Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования области Жетісу
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования области Жетісу
- Атауы (қаз.)
- Жетісу облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 219
- Қабылданған күні
- 17.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 21.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 17.08.2026 229080_835507.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26I000219A
- ЭКБ идентификаторы
- 229080
- Редакция идентификаторы
- 229080_835507
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 21.08.2026 03:30
0 Жетісу облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына «Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 тіркелген) Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жетісу облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Жетісу облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы су ресурстары және
ирригация министрлігінің
Су ресурстарын пайдалануды,
реттеу және қорғау жөніндегі комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды, реттеу және қорғау жөніндегі
Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы
5 Жетісу облысы әкімдігінің
2026 жылғы « » _______
№ _____
қаулысына 1 - қосымша
Жетісу облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
№
Су объектісінің атауы
Орналасқан жері
Су қорғау аймақтарының ені, (метр)
Су қорғау белдеулерінің ені (метр)
1
Голубиновка өзені
Кербұлақ ауданы
500
35-100
2
Мельничный өзені
Ескелді ауданы
500
35-100
3
Қоғалы өзені
Кербұлақ ауданы
500
35-100
4
Сарыбұлақ өзені
Ескелді ауданы
500
35-100
5
Тыңбас өзені
Кербұлақ ауданы
500
35-100
6
Рай көлдері
Ақсу ауданы
300
100
7
Көксай жоба аймағындағы су объектілері (Қоғалы өзені, Қосбастау, Бұлақ, Қарамола, Байғабат, Көксай, Белый ключ, Коноваловская, Бурымбай жылғалары)
Кербұлақ ауданы
500
35
8
Шет Тентек өзені
Алакөл ауданы
500
75
9
Орта Тентек өзені
Алакөл ауданы
500
35-100
10
Қапал өзені
Ақсу ауданы
500
35-75
11
Қора өзені
Ескелді ауданы
500
35-55
12
Балықты өзені
Ескелді ауданы Талдықорған қаласы
500
35-75
13
Текелі өзені
Ескелді ауданы, Текелі қаласы
500
35-75
14
Қусақ (Кемір) өзені
Ескелді ауданы
500
35-100
15
Үшарал өзені
Панфилов ауданы
500
35-75
16
Шыжын өзені
Панфилов ауданы
500
50-100
17
Тышқан өзені
Панфилов ауданы
500
35
18
Айнабұлақ өзені
Кербұлақ ауданы
500
35-75
19
Майтөбе өзені
Кербұлақ ауданы
500
35-100
20
Қошқаркөл көлі
Алакөл ауданы
500
35
21
Өсек көлі
Панфилов ауданы
500
35-55
22
Балқаш көлі (Лепсі ауылдық округі)
Сарқан ауданы
500
35-50
23
Алакөл көлі
Алакөл ауданы
500+до170
100+до170
24
Шет Тентек өзені және Орта Тентек өзені Л-44-78 (10e-5b-5), L-44-79 (10г-5а-1,2) үш блок үшін жер қойнауы учаскесінің шекарасында
Алакөл ауданы
500
35-100
25
Бұрқан өзені
Панфилов ауданы
500-600
35-100
26
Байғазы өзені
Кербұлақ ауданы
500-600
35-100
27
Қызылащы өзені
Кербұлақ ауданы
500-550
35-100
28
Балықты өзені (кадастрлық нөмірлері: 03-268-949-381, 03-268-950-379 жер учаскелері шегінде)
Талдықорған қаласы
500
35-100
29
Жобаланған 220 киловольт, 110 киловольт желілерінің және автожол шекараларындағы Қарағайлы, Самін, Дүйсейін, Шібіже, Шақпақты, Біжі жылғалары, Бәйтерек өзені, Қоғалы саласы, Қырғауылды ағыны (арнасы), Тасбастау жылғалары (сол Тасбастау), Тасбастау саласы (оң Тасбастау), аты жоқ құрғақ арна-1
Кербұлақ ауданы
500
35
30
Бәйтерек, Развилинка және Мамырқан өзендері салаларымен гидротехникалық құрылыстар салу шекараларында
Кербұлақ ауданы
500
35-100
31
Балқаш көлі
Қаратал ауданы, Сарқан ауданы
1000
100
32
Іле өзені
Панфилов ауданы
1000
100
33
Қаратал өзені
Текелі қаласы, Ескелді ауданы, Көксу ауданы, Қаратал ауданы
250-500
35-100
34
Көксу өзені
Кербұлақ ауданы, Ескелді ауданы, Көксу ауданы
50 (табиғи географиялық шекаралары – таулар) – 1000
35-150
35
Теректі өзені, Теректі кен орнының тау-кен телімі шегінде
Сарқан ауданы
250-500
35-55
36
Алтай көлдері
Сарқан ауданы
500
100-150
37
Игілік (Шылбыр) өзенінің Қарашоқы ауылы шекарасындағы учаскесі
Кербұлақ ауданы
500
50-75
38
Шыжын өзені кадастрлық нөмірі: 24-262-073-1330 жер учаскесінің шекарасында
Панфилов ауданы
500
35
Ескертпе: су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының координаттары бекітілген жобалық құжаттама және картографиялық материалдарда көрсетілген.
6 Жетісу облысы әкімдігінің
2026 жылғы « » _______
№ _____ қаулысына
2 - қосымша
Жетісу облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
1. Жерүсті су объектілерінде:
1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;
2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;
3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;
4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;
6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;
7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.
2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:
1) мыналарды:
су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын;
көпірлерді, көпір құрылысжайларын;
айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;
балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;
ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;
су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;
2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;
3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.
3. Су қорғау аймақтары шегінде:
1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;
3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;
4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;
5) зираттарды орналастыруға;
6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;
7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.
4. Орналастырылуы осы баптың ережелеріне қайшы келмейтін объектілер су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбайтын, сондай-ақ судың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін техникалық сумен жабдықтаудың тұйық (ағынсыз) жүйелерімен және (немесе) құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілуге тиіс.
5. Су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет тәртібі бассейндік су инспекцияларымен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген жобалар шеңберінде айқындалады.