Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы

Бұйрық · № 220 · қабылданған 20.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229171/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Күшіне енбеген 20.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в некоторые приказы

Күшіне енбеген Бұйрық № 220 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
220
Қабылданған күні
20.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
05.09.2026
Көрсетілген редакция
20.08.2026 I229171_0.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039656
ЭКБ идентификаторы
229171
Редакция идентификаторы
I229171_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
26.08.2026 03:30
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12148 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарында:
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес автомобиль жолдарын пайдаланушыларға жол жағдайлары себебінен туындаған жол-көлік оқиғаларынан келтірілген залалды өтеу жөнінде шаралар қабылдайды;».

2. «Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 426 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18909 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару әдістемесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 63) тармақшасына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға және «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 24) тармақшасына сәйкес бекітілетін автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес айқындалады.»;
3-тармақтың төртінші абзацына өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады.

3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі