Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения «Отдел физической культуры и спорта акимата Таласского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения «Отдел физической культуры и спорта акимата Таласского района»
- Атауы (қаз.)
- «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 01-171
- Қабылданған күні
- 19.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2026 229287_836661.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26GJ01171A
- ЭКБ идентификаторы
- 229287
- Редакция идентификаторы
- 229287_836661
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 27.08.2026 03:31
0 «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру
және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі (одан әрі - Ереже) жаңа редакцияда бекітілсін.
2. «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдауды;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Талас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Талас ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Талас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қазандағы №387 Қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
9 Талас ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «19» тамыздағы
№01-171 қаулысының қосымшасы
«Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
1) «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Талас» футбол клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3. «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық - құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
6. «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда ол мемлекеттiң атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемеcі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық индексі: 080800, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Шахтер көшесі №28 «В».
10. Осы ереже «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі орындау тұрғысынан шарттық қарым - қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
Аудандық деңгейде дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
- өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз фукцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;
- сотта талапкер және жауапкер болу, сондай-ақ заңнамаға қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
- ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметіне мониторингті, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру, меншіктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар;
2) Міндеттері:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
- мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;
- Бағынысты мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
15. Функциялары:
1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп - тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;
2) барлық спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы, бұқаралық спорт түрлері бойынша, сондай – ақ ардагер және мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесіп аудандық спорттық жарыстар өткізеді;
3) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз етеді;
4) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
5) тиісті әкімшілік - аумақтық аудан аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
6) балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру, оның ішінде бейімделген дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;
7) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;
8) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
9) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;
10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
11) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;
12) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудан құрама командаларын қалыптастырады және бекітеді;
13) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
14) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
15) аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;
16) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
17) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
18) халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылармен қамтамасыз етеді;
19) халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шараларды өткізу мақсатында білім беру ұйымдарының спорт құрылысжайларын сабақтан тыс және кешкі уақытта пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды;
20) бюджет қаражатының көлемдері шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;
21) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
22) мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және мақсатты игерілуінің барлық кезеңі мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді;
23) мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, дене шынықтыру мен спортты дамытуға арналған ауданның даму бағдарламасын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау;
24). ауданда дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру;
25) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басқаруды «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мекемесінің бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мекемесінің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
19. «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;
2) белгіленген тәртіпте атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;
3) мекеменің құзыретіне мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;
4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
5) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;
6) шарттар жасасады;
7) сенімхаттар береді;
8) банк есеп шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;
9) қызметкерлердің іссапарларының, тағылымдамадан өтудің және біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
10) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
12) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шарасын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
13) ведомстволық бағыныстағы мекеме, кәсіпорын басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
14) заңнамаға сәйкес мекемеге бағынысты спорт ұйымдарының тиісті қызметшілерін аттестаттауды және ротациялауды жүргізеді;
15) өз құзыреті шегінде спорт саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;
17) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін
«Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк сондай-ақ қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асады.
22. «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі: