Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы

Бұйрық · № 409 · қабылданған 14.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229011/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Күшіне енбеген 14.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в некоторые приказы

Күшіне енбеген Бұйрық № 409 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
409
Қабылданған күні
14.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
31.08.2026
Көрсетілген редакция
14.08.2026 I229011_0.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039614
ЭКБ идентификаторы
229011
Редакция идентификаторы
I229011_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
21.08.2026 03:30
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

0 Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе)

Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрі
2026 жылғы 14 тамыздағы
№ 409 бұйрығына
қосымша
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
(бұдан әрі – Тізбе)

1. «Өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27692 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасы Тізбенің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасы Тізбенің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Индустриялық дамуды бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 мамырдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28104 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Индустриялық дамуды бағалау әдістемесінде:
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) орталық мемлекеттік органдардың, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, ұлттық даму институттарының, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысушы өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің, оны ішінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша ұсынылатын ақпараты»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) есепті жылдан кейінгі жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей индустриялық дамуды талдау мен бағалау үшін талап етілетін деректердің сипатына байланысты орталық мемлекеттік органдарға, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, ұлттық даму институттарына, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысушы өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне ағымдағы жағдай, реттеуші салалардағы тенденциялар, проблемалар, сондай-ақ оларды шешу тәсілдері туралы ақпарат ұсыну туралы сұрау жібереді.
6. Орталық мемлекеттік органдар, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, ұлттық даму институттары, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысушы өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін уәкілетті органға ақпарат ұсынады.»;
11-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

3. «Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 14 маусымдағы № 337 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28455 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлттық баяндаманы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) «Индустриялық дамуды бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 мамырдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28104 болып тіркелген) сәйкес жүргізілетін индустриялық дамуды бағалау және «Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 297 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28262 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылатын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары берген ақпарат қорытындылары бойынша қалыптастырады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдардың және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ақпарат беру тәртібі
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
5. Уәкілетті орган жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей орталық мемлекеттік органдарға (Ұлттық баяндаманы әзірлеу мақсаттары үшін талап етілетін деректердің сипатына қарай), сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін ақпарат беру туралы сұратулар жібереді.
6. Орталық мемлекеттік органдар (Ұлттық баяндаманы әзірлеу мақсаттары үшін талап етілетін деректердің сипатына қарай), сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Ұлттық баяндаманы жасау үшін құзыреті шеңберінде жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін ақпарат ұсынады.
7. Орталық мемлекеттік органдар, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға беретін ақпарат қажетті қосалқы материалдармен (кестелер, диаграммалар, графиктер, суреттер, фотосуреттер) толықтырылған талдамалық жазба түрінде қалыптастырылады»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдар, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұсынған ақпаратты жинауды, қорытуды, талдауды ұйымдастырады.
10. Ұлттық баяндаманы дәйекті, толық және жан-жақты ақпарат негізінде әзірлеуді қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган ақпарат келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей, тиісті орталық мемлекеттік органдарға, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына қосымша сұрау салулар жібереді.
Уәкілетті органнан қосымша сұратуды алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде орталық мемлекеттік органдар, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға тиісті ақпаратты жібереді.»

4. «Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді жасасу және бұзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 14 маусымдағы № 339 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28454 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді жасасу және бұзу қағидаларының 1-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

1 Тізімге 1-қосымша

Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің 2022 жылғы
14 сәуірдегі № 208 Бұйрыққа
1-қосымша
Өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсынылады
Әкімшілік деректер нысаны www.mps.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
«Өнеркәсіпті олардың экономикалық көрсеткіштері бөлігінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері туралы мәліметтер»
Есепті кезең: 20___ жыл
Индексі: 1-ЭК
Кезеңділігі: жылдық
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар: Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілері
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жылына бір рет, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін
Ин­ду­стри­я­лық-ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет­ті мем­ле­кет­тік ын­та­лан­ды­ру­ға қа­ты­са­тын ин­ду­стри­я­лық-ин­но­ва­ци­я­лық жүйе субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы
Өнер­к­ә­сіп­ті мем­ле­кет­тік ын­та­лан­ды­ру ша­ра­сы­ның ата­уы (бұ­дан әрі – ша­ра­лар)
Өнер­к­ә­сіп­ті мем­ле­кет­тік ын­та­лан­ды­ру ша­ра­ла­рын ал­ған өнер­к­ә­сіп­тік-ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы
Биз­нес сәй­кестен­ді­ру но­ме­рі
Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің бар­лық түр­ле­рі­нің ор­тақ жік­те­у­ші­сі (бұ­дан әрі – ЭҚОЖ)
Қыз­мет тү­рі (үштаң­ба­лы ЭҚОЖ)
Ел ата­уы
1
2
3
4
5
6
7
Бар­лы­ғы
Ор­та­ша мән
Кестенің жалғасы
Өңір об­лыс, қа­ла)
Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің код­тық сы­нып­та­уы­шы
Алын­ған ша­ра­ның кө­ле­мі, мың тең­ге
Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның ко­ды
Экс­порт­та­ла­тын ел­дер са­ны
Өт­кен ке­зең, мың тең­ге
Есеп­ті ке­зең, мың тең­ге
Есеп­ті ке­зең­ді өт­кен ке­зең­мен са­лы­сты­ру, %
8
9
10
11
12
13
14
Кестенің жалғасы
Экс­порт­та­ла­тын ел­дер­дің ата­уы
Экс­порт­тық тү­сім кө­ле­мі
Ең­бек өнім­ді­лі­гі
Жал­пы қо­сы­л­ған құн­ның кө­ле­мі
Өт­кен ке­зең
Есеп­ті ке­зең,
Өт­кен ке­зең, мың тең­ге
Есеп­ті ке­зең, мың тең­ге
Есеп­ті ке­зең­ді өт­кен ке­зең­мен са­лы­сты­ру, %
Өт­кен ке­зең, мың тең­ге/адам
Есеп­ті ке­зең, мың тең­ге/адам
Есеп­ті ке­зең­ді өт­кен ке­зең­мен са­лы­сты­ру, %
Өт­кен ке­зең, мың тең­ге
Есеп­ті ке­зең, мың тең­ге
Есеп­ті ке­зең­ді өт­кен ке­зең­мен са­лы­сты­ру, %
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
Кестенің жалғасы
Са­лық ауда­рым­да­ры­ның кө­ле­мі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да са­тып алушы­лар­ға өнім­ді са­ту­дан алын­ған тү­сім­нің кө­ле­мі
Өн­ді­рі­стің оқ­ша­у­ла­нуы және / неме­се ел ішін­де­гі құн­ды­лы­ғы
Өт­кен ке­зең, мың тең­ге
Есеп­ті ке­зең, мың тең­ге
Есеп­ті ке­зең­ді өт­кен ке­зең­мен са­лы­сты­ру, %
Өт­кен ке­зең, мың тең­ге/адам
Есеп­ті ке­зең, мың тең­ге/адам
Есеп­ті ке­зең­ді өт­кен ке­зең­мен са­лы­сты­ру, %
Өт­кен ке­зең, %
Есеп­ті ке­зең, %
Есеп­ті ке­зең­ді өт­кен ке­зең­мен са­лы­сты­ру, %
26
27
28
29
30
31
32
33
34
Кестенің жалғасы
Та­быс кө­ле­мі
Өнім­ді са­ту­дан түс­кен ва­лю­та­лық тү­сім кі­рі­сте­рі­нің кө­ле­мі
Өт­кен ке­зең, мың тең­ге
Есеп­ті ке­зең, мың тең­ге
Есеп­ті ке­зең­ді өт­кен ке­зең­мен са­лы­сты­ру, %
Өт­кен ке­зең, мың тең­ге/адам
Есеп­ті ке­зең, мың тең­ге/адам
Есеп­ті ке­зең­ді өт­кен ке­зең­мен са­лы­сты­ру, %
35
36
37
38
39
40
Атауы (респонденттің) ____________________________________________
Мекенжайы (респонденттің) _______________________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға:
_______________________________________________________ _________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Орындаушы:____________________________________________ _________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Орындаушының телефон нөмірі, электрондық мекенжайы: _____________
Күні «____» ___________ 20__ жыл
Ескертпе: Өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Өнеркәсіпті олардың экономикалық көрсеткіштері бөлігінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы Нысанға қосымшада келтірілген.

1.1 Өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Өнеркәсіпті олардың экономикалық көрсеткіштері бөлігінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері туралы мәліметтер« нысанына қосымша

Өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Өнеркәсіпті олардың экономикалық көрсеткіштері бөлігінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1. Өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Өнеркәсіпті олардың әлеуметтік көрсеткіштері бөлігінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері туралы мәліметтер» нысанның (бұдан әрі – Нысан) 1-бағанында өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісінің атауы көрсетіледі.

2. Нысанның 2-бағанында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының атауы көрсетіледі.

3. Нысанның 3-бағанында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің атауы көрсетіледі.

4. Нысанның 4-бағанында субъектінің бизнес сәйкестендіру номері көрсетіледі.

5. Нысанның 5-бағанында экономикалық қызметтің барлық түрлерінің ортақ жіктеушісінің белгілеу коды көрсетіледі.

6. Нысанның 6-бағанында қызмет түрі (үштаңбалы ЭҚОЖ) көрсетіледі.

7. Нысаннын 7- бағанында мемлекет атауы көрсетіліді.

8. Нысанның 8-бағанында өңір (облыс, қала) көрсетіледі.

9. Нысаннын 9-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілердің кодтық классификаторы көрсетілген.

10. Нысанның 10-бағанында алынған шараның көлемі көрсетіледі, мың тенге.

11. Нысанның 11-бағанында сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының белгілеу коды бар кәсіпорынның өндірілетін өнімінің атауы көрсетіледі.

12. Нысанның 12, 13, 14-бағандарында есепті кезеңді өткен кезеңмен салыстырумен, % қатар өткен және есепті кезең экспортталатын елдердің саны көрсетіледі.

13. Нысанның 15, 16- бағандарында өткен және есепті кезеңде экспортталатын елдердің атауы көрсетіледі.

14. Нысанның 17, 18, 19-бағандарында есепті кезеңді өткен кезеңмен салыстырумен, % қатар өткен және есепті кезең экспорттық түсімнің көлемі көрсетіледі, мың теңге.

15. Нысанның 20, 21, 22-бағандарында есепті кезеңді өткен кезеңмен салыстырумен, % қатар өткен және есепті кезеңнің еңбек нәтижелілігін сипаттайтын көрсеткіш көрсетіледі, мың теңге/адам.

16. Нысанның 23, 24, 25- бағандарында есепті кезеңді өткен кезеңмен салыстырумен, % қатар өткен және есепті кезең жалпы қосылған құнның көлемі көрсетіледі, мың теңге.

17. Нысанның 26, 27, 28-бағандарында есепті кезеңді өткен кезеңмен салыстырумен, % қатар өткен және есепті кезеңнің барлық деңгейдегі бюджеттерге салық аударымдарының жалпы көлемі көрсетіледі, мың теңге.

18. Нысанның 29, 30, 31-бағандарында есепті кезеңді өткен кезеңмен салыстырумен, % қатар өткен және есепті кезең Қазақстан Республикасының аумағында сатып алушыларға өнімді сатудан түскен түсімнің көлемі көрсетіледі, мың теңге/адам.

19. Нысанның 32, 33, 34-бағандарында есепті кезеңді өткен кезеңмен салыстырумен, % қатар өткен және есепті кезеңнің өндірістің оқшаулануы және/немесе ел ішіндегі құндылығы көрсетіледі.

20. Нысанның 35, 36, 37-бағандарында есепті кезеңді өткен кезеңмен салыстырумен, % қатар өткен және есепті кезеңнің кіріс көлемі көрсетіледі.

21. Нысанның 38, 39, 40- бағандарында есепті кезеңді өткен кезеңмен салыстырумен, % қатар өткен және есепті кезең өнімді сатудан түскен валюталық түсім кірістерінің көлемі көрсетіледі, мың теңге.

2 Тізімге 2-қосымша

Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің 2022 жылғы
14 сәуірдегі № 208 Бұйрыққа
2-қосымша
Өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректертерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсынылады.
Әкімшілік деректер нысаны www.mps.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
«Өнеркәсіпті олардың әлеуметтік көрсеткіштері бөлігінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері туралы мәліметтер»
Есепті кезең: 20___ жыл
Индексі: 2-ӘК
Кезеңділігі: жылдық
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар: индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілері
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жылына бір рет есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін
Ин­ду­стри­я­лық-ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет­ті мем­ле­кет­тік ын­та­лан­ды­ру­ға қа­ты­са­тын ин­ду­стри­я­лық-ин­но­ва­ци­я­лық жүйе субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы
Өнер­к­ә­сіп­ті мем­ле­кет­тік ын­та­лан­ды­ру ша­ра­сы­ның ата­уы (бұ­дан әрі – ша­ра­лар)
Өнер­к­ә­сіп­ті мем­ле­кет­тік ын­та­лан­ды­ру ша­ра­ла­рын ал­ған өнер­к­ә­сіп­тік-ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы
Биз­нес сәй­кестен­ді­ру но­ме­рі
Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
Өт­кен ке­зең, бір­лік
Есеп­ті ке­зең, бір­лік
Есеп­ті ке­зең­ді өт­кен ке­зең­мен са­лы­сты­ру, %
1
2
3
4
5
6
7
Бар­лы­ғы
Ор­та­ша мәні
Кестенің жалғасы
Бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру­дан өт­кен ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық және өн­ді­рі­стік пер­со­нал қыз­мет­кер­ле­рі­нің са­ны
Әле­умет­тік са­лық кө­ле­мі
Өт­кен ке­зең, бір­лік
Есеп­ті ке­зең, бір­лік
Есеп­ті ке­зең­ді өт­кен ке­зең­мен са­лы­сты­ру, %
Өт­кен ке­зең, мың тең­ге
Есеп­ті ке­зең, мың тең­ге
Есеп­ті ке­зең­ді өт­кен ке­зең­мен са­лы­сты­ру, %
8
9
10
11
12
13
Атауы (респонденттің) ____________________________________________
Мекенжайы (респонденттің) _______________________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға:
________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Орындаушы: ____________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Орындаушының телефон нөмірі, электрондық мекенжайы: ______________
Күні «____» ___________ 20__ жыл
Ескертпе: Өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Өнеркәсіпті олардың әлеуметтік көрсеткіштері бөлігінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

2.1 Өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Өнеркәсіпті олардың әлеуметтік көрсеткіштері бөлігінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері туралы мәліметтер» нысанына қосымша

Өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Өнеркәсіпті олардың әлеуметтік көрсеткіштері бөлігінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1. Өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Өнеркәсіпті олардың әлеуметтік көрсеткіштері бөлігінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері туралы мәліметтер» нысанның (бұдан әрі – Нысан) 1-бағанында өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісінің атауы көрсетіледі.

2. Нысанның 2-бағанында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының атауы көрсетіледі.

3. Нысанның 3-бағанында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің атауы көрсетіледі.

4. Нысанның 4-бағанында субъектінің бизнес сәйкестендіру номері көрсетіледі.

5. Нысанның 5, 6, 7-бағандарында есепті кезеңді өткен кезеңмен салыстырумен, % қатар өткен және есепті кезең өткен және есепті кезең құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

6. Нысанның 8, 9, 10-бағандарында есепті кезеңді өткен кезеңмен салыстырумен, % қатар өткен және есепті кезең біліктілікті арттырудан өткен инженерлік-техникалық және өндірістік персонал қызметкерлерінің саны көрсетіледі.

7. Нысанның 11, 12, 13-бағандарында есепті кезеңді өткен кезеңмен салыстырумен, % қатар өткен және есепті кезең әлеуметтік салық көлемі көрсетіледі, мың теңге.

_______________