Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин города Шымкент» и признании утратившими силу некоторых решений маслихата города Шымкент

Өзге акт · № 38/342-VIII · қабылданған 14.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229238/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин города Шымкент» и признании утратившими силу некоторых решений маслихата города Шымкент Қолданыста 14.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин города Шымкент» и признании утратившими силу некоторых решений маслихата города Шымкент

Қолданыста Өзге акт № 38/342-VIII 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин города Шымкент» и признании утратившими силу некоторых решений маслихата города Шымкент
Атауы (қаз.)
«Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын берудің қағидаларын бекіту және Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
38/342-VIII
Қабылданған күні
14.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
12.09.2026
Көрсетілген редакция
14.08.2026 229238_837509.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26E038342M
ЭКБ идентификаторы
229238
Редакция идентификаторы
229238_837509
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 18:55
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын берудің қағидаларын

бекіту және Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын берудің қағидалары осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Шымкент қаласы мәслихатының

2026 жылғы 14 тамыздағы
№ 38/342-VIII шешіміне
1-қосымша
«Шымкент қаласының құрметті азаматы»
атағын берудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын берудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру тәртібін айқындайды.

2. «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын (бұдан әрі – «Құрметті азамат» атағы) беру елеулі еңбек сіңірген азаматтардың көпжылдық жемісті қызметін және бастамашылығын қоғам тарапынан тану әрі ынталандыру болып табылады, сондай-ақ азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған.

3. «Құрметті азамат» атағы қалада кемінде 10 жыл еңбек еткен, келесі талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына беріледі:

1) кәсіби немесе азаматтық міндетін орындау кезінде көрсеткен ерлігі үшін, сондай-ақ заңдылық және құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін;

2) мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы нәтижелі еңбегі үшін, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін;

3) қоғамдық қызметтегі жетістіктері мен қайырымдылық қызметі үшін;

4) қаладағы спорт, мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау, құрылыс, кәсіпкерлік, бизнес және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға қосқан үлесі үшін;

5) тәуелсіз және егемен Қазақстанның тұтастығын сақтауға, этносаралық қатынастар мен келісімді, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген ерен еңбегі үшiн.

2-тарау. «Құрметті азамат» атағын беру тәртібі

4. «Құрметті азамат» атағына ұсынылушының әрқайсысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығымен бекітілген «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің үлгілік қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38935 болып тіркелген, бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша награда қағазы толтырылады.
«Құрметті азамат» атағын беру туралы қолдаухаттар жергілікті атқарушы органдарымен, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен еркін нысанда енгізіледі.
Награда қағазында «Құрметті азамат» атағына ұсынылатын тұлғаның жеке басы, тиісті қызмет саласындағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, тұлғаның еңбек, кәсіби немесе қоғамдық қызметі туралы мәліметтер, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер баяндалады.
Награда қағазына ұйым басшысы қол қояды және қол қойған ұйымдардың мөрлерiмен расталады.
«Құрметті азамат» атағына ұсынылғандардың әрқайсысына ұсыным жеке дайындалады.
Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия) отырысына дейін отыз күннен кем мерзімде келіп түскен награда құжаттары қарауға қабылданбайды.

5. Награда қағазы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссиямен ресімделеді.

6. Медальдар мен оларға куәліктерді дайындау, сондай-ақ оларды есепке алу және сақтау «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктеледі.

7. Өз кандидатураларын ұсынған тұлғалардан келіп түскен «Құрметті азамат» атағын беру туралы қолдаухаттар қаралмайды.

«Құрметті азамат» атағына ие тұлғаны қайта ұсынуға жол берілмейді.
«Құрметті азамат» атағын беру қайтыс болғаннан кейін еліміздің мүддесін қорғау кезінде және адам өмірін құтқаруға байланысты жағдайларда көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін жүзеге асырылуы мүмкін.

8. Қолдаухат Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияда қаралады.

9. Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

10. Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның шешімі ұсыныс сипатында болады және оның барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

11. «Құрметті азамат» атағы әр екі жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына он тұлғаға дейін берілуі мүмкін.

Шымкент қаласының мерейтойлық күніне орай «Құрметті азамат» атағы қосымша әр бес жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына бес тұлғаға дейін берілуі мүмкін.
Шымкент қаласы әкімінің ұсынысы бойынша қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей зілзаланың немесе өзге де авариялық жағдайлардың салдарын жоюға немесе алдын алуға көмек көрсеткен Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына «Құрметті азамат» атағы берілуі мүмкін.

12. «Құрметті азамат» атағын беру туралы Шымкент қаласы мәслихатының (бұдан әрі – мәслихат) шешімі жергілікті масс-медиада жарияланады.

13. «Құрметті азамат» атағы:

1) «Құрметті азамат» атағына ұсынылған кезде өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар тұлғаларға;

2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған тұлғаларға берілмейді.

3-тарау. Медаль мен куәлікті тапсыру тәртібі

14. «Құрметті азамат» атағын беру туралы мәслихаттың шешімі күшіне енген күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде аталған атақ берілген тұлғаға салтанатты түрде «Құрметті азамат» атағына медаль мен куәлік тапсырылады.

«Құрметті азамат» атағына медаль мен куәлікті Шымкент қаласының әкімі немесе мәслихаттың төрағасы тапсырады.

15. Медаль мен куәлікті тапсырар алдында мәслихаттың «Құрметті азамат» атағын беру туралы шешімі жария етіледі.

«Құрметті азамат» атағы берілген тұлғаға медаль мен куәлік жеке тапсырылады.
Егер «Құрметті азамат» атағы берілген тұлға денсаулық жағдайына байланысты тапсыруға келе алмаса, медаль мен куәлік оның орналасқан жерінде тапсырылуы мүмкін.
Қайтыс болғаннан кейін «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль қайтыс болған тұлғаның отбасы мүшелеріне тапсырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын ескере отырып қайтыс болған тұлғаның мұрагерлерінің келісімімен ресімделген «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль музейлерге сақтауға берілуі мүмкін.
Мұрагерлері болмаған жағдайда «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль музейлерге сақтауға беріледі.

16. «Құрметті азамат» атағына медаль Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындалады.

«Құрметті азамат» атағы берілген әрбір тұлғаға медальді тапсырумен бір мезгілде Үлгілік қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша медальға куәлік беріледі.
«Құрметті азамат» атағына берілетін куәлікке мәслихаттың төрағасы қол қояды.

17. Медальдер мен оларға берілетін куәліктерді дайындауға жұмсалатын шығыстар Шымкент қаласының бюджеті қаражаты есебінен қаржыландырылады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

18. Соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда «Құрметті азамат» атағынан айыру мәслихаттың шешімімен жүзеге асырылады.

19. «Құрметті азамат» атағынан айырылған тұлға осы атақты қайта алуға ұсыныла алмайды.

35 Шымкент қаласы мәслихатының

2026 жылғы 14 тамыздағы
№ 38/342-VIII шешіміне
2-қосымша
Шымкент қаласы мәслихатының күші жойылды
деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/378-6с шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29 болып тіркелген).

2. «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру Қағидасын бекіту туралы 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/378-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 20/173-VII шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29173 болып тіркелген).

3. «Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 маусымдағы № 4/43-VIII шешiмімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 181-17 болып тіркелген) бекітілген Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 1-тармағы.

4. «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/378-6с шешiмiне өзгеріс енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 11 маусымдағы № 27/244-VIII шешiмi. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36264 болып тіркелген).