Некоторые вопросы Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан
Күшін жойған
Қаулы
·№ 126
·
22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Некоторые вопросы Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң кейбiр мәселелерi
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 126
- Қабылданған күні
- 10.02.2005
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2013 AI22891_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050000126_
- ЭКБ идентификаторы
- 22891
- Редакция идентификаторы
- AI22891_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:11
0 Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi үшiн кадрларды кәсiби даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң "ЖД-158/6 мекемесi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) таратылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң "Оқу орталығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Оқу орталығы) құрылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1 1) Оқу орталығы Жарғысының бекiтiлуiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
2 2) Мекеменiң ол таратылғаннан кейiнгi қалған мүлкiнiң Оқу орталығына берiлуiн;
3 3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.
4 4. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы
N 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi:
"Мемлекеттiк мекемелер" деген 2-бөлiмде:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 2-1-жолмен толықтырылсын:
"2-1. Оқу орталығы";
реттiк нөмiрi 40-жол алынып тасталсын.