Азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148- II Қазақстан Республикасы Заңына , сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмек көрсету мақсатында, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы от 20.12.2004 г. № 112 (Азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы)
1. Мыналарға бір жолғы материалдық көмек көрсетілсін:
1)Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - Жеңіс күніне ( 9 мамырға);
2)Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамдарға, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - Жеңіс күніне ( 9 мамырға);
3)еңбек кітапшасында немесе мұрағаттық анықтамада 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында 6 айдан кем емес жұмыс жасағандығы туралы жазбасы бар тыл еңбеккерлеріне, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - Жеңіс күніне (9 мамырға);
4)Ұлы Отан соғысында қаза болған, қайтыс болған, хабарсыз кеткен жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлеріне, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - Жеңіс күніне (9 мамырға);
5)Ленинград блокадасының тұрғындарына, 2 айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде - Жеңіс күніне (9 мамырға);
6)фашистік концлагерлер тұтқындарына, 2 айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде - Жеңіс күніне ( 9 мамырға);
7)жалғыз басты 70 жастан асқан зейнеткерлерге, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - Қарттар күніне ( 1 қазанға);
8)16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, 2 айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде - Мүгедектер күніне (жыл сайын қазан айының екінші жексенбісі);
9) І-ІІ топтағы мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - Мүгедектер күніне ( жыл сайын қазан айының екінші жексенбісі);
10) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - Қазақстан Республикасы Күніне ( 25 қазанға).
2. Қоса беріліп отырған аудандық бюджет қаражатынан атаулы және мерекелік даталарға азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы
материалдық көмекті тағайындау
3. Дудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
бөлімі ( Е.Бегниязов) азаматтардың жоғарыда көрсетілген санаттарына бір жолғы материалдық көмекті уақытылы тағайындауды және төлеуді ұйымдастырсын.
4. Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың аудандық бөліміне (Л.Исаева) жоғарыда көрсетілген азаматтардың жекелеген санаттағы бір жолғы көмек алушыларының тізімін, тиісті төлемдерін қаржыландыруға арналған өтінімдерін жасау үшін аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне уақытылы табыс етуді ұйымдастыру ұсынылсын.
5. Аудандық қаржы бөлімі ( Г.Аманова) аудандық бюджетте көрсетілген мақсаттарға қаралған қаражаттан уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Сағынбаевқа жүктелсін.
Аудан әкімінің орынбасары - И.Сағынбаев
Аппарат басшысы - С.Мұқанов
Заңгер бас маманы - А.Бөлтекова
Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі - Ғ.Аманова
Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі - Е.Бегниязов
Қарақия ауданы әкімиятының
2004 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 112 қаулысымен бекітілсін
Аудандық бюджет қаражатынан атаулы және мерекелік даталарға азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмекті тағайындау және төлеу
ЕРЕЖЕСІ
Осы атаулы және мерекелік даталарға азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмекті тағайындау және төлеу Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 - II ҚРЗ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, сүйене отырып жасалды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1)атаулы және мерекелік даталарға азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі болып табылады (бұдан әрі - уөкілетті орган);
2)бір жолғы материалдық көмекті беру « Қазақстан Халық Банкі» ААҚ Маңғыстау аудандық филиалы (бұдан әрі - банк) арқылы, аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі мен банк арасында жасалған Агенттік келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
2. Атаулы және мерекелік даталарға азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмекті ( бұдан әрі - бір жолғы көмек) төлеу жыл сайын аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Уәкілетті органның, қажет жағдайда, өз қызметінің шұғылданатын түрі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарының есебін жүргізуге жүзеге асыратын органдардан ( Зейнетақы төлеу Мемлекеттік орталығының аудандық бөлімі (ЗТМО) және басқалардан) мәліметтерді сұратуға құқығы бар.
2. Бір жолғы көмекті тағайындау тәртібі
4. Азаматтарға бір жолғы көмекті тағайындау олардың есебін жүргізуді жүзеге асыратын көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган мен басқа органдардағы (ЗТМО және басқалар) құжаттар мен азаматтар санаттарының мәліметтерін тіркеу журналдарының ( жеке және зейнетақылық істердің) негізінде жүзеге асырылады және банкі арқылы ақшалай сомаларды төлеу жөніндегі жұмыс кезінде қабылданған қалыпқа сәйкес тізім түрінде ресімделеді.
5. Бір жолғы көмекті тағайындауға тізімдер, оған осы кезеңде есепте тұрған, талап етілген санаттағы, оның ішінде оларға әлеуметтік қолдаудың әлде бір түрлерін төлеу уақытша тоқтатылған адамдардың шепті құрамын енгізе отырып, талап ету датасына жасалады. Қайтыс болған азаматтар мен толықтай мемлекеттік қамтамасыз етуде тұрған адамдар тізімдерге енгізілмейді.
3. Бір жолғы көмекті төлеуге тізімдерді жасау тәртібі
6. Бір жолғы көмекті төлеуге тізімдерді қалыптастыру елді мекендер айырымында, банкіге сомаларды қабылдау мен алушының үйіне жеткізіп беру ушін жеке дара жүргізіледі.
7. Азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы көмекті тағайындауға уәкілетті және тікелей олардың есебін жүргізуді жүзеге асыратын орган арқылы банкіге жеке есеп шоттарға алушыларға сомаларды қабылдау үшін тізімдер құжаттық турде 2 данада және транспорттық файл түрінде жасалады, ал сомаларды алушының үйіне жеткізіп беріп, төлеу үшін тізім- ведомостар құжаттық түрде 3 данада жасалады.
8. Өз қызметінің шұғылданатын түрі бойынша бір жолғы көмекті көрсетуге жататын азаматтар санаттарының есебін жүргізуді жүзеге асыратын басқа органдар (ЗТМО және басқалар) арқылы банкідегі жеке есеп шоттарға алушыларға сомаларды қабылдау үшін тізімдер құжаттық түрде 3 данада және транспорттық файл түрінде жасалады, ал сомаларды алушының үйіне жеткізіп беріп, төлеу үшін тізім - ведомостар құжаттық 4 данада жасалады.
9. Бір жолғы көмекті төлеуге тізімдер бойынша «БК» әріптік белгілеуі енгізіледі. Сонымен бірге оларда алушы туралы төмендегідей мәләметтер болуға тиіс:
1)азаматтардың ( отбасыларының) осы санаттарының есебін жүргізуді жүзеге асыратын орган арқылы берілген жеті сандық тіркеу нөмері;
2)салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН );
3)әлеуметтік қолдаудың басқа түрлерін алатын адамдардың банкідегі жинағы бойынша арнаулы есепшот нөмірі;
4)банкідегі жинағы бойынша арнаулы есепшот нөмірі жоқ адамдарда «жаңа» сөзі қойылады;
5)жеке куәлігінің нөмірі;
6)тегі, аты, әкесінің аты;
7)тұрғылықты орнының мекенжайы.
10. Бір жолғы көмекті төлеуге тізімдер жасаған органның басшысы оларға ол қояды, елтаңбалық мөрмен куәландырады және оларда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігі үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкес жауапкершілік артады.
11. Өз қызметінің шұғылданатын түрі бойынша бір жолғы көмекті көрсетуге жататын азаматтар есебін жүргізуді жүзеге асыратын орган (ЗТМО және басқалар) тізімдерді жасағаннан кейін бір данадан құжаттық түрде өзінде қалдырылады.
Транспорттық файлды қоса алғандағы қалған даналарын уәкілетті органға береді.
12. Уәкілетті орган басқа органдар арқылы жасалған тізімдерді: олардың белгіленген қалыпқа сәйкестігі мен жиынтығын шығару дурыстығын тексереді.
4. Бір жолғы көмекті төлеуге қаржыландыру тәртібі
13. Уәкілетті орган атаулы және мерекелік даталарға дейін 10 күн бұрын көмекті төлеуге жасалған тізімдер мен олардың жиынтық сомаларына толық сәйкестігі негізінде ақшалай қаражат суранысына арналған өтінімді, банкіге комиссиялық сыйақыға шығындар сомаларын бөліп көрсете отырып, аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне жібереді.
14. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі бір жолғы көмекті төлеуге қаржыландыру үшін аудан бойынша жиынтық өтінімді аудандық қаржы бөліміне жібереді.
15. Осы Ережеге сәйкес, қаржыландыру жоспарына сай және өтінімдердің негізінде аудандық қаржы бөлімі аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне бір жолғы көмекті төлеуге қаржылар бөледі.
16. Ақшалай қаржылардың түсуі бойынша аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі оларды банкінің аудандық филиалының есеп шотына аударуды жүзеге асырады. Осымен бір мезгілде, банкпен Агенттік келісімге сәйкес төленетін сомалардың 0,6 пайызы мөлшерінде комиссиялық сыйақының сомалары аударылады.
17. Банкінің аудандық филиалының есепшотына ақшалай қаржыларды аударуға сәйкес аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімі бұл туралы уәкілетті органды хабарландырады.
5. Бір жолғы көмекті төлеу тартібі
18. Банкінің аудандық филиалы ақшалай қаржылардың түсуі бойынша бір жолғы көмекті төлеуді жүзеге асыру үшін оларды Агенттік келісімге сәйкес банкінің аудандық филалдарына жібереді.
19. Уәкілетті орган ақшалай қаржыларды банкінің аудандық филиалына аудару туралы мәліметтерді алғаннан кейін, банкідегі жеке есепшотқа алушылардың сомаларын қабылдау үшін құжаттық түрде тізімдердің бір данасы мен олардың транспорттық файлын және сомаларды алушылардың үйіне жеткізіп беріп, төлеу үшін құжаттық түрде тізім - ведомостардың 2данасы банкінің аудандық филиалына береді.
20. Алушыларға бір жолғы көмекті төлеу банкі арқылы Агенттік келісімге сәйкес жүргізіледі.
6. Есеп берушілік
21. Ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-жұлдызына банкінің аудандық филиалы аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі төленген сомалар бойынша салыстыру кесімін жасайды.
22. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі жасалған қаржыландыруға сәйкес және банкімен салыстыру кесімінің негізінде аудан бойынша бір жолғы көмекті төлеу жөніндегі есепті дайындайды және оны есепті айдан кейінгі айдың 15-жұлдызына облыстық қаржы бөліміне жібереді.
7. Бақылау
23. Ақшалай қаржылардың мақсаты жұмсалуына, бір жолғы көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті органда алушылардың тізімдерінің болуына және тізімдер бойынша жиынтық сомалардың, төлем тапсырмаларындағы сомалардың теңдігіне бақылауды облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады.