Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы“ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкс және облыс әкімінің “Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау туралы” 2001 жылдың 19 қазан №42 қаулысы негізінде, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап бұрын облыстық дәрежедегі дербес зейнеткер атағы бар зейнеткерлерге аудандық бюджет қаржысынан ай сайын қосымша ақы тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу ережелері бекітілсін (коса беріліп отыр).
Тармақ 3
3. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі (Е.Бегниязов) аудан бойынша бұрын облысқа сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға қосымша ақы тағайындау, төлеу және есепке алуды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Аудандық қаржы бөлімі (Г. Аманова) 2005 жылдың аудандық бюджетінің жыл сайынғы шығыстар сметасы шегінде осы қаулыны орындау шараларын алынсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Сағынбаевқа жүктелсін.
Басқа 6
Қарақия ауданы әкімиятының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 110 қаулысымен бекітілсін Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу ЕРЕЖЕЛЕРІ Осы облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша ақы тағайындау және төлеу Ережелері (бұдан әрі Ережелер) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 ҚРЗ “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңына, сәйкес және облысқа сіңірген еңбегі үшін бұрын зейнетақы тағайындалған адамдардың зейнетақыларына қосымша ақыны тағайындау және төлеу төртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Ережелерде төмендегідей негізгі түсініктер қолданылады:
Тармақша 1
1)облысқа сіңірген еңбегі бар зейнеткер-облыстық дәрежедегі дербес зейнеткер (бұдан орі дербес зейнеткер);
Тармақша 2
2)дербес зейнеткерлердің зейнетақысына қосымша ақы - (бұдан әрі - қосымша ақы) олардың табысына қарамастан жеңілдіктердің орнына берілетін ақшалай төлемақы;
Тармақша 3
3)қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган — аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері;
Тармақша 4
4)қосымша ақыны беру жөніндегі уәкілді орган Қазақстан Республикасының Халықтық банкі (бұдан әрі - банк).
Тармақ 2
2. Дербес зейнеткерлерге жеңілдіктердің орнына қосымша ақыны төлеу аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қосымша ақы ай сайын өткен ай үшін аудан әкімінің шешімімен бекітілген Ережелерге сәйкес төленеді.
Тарау 2. 2. Қосымша ақыны тағайындау тәртібі
2. Қосымша ақыны тағайындау тәртібі
Тармақ 4
4. Дербес зейнеткерлер қосымша ақы тағйындау үшін тұрғылықты жері бойынша қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді органға төмендегідей құжаттар мен мәліметтерді тапсырады:
Тармақша 1
1)өтініш;
Тармақша 2
2)жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 3
3)қосымша ақыны алуға құқығын растайтын құжат;
Тармақша 4
4)салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Тармақша 5
5)банкінің филиалдарында зейнетақысын алатын адамдардың банкідегі дербес есепшотының нөмірі;
Тармақша 6
6)тұрақты тұрғылықты жерін растайтын анықтама.
Тармақ 5
5. Қосымша ақыны алуға құқығын растайтын құжат болып, дербес зейнеткердің куәлігі немесе халық депутаттары Маңғыстау облыстық Кеңесінің 1992 жылғы 22 мамырдағы №Х/254 қаулысымен бекітілген облысқа сіңірген еңбегі үшін зейнетақыларды белгілеу жөніндегі комиссияның облысқа сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақыны тағайындау туралы шешімімен кқшірме саналады.
Тармақ 6
6. Құжаттар салыстыру үшін түпнүсқада және көшірме түрінде қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі органына тапсырылады. Ол құжаттар көшірмесін куәландырады, оларды іске қалыптастырады, тағайындалған сомалардың есебін жүргізу және кейін компьютерлік өңдеу үшін қосымша ақыны тағайындау журналы бойынша жеті сандық тіркеу нөмірін береді, төленген сомалардың есебін жүргізу дербес есепшот ашады.
Тармақ 7
7. Қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган қосымша ақыны тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Уәкілді орган төмендегілерді қосымша ақыны тағайындаудан бас тартады:
Тармақша 1
1)қосымша ақыны тағайындау құқығын растайтын құжаттарын тапсырмаған адамдарға;
Тармақша 2
2)дәл емес мәліметтерден тұратын құжаттар тапсырған адамдарға;
Тармақша 3
3)бас бостандығынан айыру түрінде сотпен тағайындалған қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдарға;
Тармақша 4
4)Қазақстан Республикасындағы басқа облысқа және одан тысқару жерге сіңірген еңбегі бар зейнеткерлерге. Қосымша ақыны тағайындаудан бас тартқан жағдайда, қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган бас тарту себебін жазбаша дәлелдеп түсіндіреді және өтініш берушіге құжаттарын қайтарады.
Тармақ 8
8. Қосымша ақыны алушылар өтінішінде Ережелердің 7 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, оны тағайындау үшін негіздерін жойған жағдайларда, қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді органға бұл туралы 10 күннің ішінде хабарлауға міндеттенеді.
Тармақ 9
9. Ай сайынғы қосымша ақы аудандық маслихатының шешімімен бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленген.
Тарау 3. 3. Қосымша ақыларды төлеуді тоқтату және жаңғырту
3. Қосымша ақыларды төлеуді тоқтату және жаңғырту
Тармақ 10
10. Дербес зейнеткерге қосымша ақыны төлеу Ережелердің 7 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, оны тағайындау үшін негіздерін жойған жағдайларда немесе алушының қайтыс болған күнінен бастап тоқтатылады.
Тармақ 11
11. Қосымша ақыны төлеуді жаңғырту, дербес зейнетақы тағайындауға қайта құқығын иеленген жағдайда, құқығы туыіндай бастап қосымша ақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді шешімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Қосымша ақыларды төлеу тәртібі
4. Қосымша ақыларды төлеу тәртібі
Тармақ 12
12. Дербес зейнеткерлерге қосымша ақыларды төлеуді жүзеге асыру үшін уәкілді орган зейнетақыны алу тәртібі көрсетілген қосымша ақыларды тағайындау туралы шешімдердің, алушылардың жеке өтініштерінің негізінде (зейнетақы алатын орны мен алу төртібі көрсетілген) төмендегідей құжаттарды жасақтайды:
Тармақша 1
1)компьютерде қосымша ақыларды алушылар бойынша базаны;
Тармақша 2
2)елді мекендер бойынша банктегі дербес есепшотқа қосымша ақылар сомаларын түсіру үшін тізімдерді 2 данада;
Тармақша 3
3)банкінің филиалдары бар елді мекендерге үйге әкеліп беруді қажет ететін зейнеткерлерге қосымша ақыларды төлеуге тізім-ведомстыларды 3 данада;
Тармақша 4
4)банк филиалдары жоқ болған жағдайда, елді мекендерде қосымша ақыларды төлеуге тізім-ведомстыларды 3 данада;
Тармақша 5
5)ағымдағы айдың 20 жұлдызындағы жағдай бойынша қосымша ақыларды төлеуге тапсырыс-сұранысты.
Тармақ 13
13. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган ағымдағы айдың 20 жұлдызына дейін аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне өтінімді табыс етеді.
Тармақ 14
14. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі аудан бойынша Агенттік келісімімен көзделген, банкіге сыйақыны (0,6%) ескере отырып, жинақталған өтінімді аудан бойынша жасайды және оны ағымдағы айдың 23-жұлдызына дейін аудандық қаржы басқармасына жолдайды.
Тармақ 15
15. Аудандық қаржы басқармасы тиісті бағдарламалар бойынша жергілікті бюджеттің жазылған шығыстарына сәйкес ағымдағы айдың 25 жұлдызына дейін аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне өткен айдың қосымша ақыларын төлеу үшін қажетті қаражат бөледі.
Тармақ 16
16. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне ағымдағы айдың 28 жұлдызына дейін төлем тапсырыстарымен алынған қаражатты қосымша ақыларды және төлеу жөніндегі уәкідді органның есепшотына қаржылық рұқсатпен бөлінген сомалар шегінде аударады. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган жасалған Агенттік келісімінің негізінде ағымдағы айдың 30 жұлдызына дейін төлем тапсырыстарымен алынған қаражатты банкінің есепшотына аударады. Осымен бір мезгілде банкіге дербес зейнеткерлердің банкідегі дербес есепшоттарына қосымша ақыларды түсіру үшін тізімдердің бір данасын, олардың файлдық нұсқасын және тізім-ведомостының екі данасын береді.
Тармақ 17
17. Банк алынған тізімдерге сөйкес қосымша ақыларды төлеуді жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган арқылы банкіге қате немесе дербес зейнеткер қайтыс болғаннан кейін аударылған сомалар, уәкілді органның хаты (өкімі) негізінде аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің тиісті есепшотына қайтарылуға жатады. Хат (өкім) көшірмесі аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне жолданады.
Тармақ 19
19. Бұрын төленбеген қосымша ақылар ағымдағы төлемақылармен бірге төленеді.
Тармақ 20
20. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган ай сайын, төлем жүргізілген айдан кейінгі айдың 5 жұлдызынан кешіктірмей, банкімен салыстыру кесімін жасайды.
Тармақ 21
21. Қосымша ақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілді орган ай сайын, әр айдың 10 жұлдызынан кешіктірмей, төленген қосымша ақылар бойынша есеп беруді жасайды және аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне береді.
Тармақ 22
22. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі тоқсан сайын дербес зейнеткерлердің зейнетақысына қосымша ақыны тағайындау және төлеу туралы ақпаратты аудандық қаржы бөліміне тапсырады.
Тармақ 6
Тарау 6. 6. Жауапкершілік
6. Жауапкершілік
Тармақ 23
23. Қосымша ақыларды алушылар артық төлеуге әкеліп соқтырған жағдайларды ' жасырған жағдайда, қолданудағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік артады.
Тармақ 7
Тарау 7. 7. Бақылау
7. Бақылау
Тармақ 24
24. Дербес зейнеткерлерге қосымша ақылардың тағайындалуы мен төленуіне бақылауды аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады.