Об утверждении правил передачи в государственные музеи Республики Казахстан всех индивидуальных археологических находок, полученных физическими и юридическими лицами Республики Казахстан и других государств в результате археологических работ на территории Республики Казахстан и передачи в государственные музеи Республики Казахстан археологических находок, обнаруженных физическими лицами на территории Республики Казахстан вне археологических работ
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил передачи в государственные музеи Республики Казахстан всех индивидуальных археологических находок, полученных физическими и юридическими лицами Республики Казахстан и других государств в результате археологических работ на территории Республики Казахстан и передачи в государственные музеи Республики Казахстан археологических находок, обнаруженных физическими лицами на территории Республики Казахстан вне археологических работ
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық жеке-дара археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстардан тыс тапқан археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 409-НҚ
- Қабылданған күні
- 25.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2026 I229305_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039685
- ЭКБ идентификаторы
- 229305
- Редакция идентификаторы
- I229305_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 29.08.2026 03:30
0
Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық жеке-дара археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстардан тыс тапқан археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидаларын бекіту туралы
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34-3-бабының 1 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық жеке-дара археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстардан тыс тапқан археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық жеке-дара археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстардан тыс тапқан археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 25 тамыздағы
№ 409-НҚ Бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық жеке-дара археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстардан тыс тапқан археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық жеке-дара археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстардан тыс тапқан археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-3-бабының 1 және 5-тармақтарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық жеке-дара археологиялық олжалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне берілу тәртібін және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстардан тыс тапқан археологиялық олжалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне берілу тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай цифрлық жүйе (бұдан әрі – цифрлық жүйе) – археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері туралы деректерді басқаруды қамтамасыз ететін цифрлық объект;
2) жеке-дара археологиялық олжалар – ерекше тарихи, мәдени, ғылыми құндылығы бар және зерттелетін тарихи-мәдени мұра объектісінің мәдени-хронологиялық ерекшеліктерін көрсететін археологиялық олжалар;
3) музейдің қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясы – музей қорларын қалыптастыру үшін мәдени құндылықтарды сатып алу және іріктеу мәселелерін қарау мақсатында мемлекеттік музей жанынан құрылатын алқалы орган;
4) тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссия (бұдан әрі – арнайы комиссия) – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау мақсатында уәкілетті органның жанынан құрылған консультативтік-кеңесші орган;
5) тарихи-мәдени мұра объектілері – тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым, техника, эстетика, этнология, антропология, әлеуметтік мәдениет тұрғысынан қызығушылық туғызатын, тарихи процестер мен оқиғалар нәтижесінде пайда болған, өздерімен байланысты бейнелеу, мүсін, қолданбалы өнер, ғылым, техника туындылары және материалдық мәдениеттің өзге де заттары бар жылжымайтын объектілер;
6) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық жеке-дара археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру тәртібі
3. Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары (бұдан әрі – Жұмыстарды орындаушылар) археологиялық жұмыстар аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға қағаз жеткізгіште немесе цифрлық жүйе арқылы мынадай құжаттарды жолдайды:
1) жүргізілген археологиялық жұмыстардың нәтижелері мен табылған археологиялық объектілер мен олжалар туралы қысқаша ғылыми есеп;
2) жұмыстарды орындаушы туралы мәліметтерді, тарихи-мәдени мұра объектісінің (археологиялық ескерткіштің) атауы мен орналасқан жерін, лицензияның деректемелерін, сондай-ақ мемлекеттік музейге тапсыруға ұсынылатын жеке-дара археологиялық олжалардың еркін нысандағы тізбесін;
3) әрбір заттың сипаттамасы (атауы, өлшемі, материалы, жасалу техникасы, мерзімделуі, сақталу жағдайы) мен әрбір бұйымның түрлі-түсті фотосуреттері қоса берілген ілеспе хат.
4. Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тізбеге жалпы археологиялық олжалар (керамика фрагменттері, остеологиялық материал және ерекше құндылығы жоқ өзге де біртектес заттар) енгізілмейді, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийіне тапсырылуға жатады.
