Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба на территории Сарканского района

Өзге акт · № 8-1 · қабылданған 17.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228966/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба на территории Сарканского района Қолданыста 17.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба на территории Сарканского района

Қолданыста Өзге акт № 8-1 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба на территории Сарканского района
Атауы (қаз.)
Сарқан ауданы аумағында техногендік сипаттағы объектi аумағының шегiнде төтенше жағдай жариялау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8-1
Қабылданған күні
17.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
18.08.2026
Көрсетілген редакция
17.08.2026 228966_835197.kaz
Соңғы өзгеріс
17.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26IJ00081B
ЭКБ идентификаторы
228966
Редакция идентификаторы
228966_835197
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.08.2026 03:30
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Сарқан ауданы аумағында техногендік сипаттағы объектi аумағының шегiнде төтенше жағдай жариялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес және Сарқан ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2026 жылғы 12 тамыздағы № 5 хаттамасының негізінде, Сарқан ауданының әкімі ШЕШТІ:

1. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындауының алдын алу мақсатында өрт сөндіру бөлімінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту және Сарқан ауданының қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Сарқан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» РММ-нің Сарқан қаласындағы № 12 өрт сөндіру бөлімінің Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Әуезов көшесі, 41-үй мекенжайында орналасқан ғимаратында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дереу бастау қажет екені ескеріліп, Сарқан ауданының аумағында техногендік сипаттағы объектi аумағының шегiнде төтенше жағдай жариялансын.

2. Техногендік сипаттағы объектi аумағының шегiнде төтенше жағдайды жою басшысы ретінде Сарқан ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары А. Байғұнысов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.