Об утверждении Правил безвозмездной передачи объектов единой системы снабжения товарным газом, проекта строительства объектов единой системы снабжения товарным газом местными исполнительными органами национальному оператору в сфере газа и газоснабжения или газотранспортной и (или) газораспределительной организации, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат национальному оператору в сфере газа и газоснабжения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил безвозмездной передачи объектов единой системы снабжения товарным газом, проекта строительства объектов единой системы снабжения товарным газом местными исполнительными органами национальному оператору в сфере газа и газоснабжения или газотранспортной и (или) газораспределительной организации, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат национальному оператору в сфере газа и газоснабжения
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті атқарушы органдардың тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін салу жобаcын газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымына өтеусіз беру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 131
- Қабылданған күні
- 18.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 25.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 18.08.2026 229055_835783.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039623
- ЭКБ идентификаторы
- 229055
- Редакция идентификаторы
- 229055_835783
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 25.08.2026 03:30
0
Жергілікті атқарушы органдардың тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін салу жобаcын газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымына өтеусіз беру қағидаларын бекіту туралы
📌 Ескерту. 25.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 4-тармағымен.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 119-4-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін салу жобаcын газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымына өтеусіз беру қағидалары бекітілсін.
2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
0 Жергілікті атқарушы органдардың тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін салу жобасын газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымына өтеусіз беру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2026 жылғы 18 тамыздағы
№ 131 бұйрығымен
бекітілген
Жергілікті атқарушы органдардың тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін салу жобасын газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымына өтеусіз беру қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Жергілікті атқарушы органдардың тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін салу жобасын газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымына өтеусіз беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 119-4-бабына сәйкес әзірленді және жергілікті атқарушы органдардың тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін салу жобасын газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымына өтеусіз беру тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1 1) жергілікті атқарушы орган – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
2 2) тізілімнің веб-порталы – www.e-Qazyna.kz электрондық мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;
3
3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);
4 4) объект – жергілікті атқарушы органдар ұйымға өтеусіз беретін тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілері, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін салу жобасы;
5 5) ұйым – газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымы.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
3 3. Құрылысы, жаңғыртылуы және (немесе) реконструкциясы бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілері пайдалануға енгізілген күнінен бастап бір жыл ішінде ұйымға өтеусіз беріледі.
2 2-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін салу жобасын ұйымдарға өтеусіз беру тәртібі
4 4. Жергілікті атқарушы орган өтеусіз беруге жоспарланып отырған объект туралы ақпаратты құқық белгілейтін құжаттардың және объектіні өтеусіз беру үшін қажетті өзге де құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып тізілімнің веб-порталында жариялайды.
5 5. Ұйым осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ақпарат веб-порталда жарияланған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталы арқылы объектіні өтеусіз қабылдау туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) береді.
Өтініш еркін нысанда объектінің атауы, оның баланс ұстаушысы көрсетіле отырып және мынадай құжаттар қоса беріле отырып ресімделеді:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың көшірмесі, түпнұсқасын салыстырып тексеру үшін ұсына отырып, немесе көрсетілген құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы) көшірмелері, түпнұсқасын салыстырып тексеру үшін ұсына отырып немесе көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері.