Қолданыстағы ред. 15.04.2005 (Редакция 22905_347193.kaz)

Ұсақ бөлшек сауда желісін орналастыру жөніндегі комиссия құру туралы от 15.04.2005 г. № 375 (Ұсақ бөлшек сауда желісін орналастыру жөніндегі комиссия құру туралы)

0

Ұсақ бөлшек сауда желісін орналастыру жөніндегі комиссия кұру туралы
Ұсақ бөлшек сауда желілері мен жазғы алаңшаларды орналастыру орнын анықтау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда кызметін реттеу туралы» Заңының 27 бабы 2 тармағының, Ақтөбе қаласы мәслихатының 2004 жылғы 1 маусымдағы № 60 «Ақтөбе қаласындағы ұсақ бөлшек сауда желілері мен жазғы алаңдардың жұмыс қағидасын бекіту туралы» шешімінің және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарының негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1

1. Ұсынылып отырған:
ұсақ бөлшек сауда желісін орналастыру жөніндегі комиссия кұрамы (1 қосымша);
ұсақ бөлшек сауда желісін орналастыру жөніндегі комиссия туралы Ереже бекітілсін (2 қосымша).

2

2. Көрсетілген комиссия 2005 жылғы 20 сәуірден бастап жұмысқа кіріссін.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Қ. Құттыбаевқа жұктелсін.

4. комиссия мүшелері

Қала әкімдігінің
2005 ж. «15» сәуірдегі
№ 375 қаулысына
1 ҚОСЫМША
Ұсақ бөлшек сауда желісін орналастыру жөніндегі комиссия кұрамы
Құттыбаев Сансызбай Құттыбайұлы - қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Айдашева Рузия Әдиетқызы - Ақтөбе қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
комиссия мүшелері
Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбекқызы - Ақтөбе облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаменті қалалық бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Боранбаев Нұрлан Ақабайұлы - Ақтөбе қалалық құрылыс және қала құрылысы бөлімінің бастығы
Досаев Уәлихан Маратұлы - Ақтөбе қалалык тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бастығы

5

Қала әкімдігінің
2005 ж. «15» сәуірдегі
№ 375 қаулысына
2 ҚОСЫМША
Ұсақ бөлшек сауда желісін орналастыру жөніндегі комиссия туралы Ереже

1. 1. Жалпы ереже

1. Жалпы ереже

1

1. Осы Ереже тұрақты негізде жұмыс жасайтын ұсақ бөлшек сауда желісі мен жазгы алаңдар жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді.

2

2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

2. 2. Комиссия қызметінің мақсаты

2. Комиссия қызметінің мақсаты

3

3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты қала аумағындағы ұсақ бөлшек сауда желісі объектілері мен жазғы алаңшаларды (бұдан әрі - Объектілер) тиімді орналастыру және ұсақ бөлшек сауда саласында субъектілердің сауда қызметін
жақсарту жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

3. 3. Комиссияның міндеттері мен кызметтері

3. Комиссияның міндеттері мен кызметтері

4

4. Комиссияның негізгі міндеті Ақтөбе қаласындағы Объектілердің орналасу орындарын анықтау болып табылады.

5

5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

1

1) Объектілерді орналастыру орнын келісу жөнінде шаруашылық субъектілерінен түскен арыздарды қарайды;

2

2) Объектілерді орналастыру орнын келісу жөнінде шешім қабылдайды;

3

3) ұсақ бөлшек сауда желісі туралы Ережені бүзған жағдайда Объектілерді орналастыру орнын келісу жөніндегі шешімді жояды;

4

4) Объектілер қызметі туралы түскен арыздарды қарайды;

5

5) қала аумағында бей-берекет сауданы болдырмау шараларын әзірлейді.

4. 4. Комиссияның құқықтары

4. Комиссияның құқықтары

6

6. Комиссия өзінің кызметтеріне сәйкес:

1

1) Объектілерді орналастыру орнын келісуге;

2

2) Объектілерді орналастыру орнын келісуден бас тартуға;

3

3) ұсак бөлшек сауда желісі туралы Ережені бұзған жағдайда Объектілерді
орналастыру орнын келісу жөніндегі шешімді жоюға;

4

4) баска да мемлекеттік, бақылаушы органдармен, ұйымдармен өзара іс-кимыл жасауға;

5

5) белгіленбеген орындарда сауда жасау туралы мәліметтерді ішкі істер органдарына әкімшілік шара қолдану үшін жіберуге;

6

6) заңдылықтарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдар сұратуға және оларды алуға;

7

7) Комиссияның міндеттері мен кызметтерін іске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басшыларын, ал олар болмаған кезде, бірінші басшының міндетін атқарушы тұлғаларды Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға құқығы бар.

5. 5. Комиссия қызметінің тәртібі

5. Комиссия қызметінің тәртібі

7

7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, Комиссия отырыстарын өткізеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуы үшін жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап береді. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

8

8. Комиссия мүшелерінің отырыстарға қатысу жөніндегі өздерінің өкілеттіктерін басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

9

9. Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес қабылданған Комиссия шешімі, тиісті мемлекеттік органдармен көрсетілген мерзімде міндетті түрде қаралуы және орындалуы тиісті.

10

10. Комиссияның жұмысшы органы «Ақтөбе қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ болып табылады.

11

11. Орналастыру орнын келісу немесе келісудің күшін жою туралы Комиссия шешімі жұмысшы орган арқылы 2 күн ішінде міндетті түрде орындалуы тиіс.
Орналастыру орны келісілген жағдайда, жұмысшы орган арыз берушіге Комиссия шешімін дәләлдейтін құжат береді.
Объектіні орналастыру орны келісілмеген жағдайда, жұмысшы орган арыз берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап береді.

12

12. Комиссия отырыстарының аралығында оның қызметін ұйымдастыру мәселелерін жұмысшы орган шешеді.

6. 6. Комиссия қызметін тоқтату

6. Комиссия қызметін тоқтату

13

13. Комиссия қызметін тоқтатуға негіздеме болып қала әкімдігінің оның қызметін тоқтатуы туралы қаулысы болып табылады.