Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 198
- Қабылданған күні
- 24.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2026 229284_836653.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26UF00198A
- ЭКБ идентификаторы
- 229284
- Редакция идентификаторы
- 229284_836653
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 27.08.2026 03:30
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
«Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өтінішін қарап, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17, 69 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Қазығұрт аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қақпақ ауыл округі, Қақпақ елді мекені, Мектеп көшесі, №10 үй мекен-жайы бойынша; «Ет өңдеу зауыт объектісін электрмен жабдықтау желілерін салу» нысанына жеткізуші электр желісін ВЛ-35кВ орналастыру үшін жалпы алаңы 0,471260 га (4712,66 метр) жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. «Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;