Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных «Информация по вводу объектов использования атомной энергии в эксплуатацию»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных «Информация по вводу объектов использования атомной энергии в эксплуатацию»
- Атауы (қаз.)
- «Атом энергиясын пайдалану объектілерін пайдалануға беру жөніндегі ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 85-н/қ
- Қабылданған күні
- 25.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2026 I229337_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039695
- ЭКБ идентификаторы
- 229337
- Редакция идентификаторы
- I229337_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 29.08.2026 03:31
0 «Атом энергиясын пайдалану объектілерін пайдалануға беру жөніндегі ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Атом энергиясын пайдалану объектілерін пайдалануға беру жөніндегі ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Радиоактивті қалдықтар және қоршаған ортаны қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
0 Атом энергиясын пайдалану объектілерін пайдалануға беру жөніндегі ақпарат
Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі
агенттігінің төрағасы
2026 жылғы 25 тамыздағы
№ 85-н/қ
бұйрығымен БЕКІТІЛДІ
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Атом энергиясын пайдалану объектілерін пайдалануға беру жөніндегі ақпарат.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): № ИВОЭ-1.
Кезеңділігі: жыл сайын.
Есепті кезең: 20 ___ жыл.
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: атом энергиясын пайдалану объектілерінің құрылысына тапсырыс берушілер болып табылатын заңды тұлғалар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін.
БСН:
Жинау әдісі: қағаз тасығышта, электронды түрде.
Атом энергиясын пайдалану объектілерін пайдалануға беру жөніндегі ақпарат
Объектінің атауы
Объектінің орналасқан жері (елді мекен, қала, аудан, облыс)
Жобаның күні мен нөмірі
Жобаны бекіткен (қайта бекіткен) ұйымның атауы
Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың күні мен нөмірі
Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат берген ұйымның атауы
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның күні мен нөмірі
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдаған уәкілетті органның атауы
Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің атауы
Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күні мен нөмірі
Бекітілген жоба (жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сметалық құны, мың теңге
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Кестенің жалғасы
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу мерзімі, жылдар
Құрылыстың жобалық ұзақтығы, ай
Құрылыстың нақты ұзақтығы , ай
Құрылыс объектіcінің жобалық қуаты, өнімділігі (жалпы)
Құрылыс объектіcінің нақты қуаты, өнімділігі (жалпы)
Iске қосу кешенінің немесе құрылыс кезегінің жобалау қуаты, өнімділігі
Іске қосу кешенінің немесе құрылыс кезегінің нақты қуаты, өнімділігі
12
13
14
15
16
17
18
Атауы ____________________________
__________________________________
Мекенжайы_______________________
_________________________________
Телефоны ___________________________________________________________
Электрондық пошта
мекенжайы__________________________________________
Орындаушы
Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
___________________________________________
«Атом энергиясын пайдалану объектілерін пайдалануға беру жөніндегі
ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
(ИВОЭ-1 индексі, форманың жиілігі - жылдық)
«Атом энергиясын пайдалану объектілерін пайдалануға беру жөніндегі ақпарат» нысаны мынадай түрде толтырылады:
«Объектінің атауы» деген 1-бағанда объектінің атауы бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкес көрсетіледі.
«Объектінің орналасқан жері (елді мекен, қала, аудан, облыс)» деген 2-бағанда объектінің орналасқан жері «Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне» сәйкес көрсетіледі.
«Жобаның күні мен нөмірі» деген 3-бағанда жобалау құжаттамасының нөмірі мен бекітілген күні көрсетіледі. Түзетулер болған жағдайда жобаның соңғы бекітілген нұсқасы бойынша мәліметтер келтіріледі.
«Жобаны бекіткен (қайта бекіткен) ұйымның атауы» деген 4-бағанда жобаны бекіткен (қайта бекіткен) ұйымның атауы көрсетіледі. Түзетулер болған жағдайда жобаның соңғы бекітілген нұсқасы бойынша мәліметтер келтіріледі.
«Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың күні мен нөмірі» деген 5-бағанда жер учаскесін беру туралы шешімнің күні мен нөмірі көрсетіледі.
«Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат берген ұйымның атауы» деген 6-бағанда жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат берген ұйымның атауы көрсетіледі.
«Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның күні мен нөмірі» деген 7-бағанда хабарламаны тіркеу күні, талонның нөмірі көрсетіледі.
«Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдаған уәкілетті органның атауы» деген 8-бағанда құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдаған уәкілетті органның атауы көрсетіледі.
«Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің атауы» деген 9-бағанда объектіні пайдалануға қабылдау актісінің атауы, оның нөмірі көрсетіледі. Объектіні кезең-кезеңмен енгізген жағдайда тиісті іске қосу кешені немесе құрылыс кезегі бойынша мәліметтер келтіріледі.
«Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күні мен нөмірі» деген 10-бағанда объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күні мен нөмірі көрсетіледі.
«Бекітілген жоба (жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сметалық құны, мың теңге» деген 11-бағанда бекітілген жоба (жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сметалық құны көрсетіледі. Деректер соңғы бекітілген жобаға сәйкес келуі керек.
«Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу мерзімі, жылдар» деген 12-бағанда құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы мен аяқталуының жылдары көрсетіледі.
«Құрылыстың жобалық ұзақтығы, ай» деген 13-бағанда құрылыс жобасына сәйкес құрылыс ұзақтығы айлармен көрсетіледі.
«Құрылыстың нақты ұзақтығы, ай» деген 14-бағанда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған күннен бастап объектіні пайдалануға беру күніне дейін есептелген айлардағы құрылыстың нақты ұзақтығы көрсетіледі.
«Құрылыс объектіcінің жобалық қуаты, өнімділігі (жалпы)» деген 15-бағанда жобалық құжаттамаға сәйкес құрылыс объектісінің қуаты, өнімділігі көрсетіледі.
«Құрылыс объектіcінің нақты қуаты, өнімділігі (жалпы)» деген 16-бағанда құрылыс объектісінің нақты қуаты, өнімділігі көрсетіледі.
«Іске қосу кешенінің немесе құрылыс кезегінің жобалық қуаты, өнімділігі» деген 17-бағанда іске қосу кешенінің немесе құрылыс кезегінің жобалау қуаты, өнімділігі көрсетіледі.
«Іске қосу кешенінің немесе құрылыс кезегінің нақты қуаты, өнімділігі» деген 18-бағанда іске қосу кешенінің немесе құрылыс кезегінің нақты қуаты, өнімділігі көрсетіледі.