Об утверждении Правил оформления, ведения учета и хранения личных дел военнослужащих Вооруженных Сил Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил оформления, ведения учета и хранения личных дел военнослужащих Вооруженных Сил Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 960
- Қабылданған күні
- 25.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2026 I229367_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26B0000960
- ЭКБ идентификаторы
- 229367
- Редакция идентификаторы
- I229367_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 29.08.2026 03:31
0 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау қағидаларын бекіту туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
«___»______202_ жылғы
№_____ бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамын есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері (бұдан әрі – ҚР ҚК) әскери қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, есепке алу және сақтау тәртібін айқындайды.
2. Әскери қызметшілердің жеке істері кадр органында (персоналмен жұмыс бөлімшесінде) (бұдан әрі – кадр органы) жеке құрам бойынша бұйрықтар шығаруға құқығы бар лауазымды адамдардың ведомстволық тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес жүргізіледі.
Жеке істі жүргізу (қажетті құжаттармен, аттестаттау және мінездемелік материалмен, фотокарточкамен және есептік материалмен уақтылы толықтыру), сондай-ақ жеке істің уақтылы жіберілуін бақылау барлық сатыдағы кадр органына жүктеледі.
Құжаттарды тігу, жеке істі есепке алу, сақтау және жіберу жеке құрамды есепке алуға жауапты адамдарға жүктеледі.
3. Офицер құрамының әскери атағы берілген әскери қызметшінің жеке ісін екі данада:
1) Қазақстан Республикасының әскери оқу орнын бітірген курсанттарға –әскери оқу орнының кадр органы;
2) шетел мемлекетінің әскери оқу орнын бітірген курсанттарға – жеке құрам тізімінде тұрған әскери оқу орнының кадр органы жасайды.
4. Запастан әскерге шақырылған, келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген офицерлердің жеке ісін жергілікті әскери басқару органы (бұдан әрі – ЖӘБО) екі данада жасайды және офицерлердің қызмет орнына кету туралы нұсқама берілгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
5. Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданған кезде мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшісінің жеке ісі әскери бөлімде (мекемеде), қатардағы жауынгер және сержант құрамының әскери қызметшісіне әскери бөлімде немесе ЖӘБО-да жасалады.
Қатардағы жауынгер және сержант құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшісінің жеке ісі бір данада, ал офицер құрамына екі данада жасалады.
Бұл ретте зейнетақы төлеміне құқығының болуын растаған қатардағы жауынгер және сержант құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшісіне әскери бөлімнің (мекеменің) кадр органы жеке істің екінші данасын жасайды.
Қатардағы жауынгер және сержант құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшісіне офицер құрамының алғашқы әскери атағы берілген кезде бір айлық мерзімде жеке істің екінші данасы жасалады және ол кейіннен есепке алу және жүргізу үшін жоғары тұрған штабқа жіберіледі.
6. Резервте әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшінің жеке ісін әскери бөлімнің (мекеменің) кадр органы қызмет орнына келген кезде бір данада жасайды.
7. Жеке істе әскери қызметші әскери қызметке қабылдануға, оны өткеруге және әскери қызметтен шығаруға байланысты әскери бөлімнің (мекеменің) қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті жеке деректері, еңбек қызметі туралы мәліметтер және өзге де мәліметтер қамтылады.
8. Жеке іс қызметтік тізімнен, өмірбаяннан, фотографиялық карточкадан (бұдан әрі – фотокарточка), аттестаттау және қосымша материалдан тұрады.
Жеке істің негізгі құжаты қызметтік тізім болып табылады.
9. Қызметтік тізімнің бірінші және одан кейінгі данасы әскери қызметші ұсынған құжаттар түпнұсқасының немесе оның көшірмесі және өз қолымен жазылған өмірбаян негізінде қолмен толтырылады немесе басылады. Қызметтік тізімде жазылған мәліметтердің дұрыс болуын және қызметтік тізім деректерін барлық жағдайда растауда әскери қызметші бірінші және екінші данада тізімнің соңында соған арнайы көзделген орынға қолтаңбасын қояды.
Әскери қызметшіні бір әскери бөлімнен (мекемеден) екіншісіне ауысқан, сондай-ақ запасқа шығарған кезде қызметтік тізімнің соңында әскери қызмет өткергені туралы жазбаны кадр органының бастығы растайды. Бұл ретте басқа әскери бөлімге (мекемеге) ауысқан кезде қол қойылғаннан кейін жаңа лауазым жазылады.
Кейіннен (жаңа қызмет орнына кетер, қызметтен шығаруға ұсыну алдында) жеке істі жүргізуге жауапты лауазымды адамдар әскери қызметшімен бірге жеке істің қызметтік тізіміндегі жазбаның дұрыс және толық болуын нақтылайды.
10. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік тізімге мынадай жазба жасалады:
1) қызметтік тізімнің 1-тармағында әскери қызметшінің туған жылы,күні және айы көрсетіледі;
2) қызметтік тізімнің 2-тармағында әскери қызметшінің туған жері көрсетіледі.
Қызметтік тізімді алғаш жасағаннан кейін әкімшілік-аумақтық бөлудің өзгеруіне байланысты туған жері жөніндегі жазба түзетілмейді;
3) қызметтік тізімнің 3-тармағында әскери қызметшінің ұлты көрсетіледі;
4) қызметтік тізімнің 4-тармағында жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
5) қызметтік тізімнің 5-тармағында білімі көрсетіледі:
қызметтік тізімнің а) тармақшасында – әскери қызметшінің азаматтық білімі (жүйелі ретпен – оқу орнының атауы және оны бітірген жылы);
қызметтік тізімнің б) тармақшасында – әскери білімі (жүйелі ретпен – әскери оқу орнының атауы және бітірген жылы);
қызметтік тізімнің в) тармақшасында –курстық даярлықтан өтуі (жүйелі ретпен – растайтын құжаттарға сәйкес курстың атауы және бітірген жылы).
