«Қала аумағының көріктендіруін үздік қамтамасыз етуге!» қалалық конкурсын өткізу туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қала аумағының көріктендіруін үздік қамтамасыз етуге!» қалалық конкурсын өткізу туралы «Ақтөбе - 2005» кешенді Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ қаладағы санитарлық - эпидемиологиялық ахуалды, оның сыртқы келбетін жақсарту, жасыл қорды ұлғайту және сақтау, көркейту мәселелерін шешуге тұрғындарды көптеп тарту мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 және 37 баптары негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қала аумағының көріктендіруін үздік қамтамасыз етуге!» қалалық конкурсы 5 номинация бойынша өткізілсін:
Тармақша 1
1) «Ең үздік аумактық округ» аумақтық округтер арасындағы конкурс;
Тармақша 2
2) «Ең үздік кәсіпорын, ұйым, мекеме» меншік түріне қарамастан қала кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелері арасындағы конкурс;
Тармақша 3
3) «Ең үздік көп пәтерлі үй» көп қабатты құрылыс үйлері арасындағы конкурс;
Тармақша 4
4) «Ең үздік жеке үй» жеке үй құрылыстары арасындағы конкурс;
Тармақша 5
5) «Ең үздік аула сыпырушы» үй сыпырушылар арасындағы конкурс.
Тармақ 2
2. Конкурс екі турда өткізілсін:
Тармақша 1
1) бірінші тур - 2005 жылғы сәуірден мамырға дейін.
Тармақша 2
2) екінші тур - 2005 жылғы маусымнан желтоқсанға дейін.
Тармақ 3
3. Конкурсты өткізу шарты бекітілсін (1, 2, 3, 4, 5 - қосымшалар).
Тармақ 4
4. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін (6 - қосымша).
Тармақ 6
6. Қала әкімі аппаратының әлеуметтік және ақпараттық – талдау жұмыстары бөлімі (Омутных Е. В.) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы материалдарды тұрақты жариялап, конкурстардың ақпараттық жарияланымын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Барлык номинациялар бойынша жеңімпаздарга сыйакы қарастыру қала әкімінің алғыс хаты мен құрмет дипломдары берілсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары С. М. Қалдығұловаға жүктелсін.
Басқа 15
Қала әкімдігінің 2005 жылғы «22» сәуірдегі № 456 қаулысына № 1 ҚОСЫМША «Ең үздік аумақтық округ» номинациясы бойынша конкурс шарты «Ең үздік аумақтық округ» атағына арналған қалалық конкурсқа келесі талаптарға сәйкес аумақтық округтер қатыса алады:
Тармақ 1
1. Аумақтық округтегі барлық алаңдарды көркейту және санитарлық тазалағы.
Тармақ 2
2. Қолда бар алаңдардың барлығының көгалдандырылуы, қылқан жапырақты, жапырақты ағаштар, бұталар, екпе шөптер егілуі, гүл алаңдарының, көркем - эстетикалық гүл алаңдарының, гүлзарлардың түр-түрінің болуы.
Тармақ 3
3. Контейнер алаңдарының санитарлық - гигиеналық талаптарға сәйкес жабдықталуы. Орналастыру, санитарлық тазалау және округ аумағынан тұрмыстық қатты қалдықтардың шығарылуы.
Тармақ 4
4. Көшені жарықтандыру, маңдайшадағы жазулар, шағын сәулеттік бекіндер, балалар алаңдары, егде адамдар үшін демалыс орындары мәселелерін шешу.
Тармақ 5
5. Жүріс бөлігі мен тротуарлар, кіре беріс жолдар жағдайының тиісті мен ережелерге сәйкестігі.
Тармақ 6
6. Үйлер, кіре берістер жағдайы, көше атаулары, үйлер, кіре берістер, үйлер нөмірлерінің жазылуы.
Тармақ 7
7. «Арнаулыавтокөлік» АҚ - мен тұрмыстық қатты қалдықтарды жасалған келісім - шарттар пайызының анағұрлым көбірек болуы.
Тармақ 8
8. Әшекейлі шырағдандар орнату, балалар алаңдарының болуы. Қорытындыларды шығарған кезде ауданына қарай округтің орналасқан жері ескерілетін болады. Бірінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшін ақшалай сыйақы және қала әкімінің алғыс хаты белгіленген. Екінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшін ақшалай қала әкімінің алғыс хаты, қала әкімдігінің құрмет дипломдары белгіленген. Конкурсқа қатысу үшін тапсырыстар белгіленген үлгіде номинациясын қатысушының нақты мекен-жайы көрсетілген түрде қабылданады.
Басқа 24
Қала әкімдігінің 2005 жылғы «22» сәуірдегі № 456 қаулысына № 2 ҚОСЫМША «Қаланың үздік кәсіпорыны, мекемесі, оқу орыны» номинациясы бойынша конкурс шарттары «Үздік кәсіпорын, мекеме, оқу орыны» қалалық байқауында меншік түрі қарамастан қаланың экологиялық ортасын жақсарту, көгалдандыру сұрақтарымен белсенді айналысатын және келесі талаптарға сай келетін кез кәсіпорын, мекеме, оқу орыны қатыса алады:
Тармақ 1
1. Кәсіпорын, мекеме, оқу орыны аумағының және жалпы пайдаланудағы қосымша жерлерді көгалдандыру, тазалау және көріктендіру, таңғы сәулеттік келбет, жарықтандыру.
Тармақ 2
2. Жапырақты, қылқан жапырақ тұқымдас ағаштар мен бұта ағаштарының алуан түрлілігі.
Тармақ 3
3. Екпе шөптер мен вазондар, гүлзарлардың бар болуы.
Тармақ 4
4. Соңғы үлгідегі эстетикалық және биологиялық нормаларға сәйкес ағаштар мен бұталарды көркемдеп қию. Кәсіпорын, мекеме жұмысшылары, оқу орындары оқушылары бос уақытында демалуы үшін демалыс орындарын жасау және оны көріктендіру фонтандар, беседка, әшекейлі орындықтар және тағы басқа). Бірінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшін: бағалы айлықтар, қала әкімінің алғыс хаты белгіленген. Екінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшін: ақшалай сыйақы, кала әкімінің алғыс хаты, құрмет дипломдары белгіленген. Қаланың үздік кәсіпорыны, мекемесі, оқу орындарында «Қаланың үздік кәсіпорыны», «Қаланың үздік мекемесі», «Қаланың үздік оқу орыны» табличкалары ілінетін болады. Конкурсқа қатысу үшін тапсырыстар белгіленген үлгіде номинациясын және нақты мекен-жайы көрсетілген түрде қабылданады.
Басқа 29
Қала әкімдігінің 2005 жылғы «22» сәуірдегі № 456 қаулысына № 3 ҚОСЫМША «Үздік көп пәтерлі үй» номинациясы бойынша конкурс шарттары Жыл қабатты құрылысты үйлердің арасында «Менің үйім – қаладағы үздік» қалалық конкурсына қала аумағында орналасқан барлық көпқабатты үйлер қатыса алады. Жеңімпаз болып конкурстың келесі талаптарына сай келетін үй болады:
Тармақ 1
1. Үй фасадының эстетикалық келбеті: балалар ойын, спорт алаңдары, аймағы, кіші сәулет нысандары бар болуы тиіс.
Тармақ 2
2. Үй маңы аумағының үлгілі күтімі: көріктендіру, қоршау.
Тармақ 3
3. Үйдін инженерлік конструкцияларының, подвалдарының, желілерінің, лифт шаруашылығының үлгілі санитарлық-техникалық күтімі.
Тармақ 4
4. Үй маңы аумағын көріктендіру мен көгалдандыру, гүлзарлар мен пикеттер орналастыру, ағаштар, бұталы ағаштар, шыршалар отырғызу және әктеу. Ағаштардың қураған сабақтарын кесу және ағаштарды қалпына келтіру.
Тармақ 5
5. Үй комитеттері мен түрғындарының үй маңы аумағында сенбілік көріктендіру мен ұйымдастыруға қатысуы. Бірінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшін: бағалы айлықтар, қала әкімінің алғыс хаты белгіленген. Екінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшін: ақшалай сыйақы, кала әкімінің алғыс хаты, құрмет дипломдары белгіленген. Қаланың үздік кәсіпорыны, мекемесі, оқу орындарында «Қаланың үздік кәсіпорыны», «Қаланың үздік мекемесі», «Қаланың үздік оқу орыны» табличкалары ілінетін болады. Конкурсқа қатысу үшін тапсырыстар белгіленген үлгіде номинациясын және нақты мекен-жайы көрсетілген түрде қабылданады.
