Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил и условий исчисления стажа работы по специальности для гражданских служащих и работников государственных учреждений и организаций, находящихся в ведении уполномоченного органа в сфере гражданской защиты, за исключением административных государственных служащих

Бұйрық · № 316 · қабылданған 18.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229222/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил и условий исчисления стажа работы по специальности для гражданских служащих и работников государственных учреждений и организаций, находящихся в ведении уполномоченного органа в сфере гражданской защиты, за исключением административных государственных служащих Күшіне енбеген 18.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил и условий исчисления стажа работы по специальности для гражданских служащих и работников государственных учреждений и организаций, находящихся в ведении уполномоченного органа в сфере гражданской защиты, за исключением административных государственных служащих

Күшіне енбеген Бұйрық № 316 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил и условий исчисления стажа работы по специальности для гражданских служащих и работников государственных учреждений и организаций, находящихся в ведении уполномоченного органа в сфере гражданской защиты, за исключением административных государственных служащих
Атауы (қаз.)
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың азаматтық қызметшілері мен жұмыскерлері үшін, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
316
Қабылданған күні
18.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
05.09.2026
Көрсетілген редакция
18.08.2026 I229222_0.kaz
Соңғы өзгеріс
18.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039663
ЭКБ идентификаторы
229222
Редакция идентификаторы
I229222_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
26.08.2026 03:31
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың азаматтық қызметшілері мен жұмыскерлері үшін, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың азаматтық қызметшілері мен жұмыскерлері үшін, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың азаматтық қызметшілері мен жұмыскерлері үшін, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2026 жылғы 18 тамыздағы
№ 316 бұйрығымен
бекітілген
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың азаматтық қызметшілері мен жұмыскерлері үшін, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың азаматтық қызметшілері мен жұмыскерлері үшін, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың азаматтық қызметшілері мен жұмыскерлері (бұдан әрі – азаматтық қызметшілер мен жұмыскерлер) үшін, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2-тарау. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың азаматтық қызметшілері мен жұмыскерлері үшін, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі мен шарттары

2. Мамандық бойынша жұмыс өтілі азаматтық қызметшілер мен жұмыскерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттар негізінде күнтізбелік тәртіппен есептеледі.

3. Азаматтық қызметшілер мен жұмыскерлерде күнтізбелік ай ішінде лауазымдық айлықақыны арттыру құқығы туындаған кезде, мамандық бойынша жұмыс өтілі ескеріле отырып, лауазымдық айлықақы осындай құқық туындаған күннен бастап есептеледі.

4. Азаматтық қызметшілер мен жұмыскерлердің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеуді комиссия қарайды.

5. Еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия тұрақты жұмыс істейтін болып табылады және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекеменің немесе ұйымның төрағасының, хатшысының және комиссия мүшелерінің құрамында қалыптастырылады.

6. Дауыс беруге қатысатын комиссия мүшелерінің саны тақ болуы және кемінде бес адамды құрауы тиіс.

7. Комиссия хатшысы комиссия қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.

8. Комиссияның құрамы тиісті мемлекеттік мекеме немесе ұйым басшысының, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен бекітіледі.

9. Комиссия шешімі дауыс беруге қатысатын комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді, оның негізінде мамандық бойынша жұмыс өтілін белгілеу туралы бұйрық шығарылады.

10. Комиссия шешімінен үзінді көшірме екі данада ресімделеді және кадр қызметі мен бухгалтерияға беріледі.

11. Азаматтық қызметші мен жұмыскерлердің мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу мақсаттары үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және осы Қағидаларға сәйкес айқындалады.

12. Дәрігерлік, фармацевтикалық, орта және кіші медициналық персонал санатына жатқызылған азаматтық қызметшілері мен жұмыскерлеріне мамандық бойынша жұмыс өтілі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, денсаулық сақтау саласындағы қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 2 тамыздағы № 685 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14205 тіркелген) сәйкес есептеледі.

13. Азаматтық қызметшілер мен жұмыскерлердің мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледі:

1) жұмыс берушінің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, тиісті мамандық бойынша жұмыс уақыты;

2) теріс себептермен жұмыстан шығарылған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында және бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында (бұдан әрі – КСРО) әскери қызмет өткеру уақыты;

3) теріс себептермен жұмыстан шығарылған адамдарды қоспағанда, құқық қорғау органдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында, азаматтық қорғау органдарында және бұрынғы КСРО-да қызмет өткеру уақыты;

4) теріс себептермен жұмыстан шығарылған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО кемелерінің аппараттарында жұмыс істеу уақыты;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен КСРО Мемлекеттік банкі жүйесіндегі жұмыс уақыты;

6) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес берілген баланың (балалардың) жүктілігіне және тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс;

7) Қазақстан Республикасы Құрылтайы, Қазақстан Республикасы Парламенті, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдары депутаттарының өкілеттіктерін тұрақты негізде жүзеге асыру уақыты;

8) егер қызметкер оқуға жіберілгенге дейін мемлекеттік органда жұмыс істесе және оқу бітіргеннен кейін мемлекеттік органға оралса, кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша оқу уақыты;

9) мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарында мемлекеттік қызметте болған уақыты.

______________________