Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении образца жетона сотрудников органов внутренних дел Республики Казахстан, а также порядка их выдачи

Бұйрық · № 587 · қабылданған 20.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229253/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении образца жетона сотрудников органов внутренних дел Республики Казахстан, а также порядка их выдачи Қолданыста 20.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении образца жетона сотрудников органов внутренних дел Республики Казахстан, а также порядка их выдачи

Қолданыста Бұйрық № 587 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении образца жетона сотрудников органов внутренних дел Республики Казахстан, а также порядка их выдачи
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің жетонының үлгісін, сондай-ақ оларды беру тәртібін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
587
Қабылданған күні
20.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
20.08.2026
Көрсетілген редакция
20.08.2026 I229253_0.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26C0000587
ЭКБ идентификаторы
229253
Редакция идентификаторы
I229253_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
28.08.2026 03:31
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары

қызметкерлерінің жетонының үлгісін,
сондай-ақ оларды беру тәртібін бекіту туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің жетонының үлгісі, сондай-ақ оларды беру тәртібі бекітілсін.

2. Ішкі істер министрлігінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрлігінің Жеке құраммен жұмыс жұмыс жөніндегі департаментінің бастығына (О.С. Мырзабековқа) жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің жетонының үлгісі, сондай-ақ оларды беру тәртібі

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2026 жылғы «20» тамыз № 587
бұйрығымен
БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары
қызметкерлерінің жетонының үлгісі,
сондай-ақ оларды беру тәртібі

1. Ішкі істер органдарында қызметте тұрған жоғары, аға және орта басшы құрамдағы барлық адамдарға жеке басын растау үшін жеке нөмірлер беріледі, олар қызмет еткен және запаста болған бүкіл уақыт бойы олардың атында сақталады және басқа ешкімге берілмейді.

Жеке нөмір серияны білдіретін орыс әліпбиінің бас әріпнен және алты таңбалы саннан тұрады. Жеке нөмір металл жетонға басылады, оның үлгісі мен сипаттамасы осы жетон үлгісіне 1-қосымшада баяндалған.

2. Жеке нөмірлерді беру құқық қорғау органы басшысының не уәкілетті басшының бұйрығымен басшы құрамның алғашқы арнайы шенін берумен біруақытта жүзеге асырылады.

3. Запастағы офицерлерге және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарынан, Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарынан келген адамдарға, ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлеріне, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ұқсас құрылымдары мен құқық қорғау органдарынан келген және Ішкі істер министрлігінің кадрларына қабылданған немесе ішкі істер органдарына қызметке тағайындалған адамдарға бұрынғы қызмет орнында немесе запас бойынша есепте тұрған жерінде берілген жеке нөмірлері сақталады.

4. Берілген жеке нөмірлер орта, жоғарғы және жоғары басшы құрамдағы адамдарды дербес және штаттық-лауазымдық есепке алудың барлық құжаттарына жазылады, сондай-ақ жеке құрам бойынша бұйрықтарда, қызметтік куәліктерде, ақшалай және заттай үлес құжаттарында, жоғары, аға және орта басшы құрамдағы адамдарға қатысты қызметтік хат-хабарларда көрсетіледі.

5. Жеке нөмірлері бар жетондар басшы құрамдағы адамдарға алғашқы арнайы шенді беру туралы бұйрықты біруақытта жариялай отырып табысталады. Жетондарды алған адамдар осы жетон үлгісіне 2-қосымшаға сәйкес жеке нөмірлері бар жетондарды алған басшы құрамдағы адамдарды есепке алу журналына алғаны туралы қол қояды. Журналда жетондар әр серияның өсу ретімен тізіледі. Журнал кадрлық аппараттың есепке алу тобында сақталады.

6. Ішкі істер министрлігінің кадрларына қабылданған запастағы офицерлерге, әскери басқару органдарынан қысқартылған әскери істерімен бірге келген жеке нөмірлері бар жетондар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің оларды Ішкі істер министрлігінің кадрларына қабылдау туралы бұйрығы жарияланған кезде табысталады, жетонды алғаны туралы олар қызметтік тізімнің титулдық бетінің төменгі жағына қол қояды.

7. Ішкі істер органдарынан отставкаға немесе запасқа шығарылған басшы құрамдағы адамдар (әскери міндеттілер және әскери міндетті еместер) әскери есепке тұру туралы ұйғарымдарды алған кезде жеке нөмірлері бар жетондарды кадр қызметтеріне тапсырады, олар жеке істерге тігіледі.

Әскери есепке алынған басшы құрамдағы адамдар офицерлік құрамның әскери шендерін беруге ұсынылған кезде олардың жеке нөмірлері бар жетондары Ішкі істер министрлігінің, Полиция департаментінің (көліктегі), білім беру ұйымдарының ведомстволық архивтерінен әскери басқару органдарының ресми сұрау салулары бойынша жіберіледі.

8. Полиция департаменті (көліктегі) және білім беру ұйымдары үшін жеке нөмірлер диапазонын бөлу Ішкі істер министрлігінің кадрлық аппараты арқылы қамтамасыз етіледі.

1.1 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары, аға және орта басшы құрамы үшін тұрақты жеке нөмірі бар жетонның үлгісі

«Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары
қызметкерлерінің жетонының
үлгісін, сондай-ақ
оларды беру тәртібін
бекіту туралы» бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
жоғары, аға және орта басшы құрамы үшін
тұрақты жеке нөмірі бар жетонның үлгісі
Жетон қалыңдығы 1,5-2 мм сопақ пішінді металл пластинка түрінде жасалады. Үлкен осі бойынша өлшемі 45 мм, кіші осі бойынша 26 мм.
Жетонның беткі жағында оның бойлық осі бойынша штамптелген жолақ болады. Жолақтың үстінде «ҚР ҚК» жазуы, ал астында – сериясы (орыс әліпбиінің әрпі) және жетон нөмірі орналасқан. Осы жазулардың сол жағында жетонды киім-кешекке немесе басшы (офицерлік) құрам адамының жеке ісіне тігу үшін диаметрі 4 мм тесік болады.
Жетонның жалпы түрі

1.2 ЖЕКЕ НӨМІРЛЕРІ БАР ЖЕТОНДАРДЫ АЛҒАН БАСШЫ ҚҰРАМДАҒЫ АДАМДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖУРНАЛЫ

«Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары
қызметкерлерінің жетонының
үлгісін, сондай-ақ
оларды беру тәртібін
бекіту туралы» бұйрыққа
2-қосымша
нысан
ЖЕКЕ НӨМІРЛЕРІ БАР ЖЕТОНДАРДЫ АЛҒАН
БАСШЫ ҚҰРАМДАҒЫ АДАМДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ
ЖУРНАЛЫ
_______________________________________________________________________
(органның, мекеменің атауы)
№р/с №
Тегі, аты, әкесінің аты
Туған жылы
Атағы
Жеке нөмірі
Жеке нөмірді беру туралы бұйрықтың № және күні
Жетонды алған адамның қолы
11
2
3
4
5
6
7