Қолданыстағы ред. 22.04.2005

«Қала аумағының көріктендіруін үздік қамтамасыз етуге!» қалалық конкурсын өткізу туралы от 22.04.2005 г. № 456 («Қала аумағының көріктендіруін үздік қамтамасыз етуге!» қалалық конкурсын өткізу туралы)

0

«Қала аумағының көріктендіруін үздік қамтамасыз етуге!» қалалық конкурсын өткізу туралы
«Ақтөбе - 2005» кешенді Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ қаладағы санитарлық - эпидемиологиялық ахуалды, оның сыртқы келбетін жақсарту, жасыл қорды ұлғайту және сақтау, көркейту мәселелерін шешуге тұрғындарды көптеп тарту мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 және 37 баптары негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:

1

1. «Қала аумағының көріктендіруін үздік қамтамасыз етуге!» қалалық конкурсы 5 номинация бойынша өткізілсін:

1

1) «Ең үздік аумактық округ» аумақтық округтер арасындағы конкурс;

2

2) «Ең үздік кәсіпорын, ұйым, мекеме» меншік түріне қарамастан қала кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелері арасындағы конкурс;

3

3) «Ең үздік көп пәтерлі үй» көп қабатты құрылыс үйлері арасындағы конкурс;

4

4) «Ең үздік жеке үй» жеке үй құрылыстары арасындағы конкурс;

5

5) «Ең үздік аула сыпырушы» үй сыпырушылар арасындағы конкурс.

2

2. Конкурс екі турда өткізілсін:

1

1) бірінші тур - 2005 жылғы сәуірден мамырға дейін.

2

2) екінші тур - 2005 жылғы маусымнан желтоқсанға дейін.

3

3. Конкурсты өткізу шарты бекітілсін (1, 2, 3, 4, 5 - қосымшалар).

4

4. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін (6 - қосымша).

6

6. Қала әкімі аппаратының әлеуметтік және ақпараттық – талдау жұмыстары бөлімі (Омутных Е. В.) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы материалдарды тұрақты жариялап, конкурстардың ақпараттық жарияланымын қамтамасыз етсін.

7

7. Барлык номинациялар бойынша жеңімпаздарга сыйакы қарастыру қала әкімінің алғыс хаты мен құрмет дипломдары берілсін.

8

8. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары С. М. Қалдығұловаға жүктелсін.

15

Қала әкімдігінің
2005 жылғы «22» сәуірдегі
№ 456 қаулысына
№ 1 ҚОСЫМША
«Ең үздік аумақтық округ» номинациясы бойынша конкурс шарты
«Ең үздік аумақтық округ» атағына арналған қалалық конкурсқа келесі талаптарға сәйкес аумақтық округтер қатыса алады:

1

1. Аумақтық округтегі барлық алаңдарды көркейту және санитарлық тазалағы.

2

2. Қолда бар алаңдардың барлығының көгалдандырылуы, қылқан жапырақты, жапырақты ағаштар, бұталар, екпе шөптер егілуі, гүл алаңдарының, көркем - эстетикалық гүл алаңдарының, гүлзарлардың түр-түрінің болуы.

3

3. Контейнер алаңдарының санитарлық - гигиеналық талаптарға сәйкес жабдықталуы. Орналастыру, санитарлық тазалау және округ аумағынан тұрмыстық қатты қалдықтардың шығарылуы.

4

4. Көшені жарықтандыру, маңдайшадағы жазулар, шағын сәулеттік бекіндер, балалар алаңдары, егде адамдар үшін демалыс орындары мәселелерін шешу.

5

5. Жүріс бөлігі мен тротуарлар, кіре беріс жолдар жағдайының тиісті мен ережелерге сәйкестігі.

6

6. Үйлер, кіре берістер жағдайы, көше атаулары, үйлер, кіре берістер, үйлер нөмірлерінің жазылуы.

7

7. «Арнаулыавтокөлік» АҚ - мен тұрмыстық қатты қалдықтарды жасалған келісім - шарттар пайызының анағұрлым көбірек болуы.

8

8. Әшекейлі шырағдандар орнату, балалар алаңдарының болуы.
Қорытындыларды шығарған кезде ауданына қарай округтің орналасқан жері
ескерілетін болады.
Бірінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшін ақшалай сыйақы және
қала әкімінің алғыс хаты белгіленген.
Екінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшін ақшалай қала әкімінің алғыс хаты, қала әкімдігінің құрмет дипломдары белгіленген.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырыстар белгіленген үлгіде номинациясын қатысушының нақты мекен-жайы көрсетілген түрде қабылданады.

24

Қала әкімдігінің
2005 жылғы «22» сәуірдегі
№ 456 қаулысына
№ 2 ҚОСЫМША
«Қаланың үздік кәсіпорыны, мекемесі, оқу орыны» номинациясы бойынша конкурс шарттары
«Үздік кәсіпорын, мекеме, оқу орыны» қалалық байқауында меншік түрі қарамастан қаланың экологиялық ортасын жақсарту, көгалдандыру сұрақтарымен белсенді айналысатын және келесі талаптарға сай келетін кез кәсіпорын, мекеме, оқу орыны қатыса алады:

1

1. Кәсіпорын, мекеме, оқу орыны аумағының және жалпы пайдаланудағы қосымша жерлерді көгалдандыру, тазалау және көріктендіру, таңғы сәулеттік келбет, жарықтандыру.

2

2. Жапырақты, қылқан жапырақ тұқымдас ағаштар мен бұта ағаштарының алуан түрлілігі.

3

3. Екпе шөптер мен вазондар, гүлзарлардың бар болуы.

4

4. Соңғы үлгідегі эстетикалық және биологиялық нормаларға сәйкес ағаштар мен бұталарды көркемдеп қию.
Кәсіпорын, мекеме жұмысшылары, оқу орындары оқушылары бос уақытында демалуы үшін демалыс орындарын жасау және оны көріктендіру фонтандар, беседка, әшекейлі орындықтар және тағы басқа).
Бірінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшін: бағалы айлықтар, қала әкімінің алғыс хаты белгіленген.
Екінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшін: ақшалай сыйақы, кала әкімінің алғыс хаты, құрмет дипломдары белгіленген.
Қаланың үздік кәсіпорыны, мекемесі, оқу орындарында «Қаланың үздік кәсіпорыны», «Қаланың үздік мекемесі», «Қаланың үздік оқу орыны» табличкалары ілінетін болады.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырыстар белгіленген үлгіде номинациясын және нақты мекен-жайы көрсетілген түрде қабылданады.

29

Қала әкімдігінің
2005 жылғы «22» сәуірдегі
№ 456 қаулысына
№ 3 ҚОСЫМША
«Үздік көп пәтерлі үй» номинациясы бойынша конкурс шарттары
Жыл қабатты құрылысты үйлердің арасында «Менің үйім – қаладағы үздік» қалалық конкурсына қала аумағында орналасқан барлық көпқабатты үйлер қатыса алады.
Жеңімпаз болып конкурстың келесі талаптарына сай келетін үй болады:

1

1. Үй фасадының эстетикалық келбеті: балалар ойын, спорт алаңдары, аймағы, кіші сәулет нысандары бар болуы тиіс.

2

2. Үй маңы аумағының үлгілі күтімі: көріктендіру, қоршау.

3

3. Үйдін инженерлік конструкцияларының, подвалдарының, желілерінің, лифт шаруашылығының үлгілі санитарлық-техникалық күтімі.

4

4. Үй маңы аумағын көріктендіру мен көгалдандыру, гүлзарлар мен пикеттер орналастыру, ағаштар, бұталы ағаштар, шыршалар отырғызу және әктеу. Ағаштардың қураған сабақтарын кесу және ағаштарды қалпына келтіру.

5

5. Үй комитеттері мен түрғындарының үй маңы аумағында сенбілік көріктендіру мен ұйымдастыруға қатысуы.
Бірінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшін: бағалы айлықтар, қала әкімінің алғыс хаты белгіленген.
Екінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшін: ақшалай сыйақы, кала әкімінің алғыс хаты, құрмет дипломдары белгіленген.
Қаланың үздік кәсіпорыны, мекемесі, оқу орындарында «Қаланың үздік кәсіпорыны», «Қаланың үздік мекемесі», «Қаланың үздік оқу орыны» табличкалары ілінетін болады.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырыстар белгіленген үлгіде номинациясын және нақты мекен-жайы көрсетілген түрде қабылданады.

35

Қала әкімдігінің
2005 жылғы «22» сәуірдегі
№ 456 қаулысына
№ 4 ҚОСЫМША
«Үздік жеке үй» номинациясы бойынша конкурс шарттары
Жеке үйлердің арасында «Менің үйім - қаладағы үздік» қалалық конкурсына тазалық, әдемілік, қаланы көріктендіруге жаны ашитын және ауласы мен учаскесі келесі талаптарға сай келетін кез келген үй иесі қатыса алады.
Жеңімпаз болып конкурстың келесі талаптарына сай келетін үй танылады:

1

1. Маңайдағы аумақтың үлгілі санитарлық жағдайы;

2

2. Ғимараттың, шаруашылық қосымша құрылыстары мен қоршаулардың сәулет-құрылыс талаптарына сәйкестігі;

3

3. Жасыл желек, екпе шөп, гүлзарларының жағдайы;

4

4. Тұрғын үй ғимаратының және шаруашылық қосымша құрылыстың сәулеттік келбетін келтіру.

5

5. Мамандандырылған қызметтермен қатты тұрмыстық қалдықтарды
шығаруға келісім шарттың болуы;

6

6. Үй иелерінің өз кварталы, кошесін көріктендіруге белсене қатысуы.
Бірінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшін: бағалы сыйлықтар, қала әкімінің алғыс хаты белгіленген.
Екінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшін: ақшалай
сыйакы, қала әкімінің алғыс хаты, құрмет дипломдары белгіленген.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырыстар белгіленген үлгіде номинациясын
қатысушының нақты мекен-жайы көрсетілген түрде қабылданады.

42

Қала әкімдігінің
2005 жылғы «22» сәуірдегі
№ 456 қаулысына
№ 5 ҚОСЬІМША
«Үздік аула сыпырушы» номинациясы бойынша конкурс шарттары
«Үздік аула сыпырушы» қалалық конкурсына КСК, кондоминимум
ресе қандай да бір мекеме штаты есебіндегі, тазалықпен айналысатын және
келесі талаптарға сай келетін кез келген үй иесі қатыса алады:
Жеңімпаз болып конкурстың келесі талаптарына сай келетін үй танылады:

1

1. Өзінің міндетін адал атқаратын;

2

2. Бекітілген аумақты мұқият тәртіпте күтетін;

3

3. Жасыл желектің, гүлзарлар, клумбалар, бұталар мен екпе шөптердің
күтіміне қарайтын.

4

4. Күзгі-қысқы кезеңдегі және көктемгі-жазғы кезеңдегі мерзімдік жұмыстарды орындайтын.

5

5. Азаматтарға әдептілікпен қарайтын, жұмыс тәртібін, нормасы мен
ержелерін сақтайтын.
Бірінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшін: бағалы салықтар, қала әкімінің алғыс хаты белгіленген.
Екінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшін: ақшалай сыйлықақы, қала әкімінің алғыс хаты, құрмет дипломдары белгіленген.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырыстар белгіленген үлгіде номинациясын
қатысушының нақты мекен-жайы көрсетілген түрде қабылданады.

48. Комиссия мүшелері:

Қала әкімдігінің
2005 жылғы «22» сәуірдегі
№ 456 қаулысына
№ 6 ҚОСЬІМША
«Қала аумағының көріктендіруін үздік қамтамасыз етуге!» конкурсын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі комиссия құрамы
Қалдығұлова Сәния Мұсақызы - Қала әкімініц бірінші орынбасары, комиссия төрайымы
Досаев Уәлихан Маратұлы - «Ақтөбе қаласының түрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығы, комиссия төрайымының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбекқызы - «Ақтөбе облысы санитарлық-эпидемиологиялық мемлекеттік бақылау департаменті» ММ
қалалық бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Боранбаев Нұрлан Ақабайұлы - «Ақтөбе қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ бастығы
Есқазина Роза Рамазанқызы - Қала әкімі аппаратының әкімшілік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара байланыс бөлімі бастығының міндетін атқарушы
Жигулев Владимир Александрович - Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты, «КТП» ЖАҚ бас инженері (келісім бойынша)
Құлтаев Бауыржан Сейхазыұлы - Ақтөбе қаласы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Құттыбаев Сансызбай Құттыбайұлы - Қала әкімінің орынбасары
Малышева Надия Гаррифуловна - Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бастығы
Омутных Евгений Васильевич - Қала әкімі аппаратының әлеуметтік және ақпараттық талдау жұмысы бөлімінің бастығы
Симонов Сергей Анатольевич - Қала әкімі аппаратының басшысы
Темірқұлов Ғалым Сағиұлы - Қала әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің бастығы