Басқа 35
Қала әкімдігінің 2005 жылғы «22» сәуірдегі № 456 қаулысына № 4 ҚОСЫМША «Үздік жеке үй» номинациясы бойынша конкурс шарттары Жеке үйлердің арасында «Менің үйім - қаладағы үздік» қалалық конкурсына тазалық, әдемілік, қаланы көріктендіруге жаны ашитын және ауласы мен учаскесі келесі талаптарға сай келетін кез келген үй иесі қатыса алады. Жеңімпаз болып конкурстың келесі талаптарына сай келетін үй танылады:
Тармақ 1
1. Маңайдағы аумақтың үлгілі санитарлық жағдайы;
Тармақ 2
2. Ғимараттың, шаруашылық қосымша құрылыстары мен қоршаулардың сәулет-құрылыс талаптарына сәйкестігі;
Тармақ 3
3. Жасыл желек, екпе шөп, гүлзарларының жағдайы;
Тармақ 4
4. Тұрғын үй ғимаратының және шаруашылық қосымша құрылыстың сәулеттік келбетін келтіру.
Тармақ 5
5. Мамандандырылған қызметтермен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға келісім шарттың болуы;
Тармақ 6
6. Үй иелерінің өз кварталы, кошесін көріктендіруге белсене қатысуы. Бірінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшін: бағалы сыйлықтар, қала әкімінің алғыс хаты белгіленген. Екінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшін: ақшалай сыйакы, қала әкімінің алғыс хаты, құрмет дипломдары белгіленген. Конкурсқа қатысу үшін тапсырыстар белгіленген үлгіде номинациясын қатысушының нақты мекен-жайы көрсетілген түрде қабылданады.
Басқа 42
Қала әкімдігінің 2005 жылғы «22» сәуірдегі № 456 қаулысына № 5 ҚОСЬІМША «Үздік аула сыпырушы» номинациясы бойынша конкурс шарттары «Үздік аула сыпырушы» қалалық конкурсына КСК, кондоминимум ресе қандай да бір мекеме штаты есебіндегі, тазалықпен айналысатын және келесі талаптарға сай келетін кез келген үй иесі қатыса алады: Жеңімпаз болып конкурстың келесі талаптарына сай келетін үй танылады:
Тармақ 1
1. Өзінің міндетін адал атқаратын;
Тармақ 2
2. Бекітілген аумақты мұқият тәртіпте күтетін;
Тармақ 3
3. Жасыл желектің, гүлзарлар, клумбалар, бұталар мен екпе шөптердің күтіміне қарайтын.
Тармақ 4
4. Күзгі-қысқы кезеңдегі және көктемгі-жазғы кезеңдегі мерзімдік жұмыстарды орындайтын.
Тармақ 5
5. Азаматтарға әдептілікпен қарайтын, жұмыс тәртібін, нормасы мен ержелерін сақтайтын. Бірінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшін: бағалы салықтар, қала әкімінің алғыс хаты белгіленген. Екінші турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшін: ақшалай сыйлықақы, қала әкімінің алғыс хаты, құрмет дипломдары белгіленген. Конкурсқа қатысу үшін тапсырыстар белгіленген үлгіде номинациясын қатысушының нақты мекен-жайы көрсетілген түрде қабылданады.
Басқа 48. Комиссия мүшелері:
Қала әкімдігінің 2005 жылғы «22» сәуірдегі № 456 қаулысына № 6 ҚОСЬІМША «Қала аумағының көріктендіруін үздік қамтамасыз етуге!» конкурсын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі комиссия құрамы Қалдығұлова Сәния Мұсақызы - Қала әкімініц бірінші орынбасары, комиссия төрайымы Досаев Уәлихан Маратұлы - «Ақтөбе қаласының түрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығы, комиссия төрайымының орынбасары Комиссия мүшелері: Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбекқызы - «Ақтөбе облысы санитарлық-эпидемиологиялық мемлекеттік бақылау департаменті» ММ қалалық бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Боранбаев Нұрлан Ақабайұлы - «Ақтөбе қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ бастығы Есқазина Роза Рамазанқызы - Қала әкімі аппаратының әкімшілік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара байланыс бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жигулев Владимир Александрович - Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты, «КТП» ЖАҚ бас инженері (келісім бойынша) Құлтаев Бауыржан Сейхазыұлы - Ақтөбе қаласы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Құттыбаев Сансызбай Құттыбайұлы - Қала әкімінің орынбасары Малышева Надия Гаррифуловна - Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бастығы Омутных Евгений Васильевич - Қала әкімі аппаратының әлеуметтік және ақпараттық талдау жұмысы бөлімінің бастығы Симонов Сергей Анатольевич - Қала әкімі аппаратының басшысы Темірқұлов Ғалым Сағиұлы - Қала әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің бастығы