Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в Восточно-Казахстанской области

Қаулы · № 210 · қабылданған 24.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229270/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в Восточно-Казахстанской области Күшіне енбеген 24.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в Восточно-Казахстанской области

Күшіне енбеген Қаулы № 210 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в Восточно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
210
Қабылданған күні
24.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
11.09.2026
Көрсетілген редакция
24.08.2026 I229270_0.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V26V0039676
ЭКБ идентификаторы
229270
Редакция идентификаторы
I229270_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.09.2026 03:30
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 11.09.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Шығыс Қазақстан облысында құқық бұзушылық профилактикасына

қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 47-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Шығыс Қазақстан облысында құқық бұзушылықтардың профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары бекітілсін.

2. «Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5724 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін бірінші орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Шығыс Қазақстан облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2026 жылғы 24 тамыздағы
№ 210 Қаулысымен
бекітілген
Шығыс Қазақстан облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Шығыс Қазақстан облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 47-бабына сәйкес әзірленді және Шығыс Қазақстан облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібін, түрлерін, мерзімдерін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) қоғамдық көмекші – құқық бұзушылық профилактикасы субъектілеріне ерікті түрде жәрдем көрсету арқылы құқық бұзушылық профилактикасына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азамат;

2) құқық бұзушылық профилактикасы – құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және өзге де шаралар кешені;

3) уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген жергілікті атқарушы орган (соның ішінде аудан, қала әкімдігі), құқық қорғау органы және өзге де мемлекеттік орган.

2-тарау. Шығыс Қазақстан облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілерді, азаматтарды көтермелеудің тәртібі, түрлері мен мерзімдері, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері

3. Қоғамдық көмекшілерді көтермелеу мәселелерін мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша облыс ауданы, қаласы әкімінің аппараты жанынан құрылған құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарастырады.

Комиссия, егер олар тиісті аумақта құқық бұзушылықтың алдын алуға, жолын кесуге немесе оны ашуға тікелей ықпал еткен болса, облыс аумағында қоғамдық көмекші ретінде тіркелмеген азаматтарды да көтермелеуге құқылы.

4. Комиссияның құрамы және ол туралы Ереже облыстың тиісті облыс ауданы, қаласы әкімінің өкімімен бекітіледі. Комиссия мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік, құқық қорғау органдары, жұртшылықтың өкілдері қатарынан және Комиссия хатшысынан құрылады. Комиссия құрамы кемінде бес адамнан тұруы тиіс. Комиссияны ауданың, облыс ауданы, қаласы әкімі (Комиссия төрағасы), ал ол болмаған жағдайда – облыс ауданы, қаласы әкімінің орынбасары (Комиссия төрағасының орынбасары) басқарады. Комиссия хатшысы облыс ауданы, қаласы әкімі аппаратының штаттық қызметкері болып табылады және оның дауыс беру құқығы болмайды.

5. Мемлекеттік органдар Комиссияға құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілерді, азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды олардың құқық бұзушылық профилактикасына қатысуын растайтын материалдарды қоса бере отырып жібереді.

6. Ұсынымдарды Комиссия олар түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарауға тиіс. Қосымша материалдарды талап ету немесе ұсынылған мәліметтерді нақтылау қажет болған жағдайда, Комиссия төрағасы қарау мерзімін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бірақ, бұл туралы ұсыным бастамашысына хабарланады.

7. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай және мемлекеттік органдардың ұсынымдары түскен кезде өткізіледі. Қоғамдық көмекшілерді, құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу үшін Комиссия қабылдаған хаттамалық шешім негіз болып табылады. Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Комиссия отырысының хаттамасы ол қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде одан әрі іске асыру үшін тиісті уәкілетті органға жіберіледі.

8. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілерді, азаматтарды көтермелеу түрлері (шаралары) мыналар:

1) алғыс жариялау;

2) грамотамен наградтау;

3) ақшалай сыйақы төлеу;

4) білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;

5) ұйымдарға, кәсіпорындарға көтермелеу туралы ұсынымдарды жіберу;

6) құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдарды мемлекеттік наградамен марапаттау және оларға құрметті атақ беру туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің өзге де шараларын қолдануға құқылы.

9. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiнiң фото- және бейнежазбасын қоса бере отырып, уәкiлеттi органдарға хабарлама жiберген азаматтар құқық бұзушыдан өндiрiп алынған айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен көтермеленуi мүмкiн. Азамат сыйақы алушы ретінде Қазақстан Республикасында тіркелген қайырымдылық ұйымын көрсетуге құқылы.
Анонимді хабарламалар ақшалай сыйақымен көтермелеуге негіз болып табылмайды.
Көтермелеуді алу үшін азамат уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

10. Уәкілетті орган азаматтардан түскен өтініштерді әкімшілік құқық бұзушылықтың көрсетілген фактісін растау тұрғысынан қарастырады және ақпараттың бастапқы дереккөзін тексереді (азаматтың хабарламасы түскен сәтте құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен (камералармен) және аспаптармен тіркелмеген не уәкілетті лауазымды тұлғалармен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен немесе өзге де үшінші тұлғалармен анықталмаған болуы тиіс).
Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі расталғаннан, іс бойынша қаулы заңды күшіне енгеннен және әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды толық төлегеннен кейін, көтермелеуді төлеу үшін қажетті бюджет қаражаты болған жағдайда, уәкілетті орган ұсыным қалыптастырады және айына бір рет Комиссияға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген негіз бойынша көтермелеуден үміткер азаматтардың тізімі бар ұсынымды жібереді.
Мұндай азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымдар Комиссиямен осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мерзімде қаралуға жатады.
Комиссия уәкілетті органдардың ұсынымдары негізінде азаматтарды құқық бұзушыдан өндіріліп алынған айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен көтермелеуді ұсыну немесе бас тарту туралы хаттамалық шешім шығарады.
Комиссияның хаттамалық шешімін ескере отырып, жергілікті атқарушы орган тиісті шешім (қаулы) шығарады.
Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу және оларға ақшалай қаражат төлеу үшін жергілікті атқарушы органның шешімі негіз болып табылады.

11. Комиссия көтермелеу түрін, соның ішінде ақшалай сыйақының мөлшерін қоғамдық көмекшінің, азаматтың құқық бұзушылық профилактикасына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан жеке үлесін ескере отырып, белгілейді.

Ақшалай сыйақы төлеу 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.
Көтермелеу мөлшерін айқындау кезінде Комиссия шешім шығарған сәтте қолданыста болатын АЕК қолданылады.

12. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілер мен азаматтарға ақшалай сыйақы төлеуді уәкілетті органдар тиісті қорытынды актіге (сәйкесінше Комиссия хаттамасына немесе жергілікті атқарушы органның шешіміне) қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей, азаматтардың ағымдағы банктік шоттарына (немесе олар көрсеткен қайырымдылық ұйымдарына) ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.
Ақшалай сыйақы төлеу көтермелеуге ұсыным енгізген, жергілікті бюджетте осы мақсаттарға көзделген уәкілетті органдардың қаражаты есебінен жүргізіледі.

