Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута в пользу филиала «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед, Казахстан» для проведения геологоразведочных работ и разведки углеводородов

Қаулы · № 227 · қабылданған 13.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229033/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута в пользу филиала «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед, Казахстан» для проведения геологоразведочных работ и разведки углеводородов Қолданыста 13.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении публичного сервитута в пользу филиала «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед, Казахстан» для проведения геологоразведочных работ и разведки углеводородов

Қолданыста Қаулы № 227 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута в пользу филиала «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед, Казахстан» для проведения геологоразведочных работ и разведки углеводородов
Атауы (қаз.)
«Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед, Казахстан» филиалы пайдасына геологиялық зерттеу және көмірсутектерді барлау жұмыстарын жүргізу үшін жария сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
227
Қабылданған күні
13.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
21.08.2026
Көрсетілген редакция
13.08.2026 229033_840957.kaz
Соңғы өзгеріс
13.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26CC00227A
ЭКБ идентификаторы
229033
Редакция идентификаторы
229033_840957
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:10
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед, Казахстан» филиалы пайдасына геологиялық зерттеу және көмірсутектерді барлау жұмыстарын жүргізу үшін жария сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабының 4 тармағының 7-1 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі баскару туралы» Заңының 31, 37- баптарын басшылыққа ала отырып, «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед, Казахстан» өтініші негізінде, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед, Казахстан» филиалына, Алға ауданы Қарақобда ауылдық округі, Қарағаш ауылдық округі, Тамды ауылдық округі, Қарабұлақ ауылдық округі жер учаскелері шегінде жалпы көлемі: 553 гектар жер учаскесінде жеке меншік иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып коймай геологиялық зерттеу және көмірсутектерді барлау жұмыстарын жүргізу үшін 2032 жылдың 1 тамызына дейін уақытша өтеулі ұзақ мерзім құқығына қауымдық сервитут белгіленсін.

2. «Ақтөбе облысы Алға аудандық жер қатынастары бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды камтамасыз етсін.

3. «Актөбе облысы Алға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер есебі құжаттарына өзгертулер енгізіп, жер учаскелерін жалға алу туралы келісім шарт жасасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа еңгізіледі.