Қолданыстағы ред. 20.12.2004

Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы от 20.12.2004 г. № 110 (Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы)

0

Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы“ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкс және облыс әкімінің “Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы” 2001 жылдың 19 қазан №42 қаулысы негізінде, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап бұрын облыстық дәрежедегі дербес зейнеткер атағы бар зейнеткерлерге аудандық бюджет қаржысынан ай сайын қосымша ақы тағайындалсын.

2

2. Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу ережелері бекітілсін (коса беріліп отыр).

3

3. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі (Е.Бегниязов) аудан бойынша бұрын облысқа сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға қосымша ақы тағайындау, төлеу және есепке алуды ұйымдастырсын.

4

4. Аудандық қаржы бөлімі (Г. Аманова) 2005 жылдың аудандық бюджетінің жыл сайынғы шығыстар сметасы шегінде осы қаулыны орындау
шараларын алынсын.

5

5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Сағынбаевқа жүктелсін.

6

Қарақия ауданы әкімиятының
2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 110
қаулысымен бекітілсін
Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу Ережелері (бұдан әрі Ережелер) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 ҚРЗ “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңына, сәйкес және облысқа сіңірген еңбегі үшін бұрын зейнетақы тағайындалған адамдардың зейнетақыларына қосымша ақыны тағайындау және төлеу төртібін белгілейді.

1. 1. Жалпы ереже

1. Жалпы ереже

1

1. Ережелерде төмендегідей негізгі түсініктер қолданылады:

1

1)облысқа сіңірген еңбегі бар зейнеткер-облыстық дәрежедегі дербес зейнеткер (бұдан орі дербес зейнеткер);

2

2)дербес зейнеткерлердің зейнетақысына қосымша ақы - (бұдан әрі - қосымша ақы) олардың табысына қарамастан жеңілдіктердің орнына берілетін ақшалай төлемақы;

3

3)қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган — аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері;

4

4)қосымша ақыны беру жөніндегі уәкілді орган Қазақстан Республикасының Халықтық банкі (бұдан әрі - банк).

2

2. Дербес зейнеткерлерге жеңілдіктердің орнына қосымша ақыны төлеу аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

3

3. Қосымша ақы ай сайын өткен ай үшін аудан әкімінің шешімімен бекітілген Ережелерге сәйкес төленеді.

2. 2. Қосымша ақыны тағайындау тәртібі

2. Қосымша ақыны тағайындау тәртібі

4

4. Дербес зейнеткерлер қосымша ақы тағйындау үшін тұрғылықты жері бойынша қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді органға төмендегідей құжаттар мен мәліметтерді тапсырады:

1

1)өтініш;

2

2)жеке басын куәландыратын құжат;

3

3)қосымша ақыны алуға құқығын растайтын құжат;

4

4)салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

5

5)банкінің филиалдарында зейнетақысын алатын адамдардың банкідегі дербес есепшотының нөмірі;

6

6)тұрақты тұрғылықты жерін растайтын анықтама.

5

5. Қосымша ақыны алуға құқығын растайтын құжат болып, дербес зейнеткердің куәлігі немесе халық депутаттары Маңғыстау облыстық Кеңесінің 1992 жылғы 22 мамырдағы №Х/254 қаулысымен бекітілген облысқа сіңірген еңбегі үшін зейнетақыларды белгілеу жөніндегі комиссияның облысқа сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақыны тағайындау туралы шешімімен кқшірме саналады.

6

6. Құжаттар салыстыру үшін түпнүсқада және көшірме түрінде қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі органына тапсырылады. Ол құжаттар көшірмесін куәландырады, оларды іске қалыптастырады, тағайындалған сомалардың есебін жүргізу және кейін компьютерлік өңдеу үшін қосымша ақыны тағайындау журналы бойынша жеті сандық тіркеу нөмірін береді, төленген сомалардың есебін жүргізу дербес есепшот ашады.

7

7. Қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган қосымша ақыны тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Уәкілді орган төмендегілерді қосымша ақыны тағайындаудан бас тартады:

1

1)қосымша ақыны тағайындау құқығын растайтын құжаттарын тапсырмаған адамдарға;

2

2)дәл емес мәліметтерден тұратын құжаттар тапсырған адамдарға;

3

3)бас бостандығынан айыру түрінде сотпен тағайындалған қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдарға;

4

4)Қазақстан Республикасындағы басқа облысқа және одан тысқару жерге сіңірген еңбегі бар зейнеткерлерге.
Қосымша ақыны тағайындаудан бас тартқан жағдайда, қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган бас тарту себебін жазбаша дәлелдеп түсіндіреді және өтініш берушіге құжаттарын қайтарады.

8

8. Қосымша ақыны алушылар өтінішінде Ережелердің 7 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, оны тағайындау үшін негіздерін жойған жағдайларда, қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді органға бұл туралы 10 күннің ішінде хабарлауға міндеттенеді.

