Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О предоставлении мер социальной поддержки

Өзге акт · № 564 · қабылданған 12.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229003/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О предоставлении мер социальной поддержки Күшіне енбеген 12.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О предоставлении мер социальной поддержки

Күшіне енбеген Өзге акт № 564 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении мер социальной поддержки
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
564
Қабылданған күні
12.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
30.08.2026
Көрсетілген редакция
12.08.2026 229003_835312.kaz
Соңғы өзгеріс
12.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26LG00564M
ЭКБ идентификаторы
229003
Редакция идентификаторы
229003_835312
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
20.08.2026 03:31
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 30.08.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №9946 болып тіркелген) сәйкес Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жаңақорған ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне келесі әлеуметтік шаралар ұсынылсын:

1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

ауданның әкімшілік орталығына (Жаңақорған кентіне) келген мамандар үшін - айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауданның басқа ауылдық елді мекендеріне келген мамандар үшін - айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.