арнаулы міндеттерді орындау үшін әзірленген және өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделе алатын, жинақталған тәжірибе негізінде оқып-үйренуге болатын және өз қызметінің процестері мен нәтижелерін оңтайландыра білетін бағдарламалық өнім;
3) жасанды интеллектінің ұлттық платформасы (бұдан әрі – Платформа) – дерекнамаларды жинауға, өңдеуге, сақтау мен таратуға және жасанды интеллект саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған технологиялық платформа;
4) жасанды интеллектінің ұлттық платформасының бағдарламалық өнімі (бұдан әрі – платформалық бағдарламалық өнім) – жасанды интеллектінің ұлттық платформасында әзірленген, орналастырылған бағдарламалық өнім
5) жасанды интеллектінің ұлттық платформасының операторы (бұдан әрі – Оператор) – жасанды интеллектінің ұлттық платформасын дамыту мен оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген заңды тұлға;
2-тарау. Платформалық бағдарламалық өнімдерді, жасанды интеллект модельдерін әзірлеу және орналастыру кезінде оператордың жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі
3. Платформада платформалық бағдарламалық өнімді және (немесе) жасанды интеллект моделін әзірлеу және (немесе) орналастыру үшін бастамашы Операторға Платформа арқылы және (немесе) Платформада көрсетілген Оператордың электрондық пошта мекенжайына:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салуды;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша платформалық бағдарламалық өнімнің және (немесе) жасанды интеллект моделінің паспортын (бұдан әрі – Паспорт) жібереді.
4. Оператор сұрау салу мен Паспорт келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларда қамтылған мәліметтердің толықтығын тексереді.
Мәліметтердің толық еместігі анықталған жағдайда Оператор осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім шегінде бастамашыға жетіспейтін мәліметтерді көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Бастамашы хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде пысықталған сұрау салуды және (немесе) Паспортты ұсынады.
Пысықталған құжаттар белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда Оператор сұрау салуды қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және бас тарту себебін көрсете отырып, бұл туралы бастамашыны хабардар етеді.
5. Мәліметтердің толықтығы расталғаннан кейін Оператор 5 (бес) жұмыс күні ішінде сұрау салу мен Паспортты келесідей талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды:
1) платформалық бағдарламалық өнімді және (немесе) жасанды интеллект моделін әзірлеудің және (немесе) орналастырудың мәлімделген мақсаттарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі;
2) Паспортта көрсетілген көлемде және мерзімге бос есептеу ресурстарының болуы;
3) мәлімделген шешімнің Платформаның бағдарламалық-техникалық архитектурасымен үйлесімділігі;
4) деректерді пайдаланудың мәлімделген тәртібінің Қазақстан Республикасының цифрландыру, дербес деректер және оларды қорғау, сондай-ақ киберқауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі.
6. Сұрау салу мен Паспортты қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешімдердің бірін қабылдайды:
1) платформалық бағдарламалық өнімді және (немесе) жасанды интеллект моделін әзірлеу және (немесе) орналастыру үшін Платформа ресурстарын беру туралы;
2) Платформа ресурстарын беруден бас тарту туралы.
7. Платформа ресурстарын беруден бас тарту туралы шешім келесідей жағдайлардың бірінде қабылданады:
1) платформалық бағдарламалық өнімді және (немесе) жасанды интеллект моделін әзірлеудің және (немесе) орналастырудың мәлімделген мақсаттары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегенде;
2) Платформада Паспортта көрсетілген көлемде және мерзімге есептеу ресурстары болмағанда;
3) мәлімделген шешім Платформаның бағдарламалық-техникалық үйлесімділігіне қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде;
4) деректерді пайдаланудың мәлімделген тәртібі Қазақстан Республикасының цифрландыру, дербес деректер және оларды қорғау, сондай-ақ киберқауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегенде.
8. Оператордың шешімі хабарлама түрінде ресімделеді және ол қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, бастамашыға Платформа арқылы және (немесе) сұрау салуда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.
Бас тарту туралы хабарламада бас тартудың негізі және тиісті шешімді қабылдауға негіз болған мәліметтер көрсетіледі.
9. Бас тарту себептері жойылғаннан кейін бастамашы сұрау салу мен Паспортты қайта жібереді. Қайта берілген сұрау салу осы Қағидалардың 4 және 8-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаралады.
10. Платформа ресурстарын беру туралы шешімнің негізінде Оператор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастамашымен шарт жасасады.
11. Шарт жасалғаннан кейін Оператор бастамашының пайдаланушылары үшін есептік жазбалар жасайды және оларға шартта белгіленген көлемде Платформа ресурстарына қол жеткізуді ұсынады.
12. Платформалық бағдарламалық өнімді және (немесе) жасанды интеллект моделін әзірлеу, тестілеу және орналастыру шарт талаптарына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
1 Жасанды интеллектінің ұлттық платформасында платформалық бағдарламалық өнімдерді және (немесе) жасанды интеллект модельдерін әзірлеу және орналастыру туралы сұрау салу
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2026 жылғы 13 тамыздағы
№ 482/НҚ
Жасанды интеллектінің
платформалық бағдарламалық
өнімдерін, модельдерін әзірлеу,
жасанды интеллектінің ұлттық
платформасында орналастыру
үшін жасанды интеллектінің
ұлттық платформасында қызметтер
көрсету шеңберінде жасанды
интеллектінің ұлттық платформасы
операторының жеке және заңды
тұлғалармен өзара іс-қимыл
жасау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Жасанды интеллектінің ұлттық платформасында платформалық бағдарламалық өнімдерді және (немесе) жасанды интеллект модельдерін әзірлеу және орналастыру туралы сұрау салу
1. Бастамашының мәртебесі (мемлекеттік орган, заңды тұлға, жеке тұлға):
_____________________________________________________________________
2. Бастамашының атауы / тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)______________
3. БСН / ЖСН: ____________________________________________________
4. Заңды мекен-жайы / тұрғылықты жері______________________________
5. Байланыс телефоны_____________________________________________
6. Электрондық пошта мекенжайы___________________________________
7. Жобаның атауы_________________________________________________
8. Жұмыс түрі (платформалық бағдарламалық өнімді және (немесе) жасанды интеллект моделін әзірлеу және (немесе) орналастыру) _______________
9. Жұмыстың басталуы мен аяқталуының жоспарланған мерзімдері: ______
Күні « » 20 жыл.
_________________ ____________________________________
(қолы) (аты, тегі, әкесінің аты (бар болса)
_________________
(байланыс деректері)
2 Платформалық бағдарламалық өнімнің және (немесе) жасанды интеллект моделінің паспорты
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрі
2026 жылғы 13 тамыздағы
№ 482/НҚ
Жасанды интеллектінің платформалық
бағдарламалық өнімдерін, модельдерін
әзірлеу, жасанды интеллектінің
ұлттық платформасында орналастыру
үшін жасанды интеллектінің ұлттық
платформасында қызметтер көрсету
шеңберінде жасанды интеллектінің
ұлттық платформасы операторының
жеке және заңды тұлғалармен
өзара іс-қимыл жасау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Платформалық бағдарламалық өнімнің және (немесе) жасанды интеллект моделінің паспорты
1. Жобаның атауы: _____________________________________________________
2. Бастамашының атауы / тегі, аты, әкесінің аты ( бар болса) ___________________
3. Жұмыстың басталуы мен аяқталуының жоспарланған мерзімдері ____________
4. Ағымдағы процестің сипаттамасы (AS-IS) _______________________________
5. Жобаның мақсаты және жасанды интеллектті қолдану көзделетін процестер
(функциялар) _________________________________________________________
6. Ұсынылған шешімнің сипаттамасы_____________________________________
7. Күтілетін экономикалық және (немесе) әлеуметтік әсер____________________
8. Қажетті есептеу ресурстары: __________________________________________
8.1. Орталық процессор ядроларының саны (CPU): __________________________
8.2. Графикалық процессорлардың саны мен түрі (GPU): _____________________
8.3. Жедел жадының көлемі (ЖД), Гб: _____________________________________
8.4. Диск кеңістігінің көлемі (HDD/SSD), Гб: _______________________________
8.5. Есептеу ресурстарын пайдалану кезеңі: ________________________________
9. Деректер көздері және оларды пайдаланудың құқықтық негіздері___________
10. Пайдаланылатын деректер санаттары (ашық деректер, дербес деректер, қолжетімділігі шектеулі деректер және өзге де деректер)_____________________
11. Деректерді қорғауға және киберқауіпсіздікке қойылатын талаптар__________
12. Ақпараттық жүйелермен интеграциялау қажеттілігі және болжамды интеграциялар тізімі____________________________________________________
13. Уәкілетті пайдаланушылардың жоспарланған саны_______________________
14. Платформада әзірлеуге, тестілеуге және орналастыруға рұқсат етілген уәкілетті пайдаланушылардың тізімі______________________________________
15. Платформада әзірлеуге, тестілеуге және орналастыруға жауапты тұлғалар______________________________________________________________
Күні « » 20 жыл.
_________________ ____________________________________
(қолы) (аты, тегі, әкесінің аты (бар болса)