Об утверждении перечня мобильных приложений, имеющих социальное и государственное значения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня мобильных приложений, имеющих социальное и государственное значения
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік және мемлекеттік маңызы бар мобильді қосымшалардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 498/НҚ
- Қабылданған күні
- 21.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2026 I229172_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26IPM00498
- ЭКБ идентификаторы
- 229172
- Редакция идентификаторы
- I229172_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 26.08.2026 03:30
0 Әлеуметтік және мемлекеттік маңызы бар
мобильді қосымшалардың тізбесін бекіту туралы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік және мемлекеттік маңызы бар мобильді қосымшалардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Әлеуметтік және мемлекеттік маңызы бар мобильді қосымшалардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрінің
2026 жылғы «___»________
№ _____ бұйрығымен
бекітілген
Әлеуметтік және мемлекеттік маңызы бар
мобильді қосымшалардың тізбесі