Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 736 · қабылданған 18.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229025/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста 18.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы № 736 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
736
Қабылданған күні
18.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
18.08.2026
Көрсетілген редакция
18.08.2026 229025_835359.kaz
Соңғы өзгеріс
18.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2600000736
ЭКБ идентификаторы
229025
Редакция идентификаторы
229025_835359
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:09
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1. «Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажеттi көмек көрсететiн мамандандырылған қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 450 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.
«Барыс» республикалық құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Алматы қаласы
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
».

2. «Министрліктердің аумақтық органдары мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі адам саны ескерілген штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің аумақтық органдары мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі адам саны ескерілген штат санының лимиттерінде, сондай-ақ министрлер орынбасарларының шекті санында:
қызмет бабында пайдалану үшін.

3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
16-тармақ:
мынадай мазмұндағы 54-1), 54-2), 54-3), 54-4) және 54-5) тармақшамен толықтырылсын:
«54-1) шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
54-2) шағын көлемді кемеде кеме құжаттарының болуын тексереді;
54-3) жеке және заңды тұлғалардың шағын көлемді кеменің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақтауын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, олардың бұзылуын анықтау және жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдауды жүзеге асырады;
54-4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда шағын көлемді кемелерді әкімшілік ұстауды жүзеге асырады, шағын көлемді кемелерді жете тексеруді жүргізеді;
54-5) мемлекеттік органдарға көлік оқиғаларының, шағын көлемді кемені пайдалану қағидаларын бұзудың алдын алу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізеді;»;
Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Барыс» республикалық құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
________________________________