Об установлении изъятия из национального режима
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении изъятия из национального режима
- Атауы (қаз.)
- Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 764
- Қабылданған күні
- 26.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2026 I229354_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2600000764
- ЭКБ идентификаторы
- 229354
- Редакция идентификаторы
- I229354_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 29.08.2026 03:30
0 Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу туралы
📌 Ескерту. Екі жыл бойы қолданыста болады – осы қаулының 4-тармағымен.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағы 21), 22) және 23) тармақшаларының негізінде сатып алынатын тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын, сенім білдірілген цифрлық объектілер тізіліміне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.
2. Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат етілсін.
3. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулы қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға сенім білдірілген цифрлық объектілер тізіліміне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтарды көрсете отырып ұсынуды қамтамасыз етсін;
2) ақпараттың жаңартылу шамасына қарай мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтар көрсетілген сенім білдірілген цифрлық объектілер тізіліміне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін жіберіп тұрсын.