Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов Министра внутренних дел Республики Казахстан

Бұйрық · № 593 · қабылданған 24.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229300/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов Министра внутренних дел Республики Казахстан Күшіне енбеген 24.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О признании утратившими силу некоторых приказов Министра внутренних дел Республики Казахстан

Күшіне енбеген Бұйрық № 593 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов Министра внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
593
Қабылданған күні
24.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
07.09.2026
Көрсетілген редакция
24.08.2026 I229300_0.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039681
ЭКБ идентификаторы
229300
Редакция идентификаторы
I229300_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
28.08.2026 03:30
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2. Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

8 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
2026 жылғы 24 тамыздағы
№ 593 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
күші жойылған кейбір бұйрықтардың
тізбесі

1. «Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13694 болып тіркелген);

2. «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарының 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16733 болып тіркелген);

3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 91 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізімінің 15-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20004 болып тіркелген);

4. «Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 763 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21587 болып тіркелген);

5. «Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 27 шiлдедегі № 442 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23740 болып тіркелген);

6. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізімінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33708 болып тіркелген).