Қолданыстағы ред. 04.04.2005 (Редакция 22903_347158.kaz)

Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органдардың қызметі туралы от 04.04.2005 г. № 307 (Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органдардың қызметі туралы)

0

Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органдардың қызметі туралы
Ақтөбе облысы санитарлық-эпидемиологиялық мемлекеттік бақылау департаменті қалалық бөлімінің бастығы Н. А. Беркімбаеваның баяндамасын тыңдап және талқылап, қала әкімдігі 2004 жылы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы және тұрақтануы бойынша белгілі бір жұмыстар атқарылғанын атап өтеді. Бірқатар жұкпалы аурулар бойынша ауыру төмендеген, оның ішінде жұқпалы өткір ішек ауруы 1,2 есеге; өткір іш ауруы - 1,5 есеге; туберкулез - 1,1; қышыма 24,6 пайыз. Қырылдауық, полиомиелит, іш сүзегі, безгек, столбняк, геморрагиялық лихорадка, туляремия, сібір язвасымен ауыру оқиғалары тіркелмеген.
Қабылданған шараларға қарамастан жұқпалы өткір ішек ауруы бойынша оның ішінде 2 жасқа дейінгі балалар арасында, қалада облыстық көрсеткіштен асып кетті, оқушылар арасында вирусты гепатит, бруцеллез тіркеу жалғасуда.
Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай қиын болып тұроның ішінде жасөспірімдер арасында 2 оқиғаға көбейген. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарды күштеп емдеу мәселесі шешілген жоқ.
Қалада егеуқұйрықтар мен тышқан тұқымдас кеміргіштердің барлық жерлерде таралуына байланысты қолайсыз эпизоотологиялық жағдай қалыптасуда. Әлі де болса көптеген су құбырлары құрылымдары санитарлық талаптарға сай келмейді, қоғамдық тамақтану, сауда, білім мекемелері объектілерінің санитарлық-гигиеналық жағдайының жақсаруына қол жеткен жоқ.
«Халықтың денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бөлігінде 1 жасқа дейінгі сәбилерді балалар сүт тағамдарымен толық қамту проблемасы шешілген жоқ, жалпы білім беретін мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту төмен деңгейде.
Ақтөбе қаласында өнеркәсіп өндірісі мен автокөліктің дамуына байланыты атмосфералық ауаның ластануы елеулі проблема болып қалып отыр.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде: Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңның 8 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 бабтарына сәйкес кала әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:

1

1. Селолық округ әкімдері: облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы № 6 шешімімен бекітілген халықты сумен қамтамасыз етуді жақсартатын, су құбырлары, қоғамдық құдықтар және басқа су көздерінің санитарлық-техникалық жағдайларын тиісті жағдайға келтіру мәселелерін қарастыратын, «Ауыз су» салалық бағдарламаны жүзеғе асыру жөніндегі қажетті шаралар қабылдасын;
халық арасында ветеринардың куәландыруынсыз және бақылауынсыз ауыл шаруашылық өнімдерін (ет және басқа мал өнімдері шикізаты) сатуға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;
әр селолық (ауылдық, поселкелік) елді мекенде мал өлекселерін қызметін жер құрылысы мен күтімін қамтамасыз етсін;
селолық округтер мен елді мекендерде монша ашу жөніндегі шарлар қабылдасын;
облыстағы туберкулезге қарсы күрестің 2003 жылғы 8 желтоқсанда бекітілген іс-шаралар жоспарын, туберкулездің алдын алу жөніндегі 2003 жылғы 15 қазанда бекітілген іс шаралар жоспарын мүлтіксіз орындасын.

2

2. Су құбырлары иелері мен меншік түріне қарамастан барлық ұйым
басшылары: су құбыры объектілерін тиісті санитарлық-техникалық жағдайға келтірсін;
жұмыс істемей тұрған су құбырлары жұмысын қалпына келтіру, санитарлық күзет аймағында және басқа су қабылдағыш объектілеріне жөндеу жүргізсін.

3

3. Меншік түріне қарамастан барлық ұйым басшылары: базарларда, сауда, павильондарда және басқа сауда объектілерінде санитарлық тәртіпті қамтамасыз етсін, азық-түлік шикізатымен тамақ өнімдерін оның сапасын куәландыратын құжаттарсыз сатуға тыйым салынсын.

4

4. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы У. Досаев: атмосфералық ауаның автомобиль көліктерінің ластауын төмендету жөнінде шаралар қабылдасын, газ жөніндегі отынға көшу туралы сұрақты қарастырсын;
Ақтөбе қаласының даңғылдары мен орталық көшелеріндегі көлік қозғалысын азайту туралы мәселені шешсін;
жер қойнауы байлықтары мен табиғи ресурстарды өнеркәсіп кәсіпорындарының қалдықтарымен ластануына жол бермеуді қамтамасыз ету және бақылауды күшейтсін;
Ақтөбе қаласы бойынша 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

5

5. Ақтөбе облысы ІІБ қалалық жол полиция бөлімі бастығы Б. Жанғабылов: автомобиль көліктерінің техникалық байқаудан өтуіне бақылауды күшейтсін;
тозығы жеткен автокөлік құралдарының пайдалануына тыйым салу туралы мәселені шешсін.

6

6. Ақтөбе облысы санитарлық-эпидемиологиялық мемлекеттік бақылау департаменті қалалық бөлімінің бастығы Н. А. Беркімбаева: каладағы санитарлық-эпидемиолоғиялық ситуацияның тұрақтылығын қамтамсыз ету жөнінде шаралар қабылдасын, аумақтар мен объектілердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына бақылауды күшейтсін;
тамақ өнімдерін шығаратын және өткізетін, сондай-ақ халықты сумен жабдықтау көздері мен объектілерін пайдалану ұйым басшыларына эпидемиологияға қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру жөнінде талап күшейтілсін.

7

7. «Қалалық білім және спорт болімі» мемлекеттік мекемесі бастығы Г. Шөмекеева: «Ауыл мектебі» республикалық бағдарламасын жүзеге асыруды, оның ішінде білім беру объектілерін қайта жаңғырту және жаңасын енгізуді қамтамасыз етсін;
жас көрсеткіштерінің өсімін есепке ала отырып, білім беру объектілерін жиһазбен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын: компьютер кластарын арнайы жиһазбен жүз пайыз қамтамасыз ету;
оқушылардың 75 пайызын ыстық тамақпен қамту жөніндегі шаралар қабылдасын және диспансерлік есепте түрған балаларды диеталық тамақпен қамтамасыз ету мәселесін шешсін;
оқушылардың медициналық байқауын сапалы ұйымдастыру мен өткізуді және олардың жүз пайыз сауығуын қамтамасыз етсін;
білім беру қызметкерлерінің флюорографиялық тексерілуін жүз пайыз қамтуды қамтамасыз етсін;
мектептерде стоматологиялық бөлмелер ашу жөніндегі сұрақты шешсін;
медициналық бөлмелерді медициналық құрал жабдықтармен және медикаменттермен жабдықтасын.

8

8. Селолық округ әкімдері, қоғамдық тамақтану, сауда кәсіпорындары, су құбырлары құрылғыларының барлық меншік түріндегі шаруашылық субъектілері, Ақтөбе облысы санитарлық-эпидемиологиялық мемлекеттік бақылау департаменті қалалық бөлімінің бастығы Е. Л. Беркімбаева, «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы У. Досаев, «Қалалық білім және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы Г. Шөмекеева, Ақтөбе облысы ІІБ қалалық жол полиция бөлімі бастығы Б. Жанғабылов қала әкіміне осы аулының орындалу барысы туралы ақпаратты 2005 жылдың 1 шілдесіне дейін берсін.

9

9. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары С. Қалдығұловаға жүктелсін.