Қолданыстағы ред. 30.05.2005 (Редакция 22936_347375.kaz)

Жазғы маусымдағы жұмысқа сауықтыру мекемелерінің әзірлігіне байқау өткізу туралы от 30.05.2005 г. № 607 (Жазғы маусымдағы жұмысқа сауықтыру мекемелерінің әзірлігіне байқау өткізу туралы)

0

Жазғы маусымдағы жұмысқа сауықтыру мекемелерінің әзірлігіне байқау өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің 2003 жылғы сәуірдегі № 70-ө, «2003-2005 жылдардың жазғы каникул кезеңінде балалар жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» өкімін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бас санитарлық дәрігерінің 2003 жылғы 7 мамырдағы № 5 сауықтыру ұйымдарының әзірлігіне байқау өткізу туралы» Қаулысын, облыс әкімдігінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 141 қаулысын орындау үшін, балалар мен жасөспірімдер демалысын, сауықтыру және іспен шұғылдануын, жазғы каникул кезінде олардың шығармашылық дамуын ұйымдастыруға қажетті жағдайлар туғызу, сондай-ақ жұқпалы аурулар мен тамақтан улануды болдырмау, жазғы сауықтыру ұйымдарында санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау мақсатында және «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Заңын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптары негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:

1

1. Қала аумағында орналасқан мектептер жанындағы лагерьлер «Гермес» лагері, еңбек және демалыс лагерьлерінің басшыларына ұсыныс жасалсын:

1

1) Сауықтыру мекемелерін тиісті санитарлық-техникалық жағдайға келтірсін және олардың жазғы жұмысқа әзірлігін СанПиН № 2.01.016.03 шараларды сауықтыру мекемелерінің күтімі, орналастыру және жұмысын ұйымдастыруға санитарлық-эпидемиялық талаптарына» сәйкес қамтамасыз етуге;

2

2) улы өсімдіктермен уланудың, кене шағудың алдын алу мақсатында лагерьді ашу алдында заласыздандыру жұмыстарын жүргізуге;

3

3) шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге;

4

4) тамақтан улану және жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ата-аналар, қызметшілер арасында барлық бұқаралық ақпарат құралдарын
пайдаланып, санитарлық-ағарту жұмысын кең мақсатты бағытта ұйымдастыруға.

2

2. Ақтөбе облысы мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Ақтөбе қалалық бөліміне (Беркімбаева Н. А.):

1

1) жазғы сауықтыру ұйымдарының санитарлық-гигиеналық жағдайын тұрақты бақылауды, толық және қауіпсіз тамақтануды ұйымдастыруды, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар азық-түліктердің түсуін, 2005 жылғы 20 сәуірдегі облыс әкімдігінің № 141 қаулысының, 1 сондай-ақ 1 тармақтарында көрсетілген сауықтыру ұйымдары орналасқан орындарда санитарлық-эпидемиологиялық игіліктерді қадағалаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етсін.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары С. М. Қалдығұловаға жүктелсін.