Қайта даярлау немесе білімін жетілдіру курсын бітірген әскери қызметшіге оқу мекемесінің атауы, курс атауы және одан өткен жылы жазылады;
6) қызметтік тізімнің 6-тармағында шет тілін білуі мен деңгейі көрсетіледі;
7) қызметтік тізімнің 7-тармағында ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және оның қашан берілгені көрсетіледі;
8) қызметтік тізімнің 8-тармағында қандай ғылыми еңбегі мен өнер табысының болуы көрсетіледі. Еңбек және өнертабыс саны көп болғанда оларды жазуды жалғастыру жеке парақта жүргізіледі, ол «Қосымша материал» деген бөлімге тігіледі;
9) қызметтік тізімнің 9-тармағында хронологиялық ретпен ҚР ҚК-дағы әскери қызметіне дейінгі дербес еңбек қызметі көрсетіледі. Осы бағанға әскери қызметке жатпайтын ұйымдардағы (ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі (болса) көрсетіледі) жұмысы жазылады.
Дербес еңбек қызметіне жалпы білім беретін мектептердегі және оған теңестірілген оқу орнындағы оқу мерзімі, әскери бөлімде (мекемеде) тәрбиеленуші ретінде өткізген уақыты есептелмейді;
10) қызметтік тізімнің 10-тармағында мыналар көрсетіледі:
әскери қызмет өткеру көзделген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеруі;
бағанның басында әскери қызметке алғаш түсуі туралы мәліметтер (ҚР ҚК-ға әскерге шақырылған, келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген немесе әскери оқу орнына түскен кезде) мен әскери антты қабылдаған күні;
запастан әскерге шақырылған офицерге ЖӘБО әскерге шақырылған күні, қандай ЖӘБО шақырғаны туралы жазба жасайды;
келісімшарт және әскерге шақыру бойынша әскери қызметші тағайындалатын лауазымдағы әскери қызмет, оның ішінде резервте және өкімде тұрғаны;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі қызметі;
әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) өкімінде тұруы;
бітірген оқу орны (адъюнктура) атауын және алған мамандығын көрсетіп, әскери оқу орнын (оның ішінде емтиханды экстернмен тапсырғаны туралы), адъюнктураны бітіргені, сондай-ақ оқу орнынан шығарылуы және шығару себебі туралы мәліметтер;
егер лауазымды атқару жеке құрам бойынша бұйрықпен ресімделсе, офицердің әскери бөлімде (мекемеде), корабльде немесе әскери оқу орынында тағылымдамадан өтуі;
сыныптық біліктілікті беру және төмендету (жеке істің тек бірінші данасында);
корабльді дербес басқаруға жіберу;
мемлекеттік құпияға рұқсаттама беру туралы мәліметтер;
келісімшарт жасау;
әскери қызметтен шығару;
шығарылуына немесе қайтыс болуына (қаза табуына) байланысты әскери қызметшіні әскери бөлім (мекеме) жеке құрамының тізімінен алып тастау.
Қызметтік тізімнің 10-тармағындағы барлық жазба (әскерге шақырылған және әскери ант қабылдаған күнінен басқа) әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жеке құрам бойынша бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Лауазымда «қай уақыттан бастап» және «қай уақытқа дейін» (өкімде болған) деген мәліметтерді жазу кезінде жеке құрам бойынша бұйрық шығарылған күн көрсетіледі.
Бұдан бұрын жасалған қызметтік тізімде жеке құрам бойынша бұйрық болмағанда қызметтің жеке кезеңі жеке іс бірінші данасының «Қосымша материал» деген бөліміне тігілетін жанама құжаттармен (әскери бөлімнің (мекеменің) анықтамасымен және мұрағаттық материалмен, әскери билетпен, саптық бөлім бойынша бұйрықпен, нұсқамамен, ескі қызметтік тізіммен) расталады.
Әскери бөлімнің (мекеменің) атауы қысқарталмай оның нақты атауы бойынша, ал қатардағы жауынгер мен сержант құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшісі үшін – тек шартты атауы бойынша жазылады. Бұл ретте әскери бөлімге (мекемеге) берілген құрметті атақ және алған мемлекеттік награда жазылмайды.
Мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңіндегі әскери бөлімнің (мекеменің) атауы шартты атау бойынша жазылады. Бұл ретте әскери бөлімнің (мекеменің) нақты атауын нақтылау туралы сұрау салу жолданбайды.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген кезде қандай ЖӘБО, әскери бөлім (мекеме) және келісімшарт бойынша әскери қызметке қашан қабылданғаны көрсетіледі.
Әскери бөлімнің (мекеменің) тұрған жері өзгерген (қайта бағындырылған) кезде, нақты атауы немесе әскери бөлім (мекеме) кіретін әскери басқару органының нөмірі өзгерген кезде (жеке құрам бойынша бұйрықта шартты атауы бойынша көрсетілетін режимдік әскери бөлімді (мекемені) қоспағанда) тиісті бұйрыққа (директиваға) сілтеме жасап, әскери бөлімді (мекемені) қайта орналастыру (қайта бағындыру), нақты атауын немесе нөмірін өзгерту туралы жазба жасалады.
Қызметтік тізімнің 10-тармағында жасалған жазба кадр органы бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрмен тек мынадай жағдайда:
қатардағы жауынгер, сержант және офицер құрамы лауазымындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшіні әскери басқару органы мен кейбір әскери бөлім шегінен тыс жаңа қызмет орнына тағайындаған;
әскери қызметтен шығарылған кезде және әскери қызметшіні бөлім тізімінен шығарған кезде;
ҚР ҚК офицер құрамының тізімінен шығарған кезде куәландырылады.
Қызметтік тізімнің 10-тармағында:
әскерге дейінгі тереңдетілген даярлығы бар мамандандырылған білім беру ұйымында оқуда болғаны туралы, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (ҚР ҚМ) тарапынан шығарылған әскери қызметшіге тағайындалатын зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарына есептелмейтін кезең туралы;
офицер құрамы әскери қызметшісінің атқарып отырған лауазымынан босатпай қайта даярлау мен білімін жетілдіру курсында оқуда болғаны туралы;
әскери оқу орнында оқу кезеңінде бір курстан екіншісіне ауысқаны туралы мәліметтер жазылмайды.
Жасалған қызметтік тізім әскери қызметшінің әскери қызметінің барлық кезеңі бойы жүргізіледі.
Қызметтік тізімді қайта жасау тек олар осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес тиісті актімен расталған толық физикалық зақымданған жағдайда әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) рұқсатымен жасалады.
Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан ауысқан әскери қызметшіге осы Қағидаларға сәйкес жаңа жеке іс жасалады. Ескі қызметтік тізім жеке істің бірінші данасының «Қосымша материал» деген бөліміне тігіледі;
11) қызметтік тізімнің 11-тармағында жауынгерлік іс-қимылға қатысқаны, төтенше немесе соғыс жағдайында, сондай-ақ қарулы жалжал жағдайында міндетті орындауға, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау бойынша бітімгершілік операцияға, терроризмге қарсы операцияға қатысқаны туралы, сондай-ақ жеңілдік шартында зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын есептеуге құқық беретін әскери қызмет өткеру кезеңі туралы мәліметтер көрсетіледі.
Мәліметтер жүйелі түрде хронологиялық тәртіппен әскери бөлімді (мекемені) және кезеңді көрсетіп жазылады. Жазба тиісті бұйрыққа (директиваға) сілтеме жасап, расталады және кадр органы бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалық мөрмен куәландырылады.
«Қосымша материал» деген бөлімге жеңілдік шартында зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын есептеу басталғаны және оны тоқтату туралы саптық бөлім бойынша бұйрықтан үзінді қоса тігіледі;
12) қызметтік тізімнің 12-тармағында жауынгерлік іс-қимылда жаралану, контузия алу, күйіп қалу мен улану туралы мәлімет және оның сипаты көрсетіледі.
Жаралану, контузия алу мен жауынгерлік мертігу туралы жазба әскери қызметші қызмет өткерген, жаралануына және жаралануға, контузия алу мен жауынгерлік мертігуге байланысты емделу курсынан өткен емдеу мекемесі мен әскери бөлім (мекеме) берген құжаттар негізінде жүргізіледі.
Бұл ретте жаралану және жауынгерлік мертігу сипаты, оны қашан және қайда (қандай елді мекен, жергілікті жер үшін болған соғыста) алғаны көрсетіледі;
13) қызметтік тізімнің 13-тармағында Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттің қандай мемлекеттік, ведомстволық наградасымен және мерекелік медалімен наградталғаны, сондай-ақ берілген құрметті атағы туралы көрсетіледі.
Мәліметтер наградтау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және бұйрық негізінде жазылады.
Соғыс уақытында бұйрық туралы, наградтау туралы мәліметтер болмағанда кадр органының деректері бойынша жасалады.
14) қызметтік тізімнің 14-тармағында әскери қызмет өткеру кезінде шетелде іссапарда болғаны туралы мәлімет көрсетіледі;
15) қызметтік тізімнің 15-тармағында қайда, қашан және қандай сайлау органы сайлады немесе сайланғаны көрсетіледі;
16) қызметтік тізімнің 16-тармағында тұтқында болғаны туралы мәлімет көрсетіледі;
17) қызметтік тізімнің 17-тармағында әскери қызметшінің ата-анасы және олардың тұрғылықты мекенжайы туралы деректер жазылады. Егер ата-анасы қайтыс болса, ал әскери қызметші бойдақ болса, ата-анасы туралы мәліметтен басқа жақын туысының бірі және оның тұрғылықты мекенжайы жазылады;
18) қызметтік тізімнің 18-тармағында әскери қызметшінің отбасы жағдайы көрсетіледі («бойдақ, тұрмыста емес» деген сөздер қарындашпен жазылады, ал одан кейін отбасы мүшелері мен оның асырауындағы, қамқоршылығы мен қорғаншылығындағы адамдар енгізіледі).
Бұл ретте әскери қызметшінің отбасы мүшелері деп өзімен бірге тұратын:
неке қию туралы куәлік, балаларының туу туралы куәлігі негізінде жұбайы (зайыбы), ортақ немесе ерлі-зайыптының біреуінің баласы (балалары);
асырап алынған баласы (балалары), асырауындағы адамдар, жақын туысы (ата-анасы, асырап алушысы, асырап алынғаны, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-іні және апалы-сіңлі (аға-қарындас), атасы, әжесі, немерелері) – оларды отбасы мүшелері екенін танытатын сот шешімі немесе жергілікті атқарушы органының қамқоршысы (қорғаншысы) ретінде тағайындауы туралы қаулысы негізінде танылады.
Осы бағанда әскери қызметшінің отбасы жағдайының өзгеруі туралы кейінгі жазбаның барлығы растау құжаты (жеке басты куәландыратын құжаттар, неке қию және балаларының туу туралы куәлігі, сот шешімі) негізінде жүргізіледі. Жазба жасау үшін негіз болып табылатын материал көшірмесі «Қосымша материал» деген бөлімде тігіледі.
