Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня специальных средств, которыми обеспечиваются должностные лица, осуществляющие государственный контроль и надзор в области охраны, воспроизводства и использования животного мира, и должностные лица государственной охраны животного мира

Бұйрық · № 164-Ө · қабылданған 14.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228890/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Перечня специальных средств, которыми обеспечиваются должностные лица, осуществляющие государственный контроль и надзор в области охраны, воспроизводства и использования животного мира, и должностные лица государственной охраны животного мира Күшіне енбеген 14.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Перечня специальных средств, которыми обеспечиваются должностные лица, осуществляющие государственный контроль и надзор в области охраны, воспроизводства и использования животного мира, и должностные лица государственной охраны животного мира

Күшіне енбеген Бұйрық № 164-Ө 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня специальных средств, которыми обеспечиваются должностные лица, осуществляющие государственный контроль и надзор в области охраны, воспроизводства и использования животного мира, и должностные лица государственной охраны животного мира
Атауы (қаз.)
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды және жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдарын қамтамасыз ететін арнайы құралдар тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
164-Ө
Қабылданған күні
14.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
29.08.2026
Көрсетілген редакция
14.08.2026 I228890_1.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26NP000164
ЭКБ идентификаторы
228890
Редакция идентификаторы
I228890_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.08.2026 03:30
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды және жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдарын қамтамасыз ететін арнайы құралдар тізбесін бекіту туралы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды және жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдарын қамтамасыз ететін арнайы құралдар тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

7 Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды және жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдарын қамтамасыз ететін арнайы құралдар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2026 жылғы __________
№ _____ бұйрығымен
бекітілген
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды және жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдарын қамтамасыз ететін арнайы құралдар тізбесі
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар және жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдары мынадай арнайы құралдармен қамтамасыз етіледі:

1) кісендермен (БР, БР-С);

2) резина таяқшамен (арнайы);

3) механикалық әсерлерден қорғауға арналған кеудешемен;

4) жалтырауық шаммен;

5) автокөлік құралдарын мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғымен («Еж-М»).