Об установлении публичного сервитута
Қолданыста
Қаулы
·№ 323
·
26.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 323
- Қабылданған күні
- 20.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 25.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2026 I229194_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26CI00323A
- ЭКБ идентификаторы
- 229194
- Редакция идентификаторы
- I229194_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 26.08.2026 03:30
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 - бабының 1-1) тармақшасына, 69 - бабының 4 - тармағына және 71-1 бабының 2 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31– бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «MGM Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 3522 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2031 жылдың 17 тамызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.