Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении положения государственного учреждения «Аппарат акима Жамбылского района Алматинской области» в новой редакции

Қаулы · № 289 · қабылданған 10.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228967/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении положения государственного учреждения «Аппарат акима Жамбылского района Алматинской области» в новой редакции Қолданыста 10.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении положения государственного учреждения «Аппарат акима Жамбылского района Алматинской области» в новой редакции

Қолданыста Қаулы № 289 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении положения государственного учреждения «Аппарат акима Жамбылского района Алматинской области» в новой редакции
Атауы (қаз.)
«Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
289
Қабылданған күні
10.08.2026
Көрсетілген редакция
10.08.2026 228967_835296.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26DG00289A
ЭКБ идентификаторы
228967
Редакция идентификаторы
228967_835296
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
20.08.2026 03:33
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Алматы облысы, Жамбыл ауданы

әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

2. «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аппаратының басшысына мекеменің Ережесін әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізу тапсырылсын.

3. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 328 ««Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы» қаулысы жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

5 Жамбыл ауданы әкімдігінің

2026 жылғы «10» тамыз
№ 289 қаулысына қосымша
«Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің ережесі

1

1. Жалпы ережелер

1. «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, аудан әкімдігінің және әкімінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Аппарат ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі, мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Аппарат құрылтайшысы Жамбыл ауданының Әкімдігі болып табылады.

5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Аппарат егер заңнамаға сәйкес осыған   уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040600, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі, №56.

11. Осы Ереже апараттың құрылтай құжаты болып табылады.

12. Аппарат қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын   міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер аппаратқа заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

14. Аппараттың ведомстволары жоқ.

2

2. «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

15. Мақсаттары:

1) Жамбыл ауданы әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық- талдау және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету;

2) Жамбыл ауданы әкіміне қаржылық, шаруашылық және материалдық- техникалық қызмет көрсету;

3) Өкілетті және атқарушы органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдармен, қоғамдық ұйымдармен, заңды тұлғалармен және азаматтармен өзара байланысты қамтамасыз ету;

4) Жергілікті атқарушы органдарға жүктелген құзыреттер шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

16. Өкілеттіктер:

Құқықтары мен міндеттері:

1) Жамбыл ауданы әкімінің құзыретіне жаттатын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан, мекемелер мен барлық меншік нысанындағы ұйымдардан қажетті ақпарат, ауызша және жазбаша түсініктемелер алуға; Жамбыл ауданы мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарына орындалу міндетті тапсырмалар беруге;

2) Жергілікті мемлекеттік органдарда Мемлекет Басшысының, облыс әкімдігі мен облыс әкімінің, Жамбыл ауданы әкімдігінің және әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалу жай күйіне тексерулер жүргізу;

3) Жамбыл ауданы әкіміне жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;

4) Мемлекеттік мекеменің қарауына жатқызылған мәлелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

5) Басқалардың, департаменттердің және басқа да аудандық қызметтердің алқа отырыстарына, комиссияларына, кеңестеріне қатысу;

6) Басшылықтың тапсырмасы бойынша Мемлекеттік органдардың кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін Жамбыл ауданы әкімінің құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуге қатысуға тарту;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, аудан әкімдігінің және аудан әкімінің актілерінде, сондай-ақ Жамбыл ауданы әкімінің тапсырмаларында көзделген өзге де фукцияларды орындауға міндетті;

8) Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюды талап етуге, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың тиісті лауазымды адамдарының ауызша және жазбаша түсініктемелерін тыңдауға;

9) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

10) әкімдіктің отырыстарына, жергілікті атқарушы органдардың жиналыстарына, алқаларына қатысу;

11) аудан әкімінің қарауына және аудан әкімдігінің отырыстарына енгізілетін сұрақтарды дайындау үшін аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлерін қатысуға тарту;

12) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

13) Жамбыл ауданы әкімінің және әкім аппараты атынан сотта талапкер және жауапкер болу;

14) «Алматы облысы, Жамбыл ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.

17.Функциялары:

1) аудан әкімдігінің тоқсан сайынғы жұмыс жоспарын дайындау;

2) аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;

3) аудан әкімдігінің отырысына материалдарды дайындау;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

5) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі мен Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларының, әкімдік қаулылары мен хаттамалық тапсырмаларының, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысы туралы облыс әкімін, аудан әкімін жүйелі түрде хабардар етіп отыру, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

6) аудан әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін әкімдік отырыстарын, сондай-ақ басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

7) аудан әкімі және оның орынбасарлары үшін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайын сипаттайтын материалдар дайындау;

8) аудан әкімдігі және әкіммен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің есебін, мониторингін, жүйеленуін және бақылау даналарын жүргізу;

9) кәсiптiк даярлық деңгейiн айқындау мақсатында аудан әкімі тағайындайтын лауазымдар тізбесіне кіретін кадр құрамына талдау жүргізу;

10) кадрларды оқытуды ұйымдастыру;

11) қызметтік құжаттарды қарау;

12) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

13) іс-жүргізу, әкімдікке келіп түскен хат-хабарларды өңдеу;

14) атқарушы органдармен бірлесе отырып, әкімдік отырыстарында қарау үшін мәселелер дайындау;

15) ауданның жергілікті атқарушы органдарының және ауылдық округтер әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметкерлерінің қызметінің тиімділігін бағалау бойынша жұмыстарды үйлестіру;

16) мемлекеттік сатып алуды жүргізу және ұйымдастыру, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде;

18) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

19) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және ақпараттық технологиялар саласында:

- өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және қолжетімділігін жоғарлатуды қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;
- өз құзыреті шегінде ақпараттық технологиялар саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу.

20) «Е-лицензиялау» мемлекеттік қызмет көрсету саласында тіркеу және бақылау жүргізу;

21) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Републикасы Президентінің, Мемлекттік хатшының, Президент Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, мемлекеттік бағдарламаларды, Алматы облысы әкімдігі мен әкімінің, Жамбыл ауданы әкімдігі мен әкімінің актілерін тиімді орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, олардың аудан аумағында орындалуын бақылау;

22) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының орындалуын қамтамасыз ету, сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық- техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;

23) аудандық (обылыс маңызы бар қалалар) әкімдіктердің, қаладағы аудандық әкімдерінің құзыретін кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін- өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөніндегі жұмысын үйлестіру;

24) Жамбыл ауданы аумағында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу,

25) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру, сондай-ақ аудан аумағында мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру,

26) аудан аумағында құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

27) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызмет саласын, өкілеттіктері мен жауапкершілігін айқындайтын ұсыныстар дайындау, олардың жұмыс стилі мен әдістерін жақсарту жөніндегі мәселелерді шешу;

28) келіп түскен қызметтік хат-хабарды қарау, ішкі бақылауды жүзеге асыру және бөлу, оны басшылыққа және құрымдылық бөлімшелерге жедел жеткізу, құжаттардың уақтылы өтуін бақылау;

29) аудан әкімі мен оның орынбасарларының, аудан әкімі аппараты лауазымды тұлғаларының жеке және заңды тұлғаларды қабылдауын ұйымдастыру және заңды тұлғаларды, азаматтарды жеке мәселелері бойынша жеке қабылдау барысында берілген өтініштер мен тапсырмалардың мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, оның ішінде ауылдық деңгейдегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға бақылауды жүзеге асыру;

30) аудан әкімінің қатысуымен награда мәселесі бойынша шаралардың өткізілуін үйлестіру;

31) жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын жоспарлау және ұйымдастыру;

32) мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

33) мемлекеттік органның кадрларының кәсіби дамыу, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолымен қамтамасыз ету;

34) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

35) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету, қызметтік тексерістерді жүргізу, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту жүргізу, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде);

36) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру;

37) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, қабылдау, талдау және бөлу;

39) өтініштерді талдау және өтініш берушілермен көтерілген жүйелік мәселелерді анықтау

39) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3

3. «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

18. «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

21. «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:

1) «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және жалпы басшылықты жүзеге асырады;

2) аудан әкімімен тағайындалатын лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізеді;

3) аудан әкімдігінің және әкімнің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;

4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және қызметтік құжаттарға қол қояды;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын аппарат қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

6) «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесіндегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

7) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі мен қаражатына билік етеді;

8) шарттар мен келісімдер жасайды, есептік құжаттарға қол қояды, сенімхаттар береді;

9) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.

3

3. «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi

23. Аппараттың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін. Аппараттың мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының Заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. Аппаратқа бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлімнің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспарыбойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. «Алматы облысы, Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату.

26. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.