Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах структуры местного государственного управления Северо-Казахстанской области

Қаулы · № 232 · қабылданған 25.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229333/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О некоторых вопросах структуры местного государственного управления Северо-Казахстанской области Қолданыста 25.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О некоторых вопросах структуры местного государственного управления Северо-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы № 232 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах структуры местного государственного управления Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
232
Қабылданған күні
25.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
27.08.2026
Көрсетілген редакция
25.08.2026 229333_836903.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26S000232A
ЭКБ идентификаторы
229333
Редакция идентификаторы
229333_836903
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:07
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымының кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысының басқару сызбасын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 32/2 шешімінің негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар, өкілеттіктер мен штат бірліктері берілсін.

3. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

4. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 01 шілдедегі № 155 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

5. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1) заңды тұлғаны әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді;

2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

6. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1) заңды тұлғаға енгізілген өзгерістерді мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

15 «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2026 жылғы «25» тамыздағы
№ 232 қаулысымен
бекітілді
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Петропавл қаласы, 2026 жыл

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) стратегиялық жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, ауылдық аумақты дамыту, жергілікті инвестициялық жобаларды қалыптастыру, халық популяциясы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымы – «Солтүстік Қазақстан облысының жобалық басқару орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар.

3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Басқарма коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрінің таңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, Басқарма мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150011, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 58.

10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

11. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары мен өкілеттіктер

13. Міндеттері:

мына салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру:

1) cтратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау;

2) Солтүстік Қазақстан облысында ұлттық экономикалық саясатты іске асыруды сала аралық және өңірішілік үйлестіру;

3) ауылдық аумақты дамыту;

4) жергілікті инвестициялық жобаларды қалыптастыру;

5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік;

6) сыртқы экономикалық және шекара маңындағы ынтымақтастық.

14. Өкілеттіктері:

құқықтары:

1) облыс әкімі мен әкімдігіне қарауға дамудың негізгі бағыттары, бюджеттік жоспарлау саласындағы мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;

2) облыс әкіміне облысты дамыту мақсаттары, басымдықтары мен стратегиясы бойынша ұсыныстар енгізеді;

3) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы және өзге де органдардан, ведомстволардан қажетті ақпаратты сұратып, алады;

міндеттері:

1) мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен анықтығы бойынша жұмысты, оның ішінде «Ашық деректер», «Ашық бюджеттер», «Ашық НҚА» порталдарын толтыру мен сүйемелдеу жұмысын жүзеге асырады;

2) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен Басқарманың қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізеді;

3) облыс әкімдігінің және мәслихатының, облыстың және өзге де атқарушы органдар алқаларының отырыстарына қатысады;

4) Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындайды.

15. Функциялары:

1) Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың үш жылдық кезеңге арналған болжамының жобасын әзірлеу;

2) департаменттермен және салалық басқармалармен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың бес жылдық кезеңге арналған жоспарын әзірлеу, түзету және мониторинг жүргізу;

3) облыстың атқарушы органдарының, аудандар және қаланың экономика бөлімдерінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеу мәселелері бойынша қызметіне әдіснамалық басшылық ету, үйлестіру;

4) облыстың, аудандардың және Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және мониторингілеу;

5) Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық паспортын қалыптастыру;

6) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне, Президенті Әкімшілігіне, Үкіметі Аппаратына және облыс әкімінің аппаратына облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат дайындау;

7) Басқарманың құзыретіне жатқызылған облыстық іс-шаралар жоспарларын және өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысу;

8) Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша республикалық және облыстық бағдарламалық құжаттарды, іс-шаралар жоспарларын және өзге де құжаттарды іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат дайындау;

9) мемлекеттік инвестициялық жобалардың инвестициялық ұсыныстарына, техникалық-экономикалық негіздемелерге, қаржы-экономикалық негіздемелерге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік/концессия жобалары үшін әзірленетін құжаттамаға экономикалық қорытынды дайындау;

10) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын/концессия объектілерін, бюджеттік инвестициялық жобаларды, жергілікті бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялық жобаларды, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялық жобаларды қоса, бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша құжаттарды экономикалық сараптама жүргізу үшін жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаға жіберу;

11) бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде әзірлеу немесе түзету тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік/концессия жобаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптама жүргізу жөніндегі тізбені қалыптастыру;

12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастыру және бекіту;

13) бюджеттік инвестициялық жобалар мен бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына мониторинг және бағалау жүргізу;

14) Қазақстан Республикасы мен жақын және алыс шетел арасындағы ынтымақтастық бағдарламалары мен жол карталарын іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты дайындау;

15) жақын және алыс шетелмен ынтымақтастық туралы ақпарат дайындау;

16) Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялар отырыстарының хаттамаларын орындау туралы ақпарат дайындау;

17) Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпы ұлттық жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты дайындау;

18) облыстың және аудандардың атқарушы органдарының ауылдық аумақты дамыту мәселесі жөніндегі қызметіне әдіснамалық басшылық ету, үйлестіру;

19) өз құзыреті шегінде «Ауыл — ел бесігі» жобасын іске асыруды үйлестіру;

20) Облыстың елді мекендерінің өңірлік стандарттар жүйесі бойынша жиынтық ақпарат дайындау;

21) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 — 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы ақпаратты дайындау;

22) өз құзыреті шегінде «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыруды үйлестіру;

23) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;

24) облыстың Перспективалы ауылдық елді мекендерінің тізбесін қалыптастыру;

25) өз құзыреті шегінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру;

26) жобалық басқаруды енгізу саласындағы жұмысты үйлестіру;

27) Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының, орталық атқарушы органдардың, облыс әкімі мен әкімдігінің тапсырмаларын орындау;

28) бухгалтерлік есеп пен есептілікті, кадр-құқық жұмысын, әкімшілік-шаруашылық қызметті жүргізу;

29) жергілікті бюджетке түсетін түсімді болжау;

30) облыстық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

31) облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттері арасындағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферт көлемін айқындау;

32) облыстық бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыс лимитін және жоспарлы кезеңге жаңа бастамаларға арналған лимитті айқындау және оны бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне хабарлау;

33) жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің жобасын әзірлеу және тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті нақтылау және түзету жөнінде ұсыныс беру;

34) облыстық бюджетті бекіту, облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферт көлемі, облыстық бюджетті нақтылау, түзету туралы және құзырет шегіндегі басқа да мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының және облыстық мәслихат сессиясы шешімдерінің жобаларын дайындау;

35) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіпте облыс әкімдігінің облыстық мәслихаттың жоспарланатын кезеңге арналған облыстық бюджет туралы шешімдерін іске асыру туралы қаулыларының және бюджет саясаты бойынша басқа да қаулыларының жобаларын дайындау;

36) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет өтінімдерін бюджет және өзге де заңнамаға сәйкестігі, қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан қарау және олар бойынша қорытынды дайындау;

37) мемлекеттік органдардың қызметін функциялық талдау.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

16. Басқармаға басшылық етуді Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

Басқарма жұмысын ұйымдастыру және басқару;
қаржы-экономикалық процесті басқару;
бюджеттік инвестицияны жоспарлау жұмысын ұйымдастыру;
мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру;
орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелердің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындау;
Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату;
Басқарма қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану мәселесін шешу;
Басқарманың бұйрықтарына қол қою, Басқарма қызметкерлері міндетті түрде орындайтын нұсқаулар беру;
Басқарманы мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда білдіру;
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етедi;
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауапты болады;
ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдігі туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
Басқарманың құрылымын бекіту.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

95 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ЕРЕЖЕ

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2026 жылғы «25» тамыздағы
№ 232 қаулысына
2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы «01» шілдедегі
№ 155 қаулысымен
бекітілді
«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы
ЕРЕЖЕ
Петропавл қаласы, 2026 жыл

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында облыстық бюджетті атқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының ведомстволары жоқ.

3. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, рәміздері мен айырым белгілері (болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрлері, атауы қазақ және орыс тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

6. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

7. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiпте Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

8. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 150011, Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесi, 58.