Әскери қызметші сауалнамалық және өмірбаяндық деректердегі (отбасы жағдайы, отбасы құрамы, жеке басын куәландыратын құжатты ауыстыру) кез келген өзгеріс туралы 3 жұмыс күні ішінде кадр органына растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Әскери қызметшiлер өздерi ұсынған құжаттардың уақтылығы мен дұрыстығы үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
19) қызметтік тізімнің 19-тармағында әскери қызметші отбасының мекенжайы жазылады. Үй мекенжайы қара қарындашпен жазылады;
20) қызметтік тізімнің 20-тармағында жақын туысының деректері жазылады;
21) қызметтік тізімнің 21-тармағында запаста болған уақытта жиыннан өтуі туралы мәлімет жазылады.
Жеке істің қызметтік тізімін толтыру кезінде қызметтік тізім бағандарының өлшеміне сәйкес келетін шағын мөртабанды қолдануға жол беріледі. Бұл ретте мөртабанның бедер белгісі анық көрінетін әріппен болуға тиіс. Өте үлкен мөртабанды қолдануға жол берілмейді.
Офицерлерді қызметі бойынша ауыстыру, әскери атақ беру, шығару мәселелерін шешу кезінде оларға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызмет өткеруі туралы анықтама жасалады.
Әскери бөлім (мекеме) қызметтік тізімінің негізінде тиісті мекеме мен ұйымға ұсыну үшін әскери қызметшіге:
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшінің қызмет орнынан анықтама;
осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшінің отбасы құрамы туралы анықтама береді.
Анықтамаға қол қою құқығы берілген әскери бөлім (мекеме) командирі (бастығы), штаб бастығы немесе уәкілетті лауазымды адам қол қояды және елтаңбалы бедерлі мөрмен куәландырылады немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
11. Әскери қызметші өмірбаянын жеке істің бірінші данасы үшін өз қолымен, анық, шимайсыз және түзетусіз жазады.
Жеке істің екінші данасы үшін өмірбаян техникалық құралдармен көбейтіледі және әрбір парақ әскери қызметшінің қолымен дәйектеледі.
Әскери қызметші өмірбаянын хронологиялық жүйелілікпен еркін үлгі бойынша мынадай мәліметтерді көрсетіп жазады: тегі, аты, әкесінің аты (болса), өзгерту күнін және себебін (өзгерткенде) көрсетіп, бұрынғы тегі, аты , әкесінің аты (болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні мен жері, тұрғылықты жері (мекенжайы); ұлты, жалпы, арнайы азаматтық және әскери білімі, берілген ғылыми дәрежесі мен атағы, еңбек және қоғамдық қызметі, мемлекеттік наградамен наградталғаны, құрметті атақтың берілгені; қай уақыттан бастап жұмыс істеді; кім болып, қайда, қашан жұмыс істеді (ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі (болса) көрсетіледі), ауысу себебі; Қарулы Күштердегі қызметке қашан және кім болып әскерге шақырылды, қызметті қайда және кім ретінде өтті; азаматтықты өзгерту күні мен себебі (ол өзгергенде); мемлекеттік құпияға рұқсаттың болуы туралы мәлімет (нысаны, нөмірі және күні), оның ішінде мемлекеттік құпияларға рұқсаттың тоқтатылуы (кім, қашан және қандай жағдайда) және қалпына келтірілуі туралы (нөмірі, күні және кімнің бұйрығы); отбасы жағдайы; тегі, аты, әкесінің аты (болса), олардың өзгеру күні мен себебін көрсетіп (олар өзгергенде), бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты (болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні мен туған жері, тұрғылықты жері (мекенжайы), жұмыс орны, жұбайының (зайыбының), бұрынғы жұбайының (бұрынғы зайыбының) және жақын туысының азаматтығы; адамды, оның зайыбын (жұбайын), бұрынғы зайыбын (бұрынғы жұбайын) және жақын туысын қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы (қашан, не үшін); зайыбының (жұбайының), бұрынғы зайыбының (бұрынғы жұбайының) және жақын туысының азаматтығын өзгерту күні мен себептері (олар өзгергенде).
Осы тармақта жақын туыс деп ата-анасы (ата-анасы), балалары, асырап алушысы, асырап алынған ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-іні және апалы-сіңлі (аға-қарындас), атасы, әжесі, немерелері танылады.
5 жылдан кейін жаңа өмірбаян талап етіледі. Бұл ретте өмірбаянның алдыңғы данасы жеке істен алынбайды.
12. Жеке істің барлық құжаты (фотокарточкадан және жеке табыс салығы мен мүлік бойынша декларацияны қабылдау туралы құжаттан басқа) бөлім бойынша белгіленген үлгідегі көгілдір түсті мұқабаға тігіледі.
Қызметтік тізім және өмірбаян «Қызметтік тізім, өмірбаян және аттестаттау материалы» деген бөлімнің алдында жеке істің басында тігіледі.
«Қызметтік тізім, өмірбаян және аттестаттау материалы» деген бөлімде:
1) аттестаттау парағы;
2) жауынгерлік, қызметтік мінездемесі, оның ішінде запаста болған кезеңде әскери қызметшіге жасалған мінездеме;
3) тағылымдама туралы пікір;
4) әскери қызметшіні лауазымында төмендетуге, әскери атағынан айыруға және әскери атағын төмендетуге ұсыным көшірмесі – жеке істің бірінші данасына;
5) наградталғаннан кейін наградтау парағының көшірмесі тігіледі.
Аттестаттау парағының, жауынгерлік, қызметтік мінездеме түпнұсқасы қызмет өткеретін жері бойынша жүргізілетін жеке істің бірінші данасында тігіледі. Осы құжаттардың екінші данасы мен көшірмесі офицерлердің жеке ісінің екінші данасында тігіледі.
13. Жеке істің бірінші данасындағы «Қосымша материал» деген бөлімде:
1) егер ол қызмет өткергенін растайтын құжат деп бағаланса, бұрынғы қызметтік тізім;
2) соңғы қызмет (оқу немесе жұмыс) орнынан мінездеме, психологиялық тестілеу қорытындысы, қызметі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу қабылдау туралы міндеттеме және келісімшарт бойынша әскери қызметке түсу кезіндегі арнайы тексеру нәтижесі;
3) есептік-қызметтік карточка (мерзімді әскери қызмет әскери қызметші қатарынан әскери оқу орнына түскен адамдар);
4) жауынгерлік іс-қимыл туралы анықтама;
5) жауынгерлік іс-қимылға қатысу кезінде жараланғаны және жараланған немесе ауырғанда емдеу мекемесінде болуы туралы анықтама – жеке істің тек бірінші данасында тігіледі;
6) әскери қызметшініңі және жұбайының (зайыбының) жеке басын куәландыратын құжатының, неке қию (оны бұзу) туралы, балаларының туу туралы куәлігінің, асырап алғанын растайтын, қосымшасымен бірге оқу орнын бітіргені туралы құжат көшірмесі, сондай-ақ қосымшасымен бірге ғылыми дәреже мен атақ беру туралы диплом мен аттестатының көшірмесі, біліктілікті арттыру курсынан өткені туралы құжаттардың, еңбек кітапшасының (болса) көшірмесі;
7) запастан әскери қызметке 24 айға шақырылғандарға (келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданғандарға) ЖӘБО берген нұсқама;
8) әскери-дәрігерлік комиссия қорытындысы, полиграфологиялық зерттеу қорытындысы;
9) ұшу жұмысынан, сүңгуір қайықтан тікелей ауысқан офицерлер мен мина тралшыларына бұйрықтан көшірме немесе үзінді;
10) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт;
11) ақшалай өтемақы төлеу (біржолғы тұрғын үй төлемі), шығару, бөлім тізіміне қосу және одан шығару, еңбек сіңірген жылдарын есептеу туралы бұйрықтан үзінді;
12) сот шешімдерінің көшірмесі;
13) әскери оқу орны жасайтын және оны ресімдеу кезінде жеке іске тігілетін курсанттарды оқытуға жұмсалған шығын есебі (жоғары әскери оқу орнын бітірген адамдар үшін) тігіледі. Шетелде әскери оқу орнын бітірген курсанттарға оқытуға жұмсалған шығыс есебін шетелде кадр даярлауға жауапты әскери басқару органы жасайды және бітірушілерді бөлген жер бойынша таратады.
14) ахуалдық орталыққа жіберу туралы бұйрықтан үзінді.
Одан басқа, жеке істің бірінші данасының «Қосымша материал» деген бөліміне:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшу жұмысын есепке алу парағы;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзу өтілін есепке алу парағы;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парашютпен секіруді есепке алу парағы;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сүңгуірдің су астындағы жұмысын есепке алу парағы;
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жерасты құрылыстарында жауынгерлік кезекшілікті есепке алу парағы тігіледі.
Парақ әскери қызметшіні жаңа қызмет орнына ауыстыру немесе шығару кезінде әскери бөлім (мекеме) штабы бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрмен куәландырылады.
Әскерге шақыру бойынша офицерлердің жеке ісіне әскерге шақыруды ресімдеу кезінде жасалған зерделеу парағы тігіледі.
Әскерге шақыру бойынша офицерлердің жеке ісінде тігілмеген түрде олардың әскери билеті, ал қатардағы жауынгер мен сержант құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшінің жеке ісінде – есептік-қызметтік карточка сақталады.
Жеке табыс пен мүлік салығы бойынша декларация қабылдау туралы құжаттың көшірмесі, әскери билет жеке іске тігілмейді, жеке іске бөлек қосылады. Декларацияны қабылдау туралы құжаттың тек соңғы үш жылдағы көшірмесі қоса тіркеледі, көрсетілген мерзімнің өтуі бойынша жойылуға тиіс.
Әскери қызметші өз жеке ісінің материалымен ол алғаш жасалған кезде және одан әрі әрбір бес жылда бір рет, сондай-ақ қызметтен шығарылғанда танысады.
14. Әрбір жеке іске әскери қызметшінің ол наградталған (оған берілген) барлық ордені, медалі мен кеудеге тағатын айырым белгісі бар сапқа арналған парадтық әскери киім нысанындағы (бас киімсіз) 9х12 өлшемді (кеудесінен, қарсы алдынан) түрлі-түсті фотокарточкасы салынады.
Фотокарточканың сыртқы бетінде әскери бөлім (мекеме) штабы бастығының немесе кадр органы бастығының қолтаңбасымен және шартты атауы бар елтаңбалы мөрмен куәландырылған әскери қызметшінің тегі, аты және әкесінің аты (болса), жеке нөмірі және фотосуретке түскен күні көрсетіледі. Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданған адамның фотосуретке түсуі оның әскери киім нысанын алғаннан кейін жүзеге асырылады. Жеке іске фотокарточка жеке істі бірінші толтырған кезде салынады. Кейіннен фотокарточка міндетті түрде кезекті әрбір әскери атақ берілгенде – бір ай мерзімде, егер әскери атақ ауыспағанда – бес жылдан кейін ауысады. Ауыстырылған фотокарточка жеке істен алынып, тиесілі әскери қызметшіге қайтарылады.
Парадтық киім нысаны өзгергенде әскери қызметшінің фотокарточкасы өзгертілмейді.
Фотокарточка «Қосымша материал» деген ішкі тізімдемеге жазылады.
15. Жеке істің әрбір бөлімінде ішкі тізімдеме жүргізіледі, онда іске тігілген барлық құжат атауы, нөмірі мен күні және парақ саны жазылады. Бұл жағдайда құжат нөмірі мен күні бұйрық, анықтама нөмірі мен күні болып табылады.
Жеке істі жіберу кезінде құжаттар тізімдемесі куәландырылмайды.
16. Жеке істен жекелеген құжаттарды алу құқық қорғау (арнаулы) органының қаулысы негізінде тек әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) рұқсатымен жүргізіледі. Ішкі тізімдеменің тиісті бөлімінен алынған құжаттар туралы құжаттың қашан алынғаны, қайда жіберілгені (шығыс нөмірі көрсетіліп) немесе алынғаннан кейін қайда тігілетіні туралы жазу жазылады. Егер алынған құжат жойылса, жою туралы акті нөмірі мен күні көрсетіледі.
Құжаттарды алу туралы жазба әскери бөлім (мекеме) штабы бастығының немесе кадр органы бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрмен куәландырылады.
Жеке іске тігілген құжаттар қолға берілмейді.
17. Жеке істің әрбір данасында қызметтік тізімнің бірінші бетінің оң жақ жоғарғы бұрышына мөртабан қойылады немесе дана нөмірі туралы «1-дана», «2-дана» деген жазу жазылады, ал жеке істе құпиялылық белгісі бар құжаттар болған кезде «Құпия» деген мөртабан немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген шектеу белгісі қойылады.
Жеке істің мұқабасына 127х11 мм өлшемді қағаз жолақшалар жапсырылады, онда әскери қызметшінің әскери атағы (Times New Roman әрпімен, әріп көлемі 20, белгіленген мәтінді жартылай қою жазуды қолданып бас әріптермен), тегі мен инициалдары (болса) басылады. Жеке істің сыртқы бетінде әскери қызметшінің тегі, аты мен инициалдары көрсетіледі, ол 104х10 мм өлшемді қағаз жолақшаларға басылады. Жолақшалар жеке істің жоғарғы шетінен 60 мм қашықтықта желімденеді.
Есепке алу кітабы бойынша жеке іс есепке алынған нөмір істің тысына сол жақ жоғарғы бұрышында рамасыз 45х30 мм өлшемді қағаз жапсырмаға қойылады.
Жеке істе «Құпия» құпиялылық белгісі немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін» шектеубелгісі бар құжаттар болған кезде мұқабаның оң жақ жоғарғы бұрышында «Құпия» немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін» мәтіні бар 30х10 мм өлшемді қағаз жолақша жапсырылады.
Бір кадр органында жеке істің екі данасы да болғанда оларға бір нөмір беріледі, ал есепке алу кітабында осы нөмірмен есепке алынған данасының саны туралы белгі қойылады.
18. Жеке істерге арналған мұқабалар 1,75 мм-ден кем емес, бумвинилден жасалған қатты қаптамада, қаптамалары байлаулы, алдыңғы жағында алтынмен басылған, фото қалталардың сол жақ қақпағында, оң жақ қақпағында тығыздығы кемінде 200 г/м2 картон конверт, ішкі бөліктері 80 г/м2 қағаздан жасалған А3 форматты, олардың арасында бумвинилден жасалған ендірулер.
19. Әскери қызметші жеке ісінің бірінші данасы қызмет өткергенін растағаннан кейін зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру орталығына (бұдан әрі – ҚР ҚМ ЗҚО) ұсынылады.
20. Жеке істі жіберер алдында қызметтік тізімнің 10 және 11-бағандарында жеңілдік шартында зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын есептеуге құқық беретін көрсетілген әскери қызметтің барлық кезеңі мұқият тексерілуге және қосымша құжаттар деректерімен салыстырып тексерілуге және бұйрықпен немесе тиісті құжаттармен расталуға тиіс. Мерзімді әскери қызмет кезеңі олар тек күмән тудырса, бұйрықпен нақтыланады және расталады.
Әскери қызмет өткеру туралы деректер нақтыланғаннан және расталғаннан кейін қызметтік тізімнің 10 және 11-бағандарындағы жазбаны кадр органының бастығы куәландырады.
Зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын есептеу жасалғаннан кейін жеке істің бірінші данасы әскери қызметшінің қызмет өткеретін жері бойынша әскери бөлімге (мекемеге) қайтарылады.
Әскери қызметшіні қызметтен шығаруға ұсыну алдында ол зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын есептеумен таныстырылады.
Шығару туралы бұйрық шыққаннан кейін қызметтік тізімнің 10-бағанында Заң бабының қай тармағы, тармақшасы бойынша әскери қызметшінің шығарылғаны және шығару туралы бұйрық тармағының қорытындысы, әскери бөлім (мекеме) бойынша бұйрық нөмірі мен күнінесілтеме жасап, бөлім жеке құрамы тізімінен шығару күні, сондай-ақ әскери есепке қойылған орны жазылады.
Зейнетақымен қамсыздандыру құқығымен шығарылған әскери қызметшінің жеке ісінің бірінші данасында зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын есептеу түпнұсқасы, әскери-дәрігерлік комиссия қорытындысының түпнұсқасы (болса), шығару туралы бұйрықтан үзінді, бөлім тізімінен шығару туралы бұйрықтан үзінді, ақшалай аттестат, зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтініш қоса тігіледі. Жеке істің екінші данасына осы құжаттардың көшірмесі қоса тіркеледі.
21. Жеке істер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жеке істерді есепке алу кітабында жалпы нөмірленіп немесе есепке алынатын жеке істердің санына қарай әліпби бойынша есепке алынады. Жеке істерді әліпби бойынша есепке алу кезінде жеке іс есепке алынған нөмірге әліпби әрпі қосылады. Кітапқа жазбалар жеке істерді алған, жасаған немесе жіберген күні жасалады.
Жеке істер офицер құрамының әскери қызметшісіне бөлек және қатардағы жауынгер және сержант құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшісіне бөлек сақталады.
Кадр органында жеке іс кітап бойынша олар есепке алынған нөмір ретімен немесе әліпбилік ретпен сақталады.
