Об утверждении Правил ведения кадровых процессов государственных учреждений и субъектов квазигосударственного сектора в цифровой кадровой системе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил ведения кадровых процессов государственных учреждений и субъектов квазигосударственного сектора в цифровой кадровой системе
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кадр процестерін цифрлық кадр жүйесінде жүргізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 147
- Қабылданған күні
- 18.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 18.08.2026 I229060_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039625
- ЭКБ идентификаторы
- 229060
- Редакция идентификаторы
- I229060_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 22.08.2026 03:30
0 Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кадр процестерін цифрлық кадр жүйесінде жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 146-4-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кадр процестерін цифрлық кадр жүйесінде жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Цифрлық іріктеу және кадрлық процестер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында оның ресми жариялануынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызметті цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кадр процестерін цифрлық кадр жүйесінде жүргізу қағидаларының 8-тармағының екінші бөлігін қоспағанда, ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кадр процестерін цифрлық кадр жүйесінде жүргізу қағидасы
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2026 жылғы 18 тамыздағы
№ 147
бұйрығына қосымша
Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор
субъектілерінің кадр процестерін цифрлық кадр жүйесінде жүргізу қағидасы
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кадр процестерін цифрлық кадр жүйесінде жүргізудің осы Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 146-4-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кадр процестерін цифрлық кадр жүйесінде жүргізудің тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 146-3-бабы 2-тармағына сәйкес осы Қағидалардың ережелері қолданылмайды:
1) персоналды басқарудың басқа да цифрлық кадрлық жүйелері бар мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік ұйымдарға;
2) арнайы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және оның құрылымдық бөлімшелерінің қарамағына енетін мемлекеттік ұйымдарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне;
3) акционері (қатысушы, сенімгерлік басқарушы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын заңды тұлғаларға.
3. Осы Қағидалардың қолданылуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрайтын деректерден тұратын құжаттарға таралмайды.
4. Осы Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:
1) цифрлық кадрлық жүйе (бұдан әрі – жүйе) – мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде кадр процестерін автоматтандыруға, сондай-ақ онда қамтылатын ақпаратты жинауға, сақтауға, беруге және өңдеуге арналған цифрлық жүйе;
2) кадрлық процестер – ауыстыруды, көтермелеуді, тәртіптік жауаптылыққа тартуды, еңбек қатынастарын тоқтатуды құжаттандыруды қоса алғанда, жұмысқа қабылдауға, еңбек қызметін жүзеге асыруға, сондай-ақ үміткерлерді іріктеуді жүзеге асыруға және өзге де кадр рәсімдеріне байланысты құжаттарды ресімдеу, жүргізу, есепке алу және сақтау жөніндегі әрекеттердің жиынтығы;
3) кадрлық деректер – жүйеде кадрлық процестерді нақты, дұрыс әрі толық және уақтылы жүргізу үшін ұйымның қызметкерлерімен және де Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын олардың жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарымен байланысты деректер;
4) қолданушы – кадрлық процестерді, толықтыру мониторингін жүргізу, қажетті деректерді алу мақсатында берілген құқықтарды ескере отырып, жүйеге қолжетімділігі бар жеке тұлға;
5) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
6) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы мемлекетік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) жүйе әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сонымен қатар қолданушыларға олардың рөлдерін есепке ала отырып қолжетімділік беретін ұйым;
8) ұйым – жүйеде кадр процестерін жүргізуді жүзеге асыратын немесе жүйеде кадр процестерін жүргізу туралы талап қолданылатын мемлекеттік мекеме немесе квазимемлекеттік сектор субъектісі;
9) мемлекеттік орган – қарамағында ұйымы болатын мемлекеттік орган;
10) жүйені иеленуші (бұдан әрі – иеленуші) – жүйені иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын, оның жұмыс істеуін, сүйемелдеуін және дамуын қамтамасыз ететін тұлға.
5. Жүйенің негізгі міндеттері:
1) ұйымдарда кадрлық процестерді автоматтандыру;
2) ұйымдардағы кадрлық процестерді жүргізудің ашықтығын қамтамасыз ету;
3) ұйымдардағы ықтимал кадрлық теңгерімсіздіктерді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылу фактілерін анықтау;
4) қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, ұйымдардағы кадрлық процестерді орталықтандыру және біріздендіру;
5) ұйымдардағы кадрлық жағдайдың объективті бейнесін қалыптастыру;
6) ұйымның қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.
2 - тарау. Жүйеде кадрлық процестерді жүргізу тәртібі
6. Жүйеде кадр процестерін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының, Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтау қамтамасыз етіледі.
7. Жүйе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кадрлық рәсімдерді жүзеге асыру мерзімдерінің сақталуын бақылауды, сондай-ақ бақылау мерзімдерінің жақындауы туралы жауапты тұлғаларды автоматты түрде хабардар етуді қамтамасыз етеді.
8. Жүйеге қызметкер туралы, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкердің жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарының жеке сәйкестендіру нөмірлері туралы деректер, сондай-ақ қызметкер бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымдардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (дара кәсіпкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлері) туралы деректер, және қызметкерді қабылдаумен, еңбек қызметін жүзеге асырумен және еңбек қатынастарын тоқтатумен байланысты өзге де деректер енгізіледі.
Жұмыскердің жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстарының жеке сәйкестендіру нөмірлерін, сондай-ақ бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымдардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін (дара кәсіпкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін) ұсыну мүмкіндігі болмаған кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мүдделер қақтығысын анықтау мақсатында тиісті деректерді цифрлық жүйелерден алады.
9. Ұйымдар жүйедегі кадрлық деректердің және кадрлық процестердің нақтылығын, дұрыстығын, толықтығын, өзектілігін қамтамасыз етеді.
10. Жүйе тек қызметтік мақсаттарда пайдаланылады.
11. Иеленуші, әкімші және қолданушылармен жүйеде жұмыс істегенде Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік заңнамасының және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын сақтау қамтамасыз етіледі.
12. Кадр процестері шеңберінде қалыптастырылатын электрондық құжаттар олардың заңдық маңыздылығын, сақталуын және кейіннен түпнұсқалығын растау мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтауға, мұрағаттауға және жоюға жатады.
13. Әкімші жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, пайдаланушылардың есебін жүргізеді және жүйеге қолжетімділікті ұсынады.
3 - тарау. «Бірыңғай кадрлық жүйе» жүйесінде кадрлық процестерді жүргізу тәртібі
14. Ұйымдар кадрлық процестерді «Бірыңғай кадрлық жүйесі» жүйесінде жүргізуді іске асырады (бұдан әрі – БКЖ).
15. Кадрлық процестерді жүргізуге өздерінің жеке ақпараттық жүйелерін қолданатын ұйымдар уәкілетті органның шешімі бойынша қызметкерлердің кадрлық деректері бойынша ақпаратты БКЖ-мен «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына (Әділет органдарында НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі № 16777 болып тіркелді) сәйкес интеграциялау арқылы беруді қамтамасыз етеді.
Тиісті шешімді қабылдау кезінде уәкілетті орган жұмыскерлердің кадрлық мәліметтері туралы қажетті ақпаратты БКЖ-ға беру үшін техникалық мүмкіндіктің болуын ескереді.
16. Уәкілетті орган мемлекеттік органдардың ақпаратына және (немесе) ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес БКЖ-ға қосылатын ұйымдарды айқындайды. БКЖ-ға қосылу уәкілетті орган мемлекеттік органға немесе ұйымға қосылу қажеттілігі туралы хат жолдаған тоқсаннан кейінгі тоқсан ішінде жүзеге асырылады.
БКЖ-ға ұйымның үздіксіз қосылуын қамтамасыз ету қажеттілігі туындаған жағдайда және БКЖ-ға түсетін техникалық жүктемені ескере отырып, уәкілетті орган осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген мерзімнен аспайтын, бірақ үш тоқсаннан артық емес қосымша қосылу мерзімін белгілейді.
Уәкілетті органның сұратуы бойынша мемлекеттік органдар БКЖ-ға қосылу үшін қажетті ақпаратты ұсынады.
Ұйымды БКЖ-ға қосуға БКЖ-ға қолданыстағы қосылудың болмауы, сондай-ақ осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген уәкілетті органның хаты негіз болып табылады.
17. Уәкілетті орган БКЖ-ны қалыптастыру және жүргізу жөніндегі жұмыстарды жалпы үйлестіруді, оның ішінде оның толтырылуына мониторинг жүргізуді жүзеге асырады, сондай-ақ онда қамтылған дербес деректердің тұтастығын, құпиялылығын және қорғалуын Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері тиісті өңірде БКЖ-ның толтырылуына мониторинг жүргізеді.