Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах организации инфраструктуры по техническому обслуживанию сельскохозяйственного производства

Қаулы · № 134 · қабылданған 10.02.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-22894/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О некоторых вопросах организации инфраструктуры по техническому обслуживанию сельскохозяйственного производства Күшін жойған Қаулы ·№ 134 ·10.02.2005
19.09.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах организации инфраструктуры по техническому обслуживанию сельскохозяйственного производства

Күшін жойған Қаулы ·№ 134 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах организации инфраструктуры по техническому обслуживанию сельскохозяйственного производства
Атауы (қаз.)
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегі инфрақұрылымды ұйымдастырудың кейбiр мәселелерi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
134
Қабылданған күні
10.02.2005
Көрсетілген редакция
19.09.2009 AI22894_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000134_
ЭКБ идентификаторы
22894
Редакция идентификаторы
AI22894_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:11

0 Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегі инфрақұрылымды ұйымдастырудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк аграрлық азық-түлік бағдарламасы туралы" 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 Жарлығын iске асыру мақсатында және "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегі инфрақұрылымды ұйымдастыруға ақшалай қаражат ұсыну ережесі бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.

0 Ауыл шаруашылығы өндірісіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі инфрақұрылымды ұйымдастыруға ақшалай қаражат ұсыну epeжесі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2005 жылғы 10 ақпандағы
N 134 қаулысымен
бекiтілген
Ауыл шаруашылығы өндірісіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі инфрақұрылымды ұйымдастыруға ақшалай қаражат ұсыну epeжесі

1 1. Жалпы шарттар

1

1. Осы Ереже 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 043 "Ауыл шаруашылығын институционалды дамыту" бюджеттiк бағдарламасының 101 "Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi инфрақұрылымды ұйымдастыру" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген 8950000000 (сегiз миллиард тоғыз жүз елу миллион) теңге сомасында ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi инфрақұрылымды ұйымдастыруға бағытталатын ақшалай қаражат (бұдан әрi - Қаражат) ұсынудың тәртiбiн айқындайды.

2 2. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi инфрақұрылымды ұйымдастыруға Қаражат ұсыну

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне (бұдан әрi - Ауылшарминi) ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi инфрақұрылымды ұйымдастыруға Қаражат ұсыну заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

3

3. Ауылшарминi "ҚазАгроҚаржы" акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi инфрақұрылымды ұйымдастыруға пайдалануға жататын Қаражатты ұсынуды заңнамада белгiленген тәртiппен Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту жөніндегi iс-шараларды өткiзу арқылы қамтамасыз етедi.

4 4. Қоғам ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi инфрақұрылымды ұйымдастыруға бөлiнген Қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның iшкi кредит саясатына сәйкес мынадай мақсатта пайдаланады:

1

1) 2000000000 (екi миллиард) теңге - дербес машина-технологиялық станцияларды (сервис-орталықтарын) (бұдан әрi - МТС) қаржыландыруға, сондай-ақ Қоғам бұрын құрған MTC-тердi қаржыландыруды ықтимал жалғастыруға. Қоғамның MTC-тердi қаржыландыруы 7 жылға дейiнгi мерзiмге жылдық 2 пайызға дейiн сыйақы ставкасымен және МТС-тердiң Қоғам алдындағы мiндеттемелерi екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлген жағдайда жүзеге асырылуы тиiс;

2

2) 1000000000 (бip миллиард) теңге - кейiннен лизингке беру үшiн ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн жабдықтарды (бұдан әрi - Жабдықтар) сатып aлу, Жабдықтарды сатып алу мен жеткiзуге байланысты (оның iшiнде: Жабдықтарды кедендiк ресiмдеуге және тазалауға, тиеуге, түсiруге, жинауға байланысты) шығыстарды өтеу мақсатына. Жабдықтардың лизингі 7 жылға дейiн мерзiмдi құрауы тиiс, лизинг бойынша сыйақы ставкасы жылдық 4 пайызға дейiн;

3

3) 5950000000 (бec миллиард тоғыз жүз елу миллион) теңге - кейiннен лизингке беру үшiн ауыл шаруашылығы техникасын, технологиялық жабдықтар және мал шаруашылығы субъектiлері үшiн арнайы техника (бұдан әрi - Техника) сатып алу, Техниканы сатып алу мен жеткiзуге байланысты (оның iшiнде: Техниканы кедендiк ресiмдеуге және тазалауға, тиеуге, түсiруге, жинауға байланысты) шығыстарды өтеу мақсатына. Техниканың лизингi 7 жылға дейiн мерзiмдi құрауы тиiс, лизинг бойынша сыйақы ставкасы жылдық 4 пайызға дейiн.

3 3. Қаражаттың пайдаланылуын бақылау

5 5. Ауылшарминi ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi инфрақұрылымды ұйымдастыруға бағытталатын Қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.

Қолданыстағы