5. Уәкілетті орган келіп түскен құжаттарды олар тіркелген күннен бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күн ішінде қарастырады. Ұсынылған құжаттар топтамасының толық еместігі анықталған жағдайда, уәкілетті орган құжаттар тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Жұмыстарды орындаушыға жетіспейтін құжаттарды нақты көрсетіп, жазбаша немесе электрондық нысанда сұрау салу жолдайды. Сұрау салу жолданған сәттен бастап құжаттарды қарау мерзімі Жұмыстарды орындаушы тиісті құжаттарды ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.
6. Құжаттар толық болған жағдайда, уәкілетті орган оларды жеке-дара археологиялық олжалардың ерекше тарихи, мәдени, ғылыми құндылығын растау және тиісті музейді анықтау бойынша ұсынымдар алу үшін құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде арнайы комиссияның қарауына жібереді.
7. Арнайы комиссия материалдар келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және мемлекеттік музейдің бейіні мен олжалар табылған жерді ескере отырып, жеке-дара археологиялық олжаларды мемлекеттік музейге (республикалық немесе жергілікті маңызы бар) беру туралы ұсынымдар әзірлейді.
8. Арнайы комиссияның ұсынымы негізінде уәкілетті орган ұсыным келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жеке-дара археологиялық олжаларды мемлекеттік музейге тұрақты сақтауға беру туралы шешім қабылдайды және бұл туралы Жұмыстарды орындаушыны және тиісті мемлекеттік музейді шешім қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етеді.
9. Жұмыстарды орындаушылар жеке-дара археологиялық олжаларды уәкілетті орган айқындаған мемлекеттік музейге хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде тапсыруға міндетті. Аталған мерзім толыққанды ғылыми өңдеу, зертханалық талдаулар, реставрация жүргізу және олжаларды ғылыми айналымға енгізу (жариялау) мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін белгіленеді.
10. Жеке-дара археологиялық олжаларды мемлекеттік музейге тұрақты сақтауға тапсыру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Археологиялық жұмыстар нәтижесінде алынған жеке-дара археологиялық олжаларды тұрақты сақтауға қабылдау-тапсыру туралы актімен (бұдан әрі – Қабылдау-тапсыру актісі) рәсімделеді. Қабылдау-тапсыру актісі үш данада жасалады, оның бір-бір данасы Жұмыстарды орындаушы мен музейде сақталады, ал үшінші данасын мемлекеттік музей рәсімделген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жолдайды.
11. Рәсімдеу кезінде мемлекеттік музей осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұсынылған тізбеге сәйкес жеке-дара археологиялық олжалардың нақты бар-жоғын, олардың сипаттамаларын және визуалды сақталу жағдайын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
3-тарау. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстардан тыс тапқан археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру тәртібі
12. Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстар жүргізуден тыс археологиялық олжаларды кездейсоқ тапқан жеке тұлғалар олардың сақталуын қамтамасыз етуге және табылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ең жақын орналасқан мемлекеттік музейді немесе жергілікті атқарушы органды жазбаша түрде (қолма-қол, пошта байланысы арқылы немесе «e-Otinish» өтініштердің бірыңғай базасы арқылы) хабардар етуге міндетті.
Ерекше тарихи, мәдени, ғылыми құндылығы жоқ археологиялық олжалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийіне тапсырылуға жатады.
13. Мұндай олжаларды мемлекеттік музейге беру жеке тұлғаның еркін нысанда жасалатын және тікелей мемлекеттік музейдің кеңсесіне (қағаз және (немесе) электрондық) жолданатын өтініші негізінде жүзеге асырылады.
14. Өтінішті қабылдаған мемлекеттік музей өтініш тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде олжаның ерекше тарихи, мәдени, ғылыми құндылығын айқындау мақсатында өзінің қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясының отырысын өткізу арқылы бастапқы сараптаманы ұйымдастырады. Сараптама барысында заттардың визуалды сипаттамалары зерделеніп, ғылыми деректермен салыстыру жүргізіледі.