9

9. Ай сайынғы қосымша ақы аудандық маслихатының шешімімен бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленген.

3. 3. Қосымша ақыларды төлеуді тоқтату және жаңғырту

3. Қосымша ақыларды төлеуді тоқтату және жаңғырту

10

10. Дербес зейнеткерге қосымша ақыны төлеу Ережелердің 7 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, оны тағайындау үшін негіздерін жойған жағдайларда немесе алушының қайтыс болған күнінен бастап тоқтатылады.

11

11. Қосымша ақыны төлеуді жаңғырту, дербес зейнетақы тағайындауға қайта құқығын иеленген жағдайда, құқығы туыіндай бастап қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді шешімі бойынша жүргізіледі.

4

4. 4. Қосымша ақыларды төлеу тәртібі

4. Қосымша ақыларды төлеу тәртібі

12

12. Дербес зейнеткерлерге қосымша ақыларды төлеуді жүзеге асыру үшін уәкілді орган зейнетақыны алу тәртібі көрсетілген қосымша ақыларды тағайындау туралы шешімдердің, алушылардың жеке өтініштерінің негізінде
(зейнетақы алатын орны мен алу төртібі көрсетілген) төмендегідей құжаттарды жасақтайды:

1

1)компьютерде қосымша ақыларды алушылар бойынша базаны;

2

2)елді мекендер бойынша банктегі дербес есепшотқа қосымша ақылар сомаларын түсіру үшін тізімдерді 2 данада;

3

3)банкінің филиалдары бар елді мекендерге үйге әкеліп беруді қажет ететін зейнеткерлерге қосымша ақыларды төлеуге тізім-ведомстыларды 3 данада;

4

4)банк филиалдары жоқ болған жағдайда, елді мекендерде қосымша ақыларды төлеуге тізім-ведомстыларды 3 данада;

5

5)ағымдағы айдың 20 жұлдызындағы жағдай бойынша қосымша ақыларды төлеуге тапсырыс-сұранысты.

13

13. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган ағымдағы айдың 20 жұлдызына дейін аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне өтінімді табыс етеді.

14

14. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі аудан бойынша Агенттік келісімімен көзделген, банкіге сыйақыны (0,6%) ескере отырып, жинақталған өтінімді аудан бойынша жасайды және оны ағымдағы айдың 23-жұлдызына дейін аудандық қаржы басқармасына жолдайды.

15

15. Аудандық қаржы басқармасы тиісті бағдарламалар бойынша жергілікті бюджеттің жазылған шығыстарына сәйкес ағымдағы айдың 25 жұлдызына дейін аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне өткен айдың қосымша ақыларын төлеу үшін қажетті қаражат бөледі.

16

16. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне ағымдағы айдың 28 жұлдызына дейін төлем тапсырыстарымен алынған қаражатты қосымша ақыларды және төлеу жөніндегі уәкідді органның есепшотына қаржылық рұқсатпен бөлінген сомалар шегінде аударады.
Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган жасалған Агенттік келісімінің негізінде ағымдағы айдың 30 жұлдызына дейін төлем тапсырыстарымен алынған қаражатты банкінің есепшотына аударады. Осымен бір мезгілде банкіге дербес зейнеткерлердің банкідегі дербес есепшоттарына қосымша ақыларды түсіру үшін тізімдердің бір данасын, олардың файлдық нұсқасын және тізім-ведомостының екі данасын береді.

17

17. Банк алынған тізімдерге сөйкес қосымша ақыларды төлеуді жүзеге асырады.

18

18. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган арқылы банкіге қате немесе дербес зейнеткер қайтыс болғаннан кейін аударылған сомалар, уәкілді органның хаты (өкімі) негізінде аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің тиісті есепшотына қайтарылуға жатады. Хат (өкім) көшірмесі аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне жолданады.

19

19. Бұрын төленбеген қосымша ақылар ағымдағы төлемақылармен бірге төленеді.

20

20. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган ай сайын, төлем жүргізілген айдан кейінгі айдың 5 жұлдызынан кешіктірмей, банкімен салыстыру кесімін жасайды.

21

21. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган ай сайын, әр айдың 10 жұлдызынан кешіктірмей, төленген қосымша ақылар бойынша есеп беруді жасайды және аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне береді.

22

22. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі тоқсан сайын дербес зейнеткерлердің зейнетақысына қосымша ақыны тағайындау және төлеу туралы ақпаратты аудандық қаржы бөліміне тапсырады.

6

6. 6. Жауапкершілік

6. Жауапкершілік

23

23. Қосымша ақыларды алушылар артық төлеуге әкеліп соқтырған жағдайларды ' жасырған жағдайда, қолданудағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік артады.

7

7. 7. Бақылау

7. Бақылау

24

24. Дербес зейнеткерлерге қосымша ақылардың тағайындалуы мен төленуіне бақылауды аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады.