Об утверждении Правил и методов определения профессиональных компетенций, ключевых показателей и расчета показателя конкурентоспособности (цифрового рейтинга) военнослужащего Вооруженных Сил Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил и методов определения профессиональных компетенций, ключевых показателей и расчета показателя конкурентоспособности (цифрового рейтинга) военнослужащего Вооруженных Сил Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшісінің кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткішін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингісін) есептеу қағидалары мен әдістерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 959
- Қабылданған күні
- 25.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 11.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2026 229364_839685.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26B0000959
- ЭКБ идентификаторы
- 229364
- Редакция идентификаторы
- 229364_839685
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 18:56
0 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшісінің кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткішін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингісін) есептеу қағидалары мен әдістерін бекіту туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшісінің кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткішін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингісін) есептеу қағидалары мен әдістері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшісінің кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткішін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингісін) есептеу қағидалары мен әдістері
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2026 жылғы «___» ________
№ ___ бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшісінің кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткішін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингісін) есептеу қағидалары мен әдістері
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшісінің кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткішін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингісін) есептеу қағидалары мен әдістері (бұдан әрі – Қағидалар) кадр жұмысын жетілдіру, әскери қызметшілердің кәсіби қызметін бағалаудың объективтілігін арттыру, кадр әлеуетін бағалаудың цифрлық құралдарын енгізу және негізделген кадрлық шешім қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшісінің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтингісі) (бұдан әрі – бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші) – цифрлық кадр жүйесі арқылы қалыптастырылған, кәсіби құзыретіне, сондай-ақ әскери лауазым үшін негізгі көрсеткішке және кәсіби жетістігі туралы объективті деректерге (өлшемшартқа) негізделген, әскери қызметшінің (Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органының әскери қызметшісін қоспағанда) кәсіби әлеуетінің қалыптасқан сандық мәні;
2) синтез әдісі – объектілерді, құбылысты (процесті) және шаманы біртұтас тұтастыққа қосу тәсілдері мен заңдылығының жиынтығы;
3) талдау әдісі – объектілерді, құбылысты (процесті) және шаманы құрамдас бөліктерге бөлу тәсілдері мен заңдылығының жиынтығы.
3. Қағидалар:
1) кәсіптік құзыретті айқындау мақсаттары мен міндеттерін;
2) бағалауды ұйымдастыруды;
3) циырлық рейтингті есептеу тәртібін;
4) бағалауға қатысатын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттерін;
5) бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін қолдану тәртібі мен әдістерін айқындайды.
4. Кәсіби құзыретті айқындаудың негізгі қағидаттары:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) анықтық;
4) жүйелілік;
5) ашықтық;
6) бағалау өлшемшартын біркелкі қолдану;
7) кадрлық процесті цифрландыру болып табылады.
2-тарау. Кәсіби құзыретті айқындау мақсаттары мен міндеттері
5. Кәсіби құзыретті айқындау:
1) кәсіби және басқарушылық әлеуетті анықтау;
2) кадрлық резервті қалыптастыру;
3) кадр саясатының тиімділігін арттыру;
4) негізделген кадрлық шешім қабылдау мақсатында жүргізіледі.
6. Кәсіби құзыретті айқындау нәтижесі:
1) әскери лауазымға тағайындау;
2) кадрлық резервке қосу;
3) білім алуға, даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу;
4) басқа да кадрлық процесс, оның ішінде әскери атақты мерзімінен бұрын беру, мемлекеттік және ведомстволық наградамен наградтау, кадрлық талдау кезінде пайдаланылады.
3-тарау. Бағалауды ұйымдастыру
7. Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінде қамтылған деректерді қолданып, бағалау үшін осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген кадрлық мәселелерді шешу негіз болып табылады.
Құжат түрінде расталмаған не Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзып алынған мәліметтерді пайдалануға жол берілмейді.
8. Бағалауды Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесі осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бағалау өлшемшартын пайдаланып қалыптастырады.
9. Әскери бөлімнің (мекеменің) кадр органы (персоналмен жұмыс бөлімшесі) кадрлық мәселелерді қарау кезінде ұсынысқа немесе басқа да құжаттарға (баянатқа, орнын ауыстыру жоспарына, бөлу жоспарына) қоса берілетін бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің нәтижесін ұсынады.
4-тарау. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу тәртібі
10. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші әскери қызметшінің кәсіби құзырет деңгейінің, даярлығының, білімінің, өзге де қызметі мен жетістігінің, сондай-ақ теріс өлшемшартының (сәйкес келмеу өлшемшартының) интегралды көрсеткіші болып табылады.
Әскери қызметшінің бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингісін) есептеу Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін, бағалау көрсеткішін (өлшемшартын), бағалау шәкілін есептеу әдістемесі осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес айқындалады.
11. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу аяқталғаннан кейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшінің рейтингісінде көрсетілетін әскери қызметшіні бағалаудың қорытынды нәтижесі қалыптастырылады.
12. Есептеу нәтижесі Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінде сақталады.
5-тарау. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін қолдану тәртібі мен әдістері
14. Әскери қызметшінің бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингісін) айқындау нәтижесі кадр жұмысында пайдаланылады.
Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші ақпараттық-талдау және ұсынымдық сипатта болады және кадрлық шешім қабылдау құралдарының бірі болып табылады.
Кадрлық шешімді әскери қызметшілердің кәсіби, іскерлік және моральдық қасиетін жан-жақты зерделемей, тек бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші негізінде қабылдауға жол берілмейді.
Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін айқындау талдау және синтез әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
6-тарау. Бағалауға қатысатын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері
13. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Бас штабының және Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелері мен орталықтарының бастығы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар әскерінің, әскер тектерінің қолбасшылары, Тыл, Қару-жарақ, бас басқармаларының бастығы, әскери бөлім мен мекеме командирлері (бастығы):
1) бағалау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізуге құқылы;
2) ұсынылатын мәліметтердің объективтілігін қамтамасыз етеді;
3) бағалауды ұйымдастырады;
4) ұсынылатын ақпараттың дұрыстығына дербес жауапты болады.
Кадр органы (персоналмен жұмыс бөлімшесі):
1) осы Қағидаларды сақтауды бақылауға және қамтамасыз етуге;
2) бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін жұмысқа енгізуге және қолдануға;
3) бағалау нәтижесіне мониторингтеуге;
4) бағалау жүйесін жетілдіру жөніндегі талдау материалы мен ұсыныс дайындауға міндетті.
Кадр органы (персоналмен жұмыс бөлімшесі) Министрліктің ақпараттық жүйесіндегі жеке құрамның дербес деректерінің өзектілігіне дербес жауапты болады.
1 Әскери қызметшінің кәсіби құзыреттілігін бағалаудың оң өлшемшарты
Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштері әскери қызметшісінің
кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткішін
айқындау және бәсекеге қабілеттілік
көрсеткішін (цифрлық рейтингісін)
есептеу қағидалары мен әдістеріне
1-қосымша
Әскери қызметшінің кәсіби құзыреттілігін бағалаудың оң өлшемшарты
Өлшемшарт
Балл
Максимум
Білімі
Техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі білім
0,5
0,5
Жоғары білім
1
1
Магистратура
0,5
0,5
Ғылым кандидаты, PhD докторы, бейіні бойынша доктор, ғылым докторы.
2 және одан көп болса, максимум 1 балл
0,5
1
Жедел-тактикалық деңгейдегі жоғары оқу орнынан кейінгі білім
1
1
Жедел-стратегиялық/стратегиялық деңгейдегі жоғары оқу орнынан кейінгі білім
1,5
1,5
Оқудың толық курсын:
1) Қазақстан Республикасының әскери оқу орнында немесе шет мемлекеттердің әскери оқу орнында жоғары білім беру бағдарламалары бойынша
2) жедел-стратегиялық/стратегиялық деңгейдегі жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша
3) жедел-стратегиялық/стратегиялық деңгейдегі жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша үздік бітірген бітірушілер
0,25
Біліктілікті арттыру
Кандидаттың қызмет бейініне сәйкес келетін мамандандырылған оқу орнының (курстық даярлықтың) сертификаты/куәлігі (соңғы 5 жыл бойынша) – бір сертификат үшін 0,1 балл, екі және одан көп болса, максимум 0,2 балл
0,1
0,2
Әскери оқу орны жанындағы жоғары академиялық курс (барлық қызмет кезеңі үшін)
0,25
0,25
Qazaq resmi test/Qaztest нәтижесі бойынша мемлекеттік тілді білу
Мемлекеттік тілді білу деңгейі
1)В2 (оратдан жоғары)
0,25
2)С1 (жоғары)
0,5
3)С2 (кәсіби)
0,75
Қолданыстағы сертификатпен расталған шет тілін білу (жоғары оқу орнында оқуды шет тілінде бітірсе, диплом берілген кезден бастап бес жыл ішінде осы тілді білу деңгейі туралы сертификат талап етілмейді)
Шетел тілін білу деңгейі: еркін білген әрбір тіл үшін 0,25 балл
0,25
8
Өтілі
Мемлекеттік/әскери қызметте
саяси лауазымда
әрбір жыл үшін – 0,5
орталық мемлекеттік органда/стратегиялық органда
әрбір жыл үшін – 0,4
облыстық деңгейде/жедел-стратегиялық органда
әрбір жыл үшін – 0,3
аудандық деңгейде/жедел-аумақтық (жедел-тактикалық) органда, Ұлттық қорғаныс университетінде, Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштердің орталығында
әрбір жыл үшін – 0,2
тактикалық органда, жергілікті әскери басқару органында, әскери институтта, әскери колледжде, әскери кафедрада
әрбір жыл үшін – 0,1
оның ішінде басшылық лауазымда:
стратегиялық органда: Қорғаныс министрінің орынбасары, Қарулы Күштер Бас штабының бастығы, Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы, құрылымдық бөлімше бастығы мен олардың орынбасары, Қарулы Күштер басқармасының бастығы, бас сержанты және оның орынбасары лауазымында
әрбір жыл үшін – 0,35
жедел-стратегиялық органда: Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшысы (Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы), Қарулы Күштер Тыл, Қару-жарақ, бас басқарма бастығы және олардың орынбасары, бас штаб (Қарулы Күштер штабы) бастығының орынбасары, дербес құрылымдық бөлімше мен бас басқарма бастығы (әскер бастығы), әскер түрлерінің, Тыл, Қару-жарақ бастығы басқармасының және бас басқарманың сержанты лауазымында
әрбір жыл үшін - 0,3
жедел-аумақтық (жедел-тактикалық) органда: әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшысы және олардың орынбасары, Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы және оның орынбасары, штаб бастығының орынбасары, дербес құрылымдық бөлімше мен басқарма (бөлім) бастығы, әскер бастығы, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер орталығының бастығы және олардың орынбасары, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің сержанты лауазымында немесе әскери оқу орнында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу
әрбір жыл үшін – 0,25
тактикалық органда: тактикалық деңгейдегі бөлім (мекеме) командирі (бастығы) және оның орынбасары, взвод (топ), рота (батарея, топ), батальон (дивизион) және бөлім (мекеме) командирі мен сержанты лауазымында
әрбір жыл үшін – 0,2
мемлекеттік қызметтен тыс
әрбір жыл үшін – 0,1
оның ішінде басшылық лауазымда:
әрбір жыл үшін – 0,2
Функционалдық бағыт бойынша жұмыс өтілі (қызметтік өсу)
Әскери лауазым деңгейін айқындаудың үлгілік схемасына сәйкес келесі төмен лауазымдағы үздіксіз жұмыс өтілі
әрбір жыл үшін – 0,25
Аттестаттау нәтижесі
Мынадай қорытындысы бар аттестаттаудан (кезекті, ұдайы қолданыстағы) өту:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді және жоғары лауазымға ұсынылады
1
2) атқаратын лауазымына сәйкес келеді
0,5
наградалар
Мемлекеттік награда, әрбір награда үшін плюс бір балл
1
∞
Ведомстволық награда (жұмыс бейіні бойынша).
Бір награда үшін 0,5 балл, екі және одан көп болса максимум бір балл (мерекелік медаль, еңбек сіңірген жылдары үшін медаль ескерілмейді)
0,5
1
Әскери атақ
Әскери қызмет кезеңінде мерзімінен бұрын атақ беру (әрбір мерзімінен бұрын атақ берілгені үшін 0,5)
0,5
1
Жетістіктер
Кәсіби қызметке байланысты жеке жетістігі (іске асырылған жоба).
Бір жетістік үшін 0,5 балл, екі және одан көп болса максимум бір балл
0,5
1
Жауынгерлік (арнайы) қызмет
Мыналарға қатысу:
1
төтенше жағдайды және оның салдарын жою міндеттерін орындау, төтенше жағдай режимін жүргізу, сондай-ақ қамтамасыз ету;
0,25
бітімгершілік операция;
0,5
жауынгерлік іс-қимылға, терроризмге қарсы операция
1
Әлеуметтік қоғамдық қызмет және қабілеті
Республикалық деңгейден төмен емес жүлделі орын алған ғылым, мәдениет, өнер және спорт саласындағы қабілеті, әрбір жүлделі орын үшін 0,25 балл, максимум 0,5 балл
0,25
0,5
Басшылық атап өткен халықаралық және өңірлік деңгейдегі оң жұмыс нәтижесі
Қазақстан Республикасы Президентінің (Қазақстан Республикасының құрмет грамотасынан басқа), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының, мемлекеттік органдар бірінші басшысының, облыс, Астана, Алматы және Шымкент қаласы әкімінің грамотасы, алғыс хаты, сондай-ақ халықаралық ұйым немесе шетелдік мемлекеттік құрылым берген айырым белгісі. бір грамота, алғыс хат және ерекшелік белгісі үшін 0,5. 2 және одан да көп болса, максимум 1 балл
0,5
1
2 Әскери қызметшінің кәсіби құзыреттілігін бағалаудың теріс өлшемшарты
Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштері әскери қызметшісінің
кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткішін
айқындау және бәсекеге қабілеттілік
көрсеткішін (цифрлық рейтингісін)
есептеу қағидалары мен әдістеріне
2-қосымша
Әскери қызметшінің кәсіби құзыреттілігін бағалаудың теріс өлшемшарты
Өлшемшарт
Балл
Ең жоғары балл
Өткен жыл (12 ай) бойынша тәртіптік жаза
Тәртіптік жаза: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, лауазымында төмендету, әрбір жаза үшін -0,25, 4 және одан көп болса -1
-0,25
-1
Барлық қызмет кезеңі үшін әскери атағын бір сатыға төмендету түріндегі тәртіптік жаза
-1
-1
Кезекті аттестаттаудың теріс нәтижесі
Атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және лауазымында төмендеуге ұсынылады
-0,5
-0,5
Қызметте шығару туралы мәлімет
Әскери қызметтен шығару туралы мәлімет (егер бұрын қызмет өткерген болса) (аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес келмеу, теріс себеп бойынша)
-1
-1
Құқық бұзушылық
Лауазымды адамға қолданылған әкімшілік жаза (өткен жыл (12 ай), әрқайсысы үшін -0,5 балл
-0,5
-1,5
Қылмыстық құқық бұзушылық
-2
-2
3 Әскери қызметшінің рейтингісі
Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштері әскери қызметшісінің
кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткішін
айқындау және бәсекеге қабілеттілік
көрсеткішін (цифрлық рейтингісін)
есептеу қағидалары мен әдістеріне
3-қосымша
Әскери қызметшінің рейтингісі
Рейтинг
Т.А.Ә. (болса)
Жасы
Туған күні
Туған жері
Ұйым
Бөлім
Лауазымы
Оң өлшемшарт
Білімі
Оқу орнының атауы
Мамандығы
балл
Ғылыми/академиялық дәреженің болуы
балл
Біліктілікті арттыру
балл
Әскери оқу орны жанындағы жоғары академиялық курс
балл
Оқу орнын үздік бітіру
балл
Qaz Resmi Test/Qaztest нәтижесі бойынша мемлекеттік тілді білу
балл
Қолданыстағы сертификатпен расталған шет тілін білу
балл
Стаж
мемлекеттік қызметте/әскери қызметте
саяси лауазымда
балл
орталық мемлекеттік органда/стратегиялық органда
балл
облыстық деңгейде/жедел-стратегиялық органда
балл
аудандық деңгейде/жедел-аумақтық (жедел-тактикалық) органда, Ұлттық қорғаныс университетінде, Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштердің орталығында
балл
тактикалық органда, жергілікті әскери басқару органында, әскери институтта, әскери колледжде, әскери кафедрада
балл
оның ішінде басшылық лауазымда:
балл
стратегиялық органда: Қорғаныс министрінің орынбасары, Қарулы Күштер Бас штабының бастығы, Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы, құрылымдық бөлімшелердің бастығы мен олардың орынбасары, Қарулы Күштер басқармаларының бастығы, бас сержанты және оның орынбасары лауазымында
балл
жедел-стратегиялық органда: ҚК түрлерінің бас қолбасшысы (Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы), Қарулы Күштер Тыл, Қару-жарақ, бас басқарма бастығы және олардың орынбасары, бас штабтар (Қарулы Күштер штабтары) бастығының орынбасары, дербес құрылымдық бөлімше мен бас басқарма бастығы (әскер бастығы), әскер түрлерінің, Тыл, Қару-жарақ бастығы басқармасының және бас басқарманың сержанты лауазымында
балл
жедел-аумақтық (жедел-тактикалық) органда: әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшысы және олардың орынбасары, Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы және оның орынбасары, штаб бастығының орынбасары, дербес құрылымдық бөлімше мен басқарма (бөлім) бастығы, әскер бастығы, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер орталығының бастығы және олардың орынбасары, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің сержанты лауазымында немесе әскери оқу орнында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу
балл
тактикалық органда: тактикалық деңгейдегі бөлім (мекеме) командирі (бастығы) және олардың орынбасары, взвод (топ), рота (батарея, топ), батальон (дивизион) және бөлім (мекеме) командирі мен сержанты лауазымында
балл
мемлекеттік қызметтен тыс
балл
оның ішінде басшылық лауазымда:
балл
Әскери лауазым деңгейін айқындаудың үлгілік схемасына сәйкес келесі төменгі лауазымдағы үздіксіз жұмыс өтілі
балл
оның ішінде басшылық лауазымда:
балл
Аттестаттау нәтижесі
Қорытындысы көрсетілген аттестаттаудан (кезекті, ұдайы қолданыстағы) өту:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді және жоғары лауазымға ұсынылады
балл
2) атқаратын лауазымына сәйкес келеді
балл
Наградалар
Мемлекеттік награда, әрбір награда үшін плюс бір бал
балл
ведомстволық награда (жұмыс бейіні бойынша)
балл
Әскери атақ
Әскери қызмет кезеңінде мерзімінен бұрын атақ берілді
балл
Жетістіктер
Кәсіби қызметке байланысты жеке жетістігі (іске асырылған жоба)
балл
Жауынгерлік (арнайы) қызмет
Мыналарға қатысу:
төтенше жағдайды және оның салдарын жою міндеттерін орындау, төтенше жағдай режимін жүргізу, сондай-ақ қамтамасыз ету
балл
бітімгершілік операция
балл
жауынгерлік іс-қимыл, терроризмге қарсы операция
балл
Әлеуметтік қоғамдық қызмет пен қабілеті
Жүлделі орын алған ғылым, мәдениет, өнер және спорт саласындағы қабілеті
балл
Халықаралық және өңірлік деңгейде басшылық атап өткен оң жұмыс нәтижесі
Қазақстан Республикасы Президентінің (Қазақстан Республикасының құрмет грамотасынан басқа), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының, мемлекеттік органдардың бірінші басшысының, облыс, Астана, Алматы және Шымкент қаласы әкімінің грамотасы, алғыс хаты, сондай-ақ халықаралық ұйым немесе шетелдік мемлекеттік құрылым берген айырым белгісі
балл
Теріс өлшемшарт
Өткен жыл (12 ай) бойынша тәртіптік жаза
Тәртіптік жаза: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, лауазымында төмендету
балл
Қызметтің бүкіл кезеңі бойынша әскери атағын бір сатыға төмендету түріндегі тәртіптік жаза
балл
Аттестаттаудың теріс нәтижесі
Атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және лауазымында төмендеуге ұсынылады
балл
Қызметтен шығару туралы мәлімет
Әскери қызметтен шығару туралы мәлімет (егер бұрын қызмет өткерген болса) (аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес келмеуі бойынша, теріс себеп бойынша)
балл
Құқық бұзушылық
Әкімшілік жаза (өткен жыл (12 ай) бойынша)
балл
Қылмыстық құқық бұзушылық
балл