10. Осы ереже Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.

11. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасына кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасына заңдармен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiс егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттiк бюджетке жiберiледi.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері

13. Міндеттері:

1) жергілікті бюджетті атқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) бюджет есебін жүргізу және жергілікті бюджетті атқару жөнінде қаржы және бюджет есебін жасау;

3) құзырет шегінде мүдделі тұлғаларды толық және расталған ақпаратпен қамтамасыз ету.

14. Өкілеттіктері:

құқықтары:

1) мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен, ұйымдармен және азаматтармен келісім бойынша белгіленген тәртіпте Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасының алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат сұратып, алады;

міндеттері:

1) облыс әкімдігі мен әкіміне қарауға дамудың негізгі бағыттары, бюджетті атқару саласындағы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізеді;

2) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасайды;

3) мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен анықтығы, оның ішінде «Ашық дерек», «Ашық бюджет», «Ашық НҚА» порталдарын толықтыру және сүйемелдеу жұмысын жүзеге асырады.

15. Функциялары:

1) өз құзыреті шегiнде облыс әкiмінiң және әкiмдiгiнiң нормативтiк құқықтық және құқықтық актiлерiнің жобаларын әзiрлеу және дайындау;

2) мемлекеттiк қызмет туралы заңнама ережелеріне сәйкес кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асыру;

3) облыстық бюджет және басқарма құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша баяндамалар, түсіндірме жазбалар, ақпараттық-аналитикалық материалдар және анықтамалар дайындау;

4) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі салымдарға (депозиттерге) уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру рәсімін жүзеге асыру;

5) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, облыстық бюджеттің төлемі бойынша түсім мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасау, бекіту және жүргізу, оларға өзгерістер енгізу;

6) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған мемлекеттік мекемелердегі өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден мемлекеттік мекемелер алатын ақша түсімі мен шығысының жиынтық жоспарларын келісу;

7) республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен берілген бюджет кредитін беру, қызмет көрсету, оларды есептеуді, мониторинг жасауды және қайтаруды қамтамасыз ету;

8) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасын күтіп-ұстау қызметін қамтамасыз ету;

9) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет және шоғырландырылған қаржы есебін жасау және беру;

10) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қазынашылық органдарында мемлекеттік мекемелердің атауын өзгерту жөніндегі өтінішхаттарын қарау және белгіленген нысанда өтінім дайындау;

11) бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес әкімшілік ететін түсім коды бойынша артық (қате) төленген түсім сомасын бюджеттен қайтаруды және (немесе) облыстық бюджетке аударуды қамтамасыз ету;

12) облыстық мәслихаттың шешімімен тиісті қаржы жылына бекітілген сома шегінде облыстық бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенция бойынша қаржыландыру жоспарларын жүргізу;

13) республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттің пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған), соның ішінде бюджет заңнамасында белгіленген тәртіпте нысаналы белгіленуі бойынша пайдаланылмаған соманы қайтару;

14) жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу жөніндегі өтінішхаттарды қарау және қорытынды беру;

15) бюджет мониторингі;

16) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу және бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

17) мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару;

18) жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджет есебін жүргізу.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

16. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасына басшылық етуді Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

17. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

18. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

19. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бiрiншi басшысының өкiлеттiктерi:

1) басшы орынбасарларының, құрылымдық бөлiмше басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

2) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;

3) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының қызметкерлерiн көтермелеу мәселесiн шешедi және тәртiптiк жаза қолданады;

4) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының қызметкерлерi мiндеттi түрде орындайтын нұсқаулар бередi;

5) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасын білдіреді;

6) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етедi;

7) Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауапты болады;

8) ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдігі туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының бiрiншi басшысы болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның өкiлеттiктерiн оны алмастыратын адам атқарады.

20. Бiрiншi басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттiк органның мүлкi

21. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының заңнамада көзделген жағдайда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

22. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасына бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше белгiленбесе, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасының өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берiлген қаражат есебiнен сатып алған мүлiктi өз еркiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.