32 Шығыс Қазақстан облысында құқық

бұзушылық профилактикасына
қатысатын азаматтарды көтермелеу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
________________________________
________________________________
(уәкілетті органның атауы)
ӨТІНІШ
Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлағаны үшін көтермелеуді алуға
Азаматтан (азаматшадан) ________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Туған күні: _________ жылғы «_____» ____________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН): ___________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: __________________________________________
Сериясы: ______________ нөмірі: __________________________________________________
Кім берді: __________________, берілген күні: «_______» __________ _____ жыл.
Нақты тұратын / тіркелген мекенжайы (керек емесін сызып тастаңыз):
Облыс (қала) __________________________ (аудан) __________________________________
Көше (шағын аудан) ___________________________ үй ____________ пәтер ___________
Осы өтінішпен «____» ____________ 20____ жылы «____» сағат «___» минутта менің тарапымнан әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелгенін хабарлаймын, ол мынадан көрініс тапты: ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(құқық бұзушылықтың мәнін, орны мен мән-жайларын қысқаша көрсету)
Аталған хабарлама фото-, бейнетіркеу материалдарымен бірге менің тарапымнан уәкілетті органға: ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауын көрсету)
мына құрал арқылы жіберілді: _______________________________________________________
(және жіберу арнасы: «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі, «102» мобильді қосымшасы, кезекші бөлім және т.б.)
Хабарлама жіберілген сәтте аталған әкімшілік құқық бұзушылық фактісі менің жүгінуіме дейін автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдармен (фото- және бейнетіркеу камераларымен) және аспаптармен немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен тіркелмегенін растаймын.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 3-тармағына сәйкес маған көтермелеу тағайындау мәселесін қарауыңызды сұраймын.
Көтермелеуді төлеуді мына мекенжайға жүргізуді сұраймын (қажетті нұсқаны [V] белгісімен белгілеңіз):
Менің ағымдағы банктік шотыма:
жиырма таңбалы шот нөмірі (IBAN): KZ_____________________________
банкте (қаржы ұйымының атауы): ________________________________
Қайырымдылық ұйымының шотына:
Ұйымның толық атауы: ____________________________________________
Ұйымның БСН: __________________________, шот (IBAN) _________________KZ
банкте: ___________________________________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

1. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

2. Ағымдағы банктік шоттың бар екендігі туралы анықтама (IBAN туралы хабарлама).

3. Фото-, бейнетіркеу материалдары (электрондық тасымалдағышта ұсынылған жағдайда).

Маған көрінеу жалған мәліметтер бергені үшін жауаптылық туралы ескертілді.
Құқық бұзушылық профилактикасына көрсетілген жәрдем үшін көтермелеуді тексеру, тағайындау және төлеу үшін қажетті менің дербес деректерімді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
Ұялы телефон: ___________________________ E-mail: ___________________________
Өтініш берілген күн: «___» ___________ 20 ___ жыл
Өтініш берушінің қолы: _________________________

36 Шығыс Қазақстан облысында құқық

бұзушылық профилактикасына
қатысатын азаматтарды көтермелеу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Мемлекеттік органның елтаңбалық бланкісінде
«___» _________20 ___ жылғы № ___
_______________________________________
(уәкілетті органның атауы)
Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу туралы
ҰСЫНЫМ
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған және көтермелеу алуға өтініш жіберген азаматтардың тізімін Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияның қарауына ұсынамыз:
Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті орган азаматтардың аталған хабарламалары құқық бұзушылық анықтауға (ашуға) тікелей ықпал еткені және ақпараттың бастапқы дереккөзі деп танылғаны (бұрын бұл құқық бұзушылықтар автоматты түрде тіркейтін техникалық құралдармен немесе лауазымды тұлғалармен тіркелмегені) фактісін растады.
Осы ұсынымды жасау сәтінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаларға қатысты қаулылар заңды күшіне енді, салынған әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленді.

Аза­мат­тың Т.А.Ә., ЖСН
Құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның кү­ні мен мәні
Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс бой­ын­ша қа­улы­ның нө­мі­рі мен кү­ні
Тө­лен­ген ай­ып­пұл со­ма­сы (тө­лен­ген кү­ні)
Ұсы­ны­ла­тын кө­тер­ме­леу мөл­ше­рі
(АЕК-пен,
10 АЕК-тен ас­пай­ды)
Аза­мат­тың ағым­да­ғы банк­тік шо­ты (IBAN)/қай­ы­рым­ды­лық ұй­ы­мы­ның ата­уы, БСН неме­се шо­ты
Азаматтардың жіберген өтініштері және растаушы құжаттар қоса беріледі.
Басшы __________________________________________________________________________
тегі, аты-жөнінің бас әріптері (қолы)
Ұсыным берілген күн: «___» ___________ 20 ___ жыл