О ставках земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының мөлшерлемелері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6-43 с
- Қабылданған күні
- 20.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2027
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2026 229314_837228.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26SM00643M
- ЭКБ идентификаторы
- 229314
- Редакция идентификаторы
- 229314_837228
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.09.2026 04:09
0 Жер салығының мөлшерлемелері туралы
📌 Ескерту. 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3-тармағымен.
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 582-бабы 1-тармағына сәйкес, Уәлиханов ауданындық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерінен басқа, Салық кодексінің 577, 578-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
3. Осы шешім 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
4 Уәлиханов ауданы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Уәлиханов аудандық мәслихатының
2026 жылғы 20 тамыздағы
№ 6-43 с шешіміне
қосымша
Уәлиханов ауданы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Жер салығының мөлшерлемелері туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 3-25 с шешімі (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4694 болып тіркелген).
2. «Уәлиханов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 3-25с «Жер салығының мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 6-52 с шешімі (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6128 болып тіркелген).
3. «Уәлиханов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 3-25 с «Жер салығының мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 2-5 с шешімі (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7284 болып тіркелгенді.
4. «Уәлиханов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 3-25 с «Жер салығының мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2022 жылғы 19 мамырдағы № 3-18 c шешімі (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28184 болып тіркелген).