15. Археологиялық олжаның ерекше тарихи, мәдени, ғылыми құндылығы расталған жағдайда (жеке-дара археологиялық олжа деп танылса), ол осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Археологиялық жұмыстардан тыс жеке тұлғалар тапқан археологиялық олжаларды қабылдау туралы акт негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік музей қорына тұрақты сақтауға қабылданады. Егер бастапқы сараптама нәтижесінде олжаның ерекше тарихи, мәдени, ғылыми құндылығы расталмаса (жалпы археологиялық олжаларға немесе материалдарға жатқызылса), мемлекеттік музей аталған олжаларды сараптама қорытындысы шыққан күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийіне беруді жүзеге асырады.
16. Жеке тұлғалардан қабылданған археологиялық олжалар туралы мәліметтер музейдің деректер базасына енгізіледі және оларды цифрлық жүйеде есепке алу үшін уәкілетті органға жолданады.
1 Археологиялық жұмыстар нәтижесінде алынған жеке-дара археологиялық олжаларды тұрақты сақтауға қабылдау-тапсыру туралы АКТ №___
Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық жеке-дара археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстардан тыс тапқан археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидаларына
1-қосымша
Археологиялық жұмыстар нәтижесінде алынған жеке-дара археологиялық
олжаларды тұрақты сақтауға қабылдау-тапсыру туралы
АКТ №___
Күні: «__» ________ 20__ ж.
Жасалған орны: _________________.
Негізі: Тарихи-мәдени мұра жөніндегі арнайы комиссияның ________ ж. №____ ұсынымы.
Тапсырушы тарап: __________________________________________________
(Ұйымның атауы, басшысының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) лицензия деректері
№___,____ ж.).
Қабылдаушы тарап: __________________________________________________.
(Мемлекеттік музейдің атауы)
Біз, төменде қол қоюшылар, осы актіні археологиялық жұмыстар жүргізілген
________________________ нысанында (орналасқан жері: ______________________)
алынған төмендегі жеке-дара археологиялық олжаларды Орындаушы тапсырып,
Музей қабылдайтыны туралы жасадық.
№ р/с
Заттың атауы
Далалық тізім бойынша шифры/№
Материалы мен жасалу техникасы
Өлшемдері
Датировкасы
Сақталу жағдайы (тапсыру сәтінде)
Фотосуреттер
1
Барлығы тапсырылды: ___________ (жазбаша) дана.
Техникалық жағдайы: (Консервация немесе реставрация іздерінің болуы, сондай-ақ өңдеу кезеңіндегі кез келген өзгерістер көрсетіледі).
Орындаушыдан тапсырды: ___________ (Қолы/М.О.).
Музейден қабылдады: ___________ (Қолы/М.О.).
2 Археологиялық жұмыстардан тыс жеке тұлғалар тапқан археологиялық олжаларды қабылдау туралы АКТ №___
Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық жеке-дара археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстардан тыс тапқан археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидаларына
2-қосымша
Археологиялық жұмыстардан тыс жеке тұлғалар тапқан археологиялық
олжаларды қабылдау туралы
АКТ №___
Күні: «__» ________ 20__ ж.
Жасалған орны: _________________.
Өтініш беруші: _____________________________________________________________________.
(Т.А.Ә.(ол болған жағдайда), ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны)
Музей _______________________________ атынан Өтініш берушіден оның «__» ______ 20__ ж.
келесі жағдайларда тапқан заттарын қабылдады: _________________ (нақты табылған орны мен
тәсілі көрсетіледі).
№ р/с
Заттың қысқаша сипаттамасы
Саны
Материалы (болжамды)
Сақталу жағдайы
Фотосуреттер
1
Алғашқы сараптама: (Тарихи-мәдени құндылығын анықтау туралы қорытындының нөмірі мен күні көрсетіледі).
«Қазына» мәртебесі: □ Иә / □ Жоқ.
Егер «Иә» болса: Тәуелсіз бағалау нәтижесі бойынша құны: _________ теңге. Сыйақы мөлшері (50%): _________ теңге.
Заттарды тапсырды: ___________ (Өтініш берушінің қолы).
Заттарды қабылдады: ___________ (Музей қызметкерінің қолы).