22. Есепке алу кітабы әскери бөлімнің (мекеменің) шартты атауы бойынша да жүргізіледі. Кітапқа құпиялылық белгісі олардың мазмұны негізінде құпияландырылуға жататын мәліметтердің ведомстволық тізбесіне сәйкес беріледі.
23. Әскери қызметшінің жеке ісі:
1) өкімге іссапарға жіберу кезінде – өкіміне қатардағы жауынгер, сержантжәне офицер құрамының әскери қызметшісі қосылған инстанцияның кадр органына;
2) лауазымға тағайындау кезінде жеке істің бірінші данасы – жаңа қызмет орны бойынша әскери бөлімге (мекемеге), екінші данасы (офицерге) – Тізбеге сәйкес кадр органына;
3) атқарып отырған лауазымынан босатып, оқуға кеткен кезде – тиісті әскери оқу орнына;
4) әскери оқу орнын бітіргеннен кейін– келісімшарт бойынша әскери қызметші тағайындалған жеріне (өкіміне қабылдауға) байланысты әскери басқару органының кадр органына;
5) Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына іссапарға жіберген кезде жеке істің бірінші және екінші данасы – олардың кадр органына;
6) мемлекеттік органдарға іссапарға жіберген кезде:
жеке істің бірінші данасы – бөлімнің (мекеменің) жеке құрамының тізімінде ұстауға байланысты әскери бөлімге (мекемеге);
жеке істің екінші данасы – қатардағы жауынгер, сержант және офицер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіні, сондай-ақ азаматтық персонал адамдарын (жұмыскерлерін) іріктеуді және орналастыруды жүзеге асыратын ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – ҚР ҚМ кадр органы);
7) офицерлерді әскери кеңесшілер мен мамандар ретінде шетелге жұмысқа жіберу кезінде:
бірінші данасы –бөлімнің (мекеменің) жеке құрамының тізімінде ұстауға байланысты әскери бөлімге (мекемеге);
екінші данасы – ҚР ҚМ кадр органына жіберіледі.
24. Жеке істерді жіберу тек жіберудің себебі көрсетілген ілеспе хат арқылы мынадай мерзімде жүргізіледі:
1) әскери бөлімнен (мекемеден) ауысқан, шығарылған және тізімнен шығарылған әскери қызметшіге – жеке құрам тізімінен шығару туралы бұйрықтан үзінді алынғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) кадр органынан – жаңадан тағайындалуы туралы жеке құрам бойынша бұйрықтан үзінді алынғаннан кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей.
25. Қатардағы жауынгер, сержантжәне офицер құрамының әскери қызметшісі запасқа немесе отставкаға шығарылған кезде зейнетақы төлеміне құқығының болуын растаған әскери қызметшінің жеке ісінің бірінші данасы ҚР ҚМ ЗҚО-ға жіберіледі, ал екінші данасы – әскери қызметшіні әскери есепке қою жері бойынша ЖӘБО-ға жіберіледі.
Зейнетақы төлеміне құқығы жоқ әскери қызметші жеке ісінің барлық данасы әскери қызметшіні әскери есепке қою жері бойынша ЖӘБО-ға жіберіледі.
Жеке істе ҚР ҚК-де қызмет өткергенін растау туралы, оның ішінде зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын жеңілдікпен есептеуге құқық беретін қызмет өткергені және еңбек сіңірген жылдарына жүргізілген есеп туралы жазба жасалады.
Әскери қызметші қызметтен шығару туралы бұйрықта көрсетілген басқа ЖӘБО-ға есепке тұруға кеткенде жеке ісі әскери қызметші нақты кеткен ЖӘБО-ға жіберіледі.
Әскери қызметші әскери есепке тұру үшін жақын шетелдің әскери басқару органына жіберілуге тиіс болғанда олардың жеке ісінің бірінші данасын көрсетілген әскери басқару органына ҚР ҚМ кадр органы жібереді.
26. Әскери қызметшіні есепке алу құжаттары:
1) қайтыс болғандардың (қаза тапқандардың), хабарсыз кеткендердің жеке ісінің бірінші данасы – қайтыс болғандардың (қаза тапқандардың), хабарсыз кеткендер отбасының тұрғылықты мекенжайы бойынша ЖӘБО-ға, жеке ісінің екінші данасы – ҚР ҚМ Орталық мұрағатына;
2) бас бостандығынан айыруға сотталған әскери қызметші жеке ісінің барлық данасы ҚР ҚМ Орталық мұрағатына;
3) әскери атағынан айырылған әскери қызметші жеке ісінің барлық данасы әскери есепке қою орны бойынша ЖӘБО-ға жіберіледі.
27. Жеке істің немесе есепке алу кітабының (бұдан әрі – материал) жоғалуы не бүлінуі (бұдан әрі – жоғалу) Қазақстан Республикасының жеке деректерді қорғау саласындағы заңнамасын бұзу болып табылады.
Құпия мәліметтер бар материал жоғалған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде көзделген іс-шаралар жүргізіледі.
28. Материалдың жоғалу фактісі анықталған кезде командир (бастық) қызметтік тергеп-тексеруді тағайындайды, оның барысында:
1) жоғалған материалды белсенді іздестіру жүргізіледі;
2) оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталады;
3) әскери бөлімнің жеке құрамынан жауап алынады, қажет болғанда жазбаша түсініктеме/түсіндіру, бейнебақылау материалы және басқасы іріктеледі;
4) жоғалу нәтижесінде туындауы мүмкін жеке деректердің таралып кетуінің ықтимал зардабын бағалау жүргізіледі және ықтимал салдарды жою бойынша ұсыныс жасалады;
5) жоғалуға кінәлі, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауға қатысы бар адамдар анықталады;
6) материалдың жоғалуына әкеп соққан себептер мен жағдайды жою бойынша ұсыныс әзірленеді.
29. Қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша командир (бастық):
1) тәртіптік жаза қолдану туралы;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік айыппұл салу немесе қылмыстық іс қозғау үшін құзыретті органға материалды жіберу туралы;
3) жоғалған материалды есепке алу кітаптарынан шығару және оны қалпына келтіру, көшірме жасау тәртібі туралы тиісті шешім қабылдайды.
1-1 Жеке істі есепке алу кітабы __________________________________________________ (әскери бөлім (мекеме) атауы)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Жеке істі есепке алу кітабы
__________________________________________________
(әскери бөлім (мекеме) атауы)
20___ж.»____»__________басталды
20___ж.»____»__________ аяқталды
Р/с №
Әскери атағы, жеке нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (болса)
Туған күні
Қашан, қайдан түскені, ілеспе хат нөмірі
Дана саны
Құпиялылық белгісі
Қашан, қайда жіберіледі, ілеспе хат нөмірі
1
2
3
4
5
6
7
1-2 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
_______________________
(шектеу дәрежесі)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері
Қызметтік тізім
______________________________________________________________
(тегі,
______________________________________________________________
аты, әкесінің аты (болса)
Жеке нөмірі _______________
Әскери атағы
ҚР Президентінің Жарлығы, оның нөмірі мен күні. Жеке құрам бойынша кімнің бұйрығы, оның нөмірі мен күні
Әскери атағы
ҚР Президентінің Жарлығы, оның нөмірі мен күні. Жеке құрам бойынша кімнің бұйрығы, оның нөмірі мен күні
Жеке нөмірі бар жетонды __________________ алдым
20___ ж. «____» ____________ ___________
(қолы)
1. Туған жылы, күні және айы
2. Туған жері
3. Ұлты
4. Жеке сәйкестендіру нөмірі
5. Білімі:
а) азаматтық (жүйелі ретпен оқу орнының атауы және оны бітірген жылы)
ә) әскери (жүйелі ретпен әскери оқу орнының атауы және оны бітірген жылы)
б) курстық даярлықтан өту (бірізді ретпенрастайтын құжаттарға сәйкес курс атауы және оны бітірген күні)
6. Қандай шет тілін және ТМД елдерінің тілін және қандай деңгейде біледі
7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және қашан берілді
8. Қандай ғылыми еңбегі мен өнертабысы бар (оның саны көп болса – жеке тізіммен көрсетіледі)
9. Қарулы Күштерде қызмет өткергенге дейінгі дербес еңбек қызметі
Күні
Жұмыс орны (кәсіпорынның, мекеменің атауы). Ұйымның бар болса бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі)
Атқаратын лауазымы
Қай уақыттан бастап (жылы, күні, айы)
Қай уақытқа дейін (жылы, күні, айы)
10. Қарулы Күштерде әскери қызмет өткеруі
Әскериқызметке шақырылды
Әскери антты қабылдады
Қай уақыт-тан бастап (жылы, күні, айы)
Қай уақытқа дейін (жылы, күні, айы)
Лауазымы, штат бойынша әскери-есептік мамандық нөмірі
Әскери бөлім (мекеме), құрама, армия, әскер тобы, майдан немесе округ, флот немесе флотилия
Кімнің бұйрығы, бұйрық нөмірі мен күні
11. Жауынгерлікіс-қимылдарға, терроризмге қарсы операцияға, төтенше жағдайды және олардың салдарын жоюға, бітімгершілік операцияға, төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге қатысу, жеңілдік шартында зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын есептеуге құқық беретін климаттық жағдайы күрделі жерде әскери қызмет өткеру
Қай уақыттан бастап (жылы, күні, айы)
Қай уақытқа дейін (жылы, күні)
12. Соғыста жаралану, контузияалу, күю және улану және олардың сипаты. Қайда және қашан алғаны.
13. Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің немесе шет мемлекетінің қандай мемлекеттік, ведомстволық наградасымен наградталды (сондай-ақ құрмет және басқа да атақтың берілгені туралы көрсетіледі)
Орден мен медаль атауы және қандай құрметті атақ берілді
Не үшін наградталды (жауынгерлік ерекше көзге түскені, еңбек сіңірген жылдары үшін). Құрметті атақ не үшін берілді
Наградтау туралы Жарлық, құрметті атақ беру туралы қаулы күні. Бұйрықпен наградтау кезінде – кімнің бұйрығы, оның нөмірі мен күні
14. Шетелде іссапарда болуы
Қайда, қандай мақсатпен
Қай уақыттан бастап (жылы, күні, айы)
Қай уақытқа дейін (жылы, күні, айы)
15. Қандай сайлау органына сайланған немесе сайланды
16. Тұтқында болды ма, қандай жағдайда болды, қашан және қайда тұтқынға алынды және тұтқыннан босатылды
17. Әкесі мен шешесінің тегі, аты, әкесінің аты (болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері
18. Отбасы жағдайы (бойдақ, үйленген, жесір (тұл), ажырасқан), жұбайының (зайыбының), балаларының тегі, аты, әкесінің аты (болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі
19. Отбасының мекенжайы
20. Жақын туысының (асырап алушы, асырап алынған, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-іні және апалы-сіңлі (аға-қарындас), атасы, әжесі, немерелері) тегі, аты, әкесінің аты (болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі
21. Запаста болған уақытта жиыннан өткені
Қау уақыттан бастап (жылы, күні, айы)
Қай уақытқа дейін (жылы, күні, айы)
Қандай лауазым бойынша
Қандай әскери бөлім (мекеме), құрама жанында, қандай округте, флотта немесе флотилияда
Кімнің бұйрығы немесе өкімі, оның нөмірі мен күні
Қызметтік тізім 20 ___ ж. «____» ___________________ жасалды
_____________________________________________________________
әскери бөлім (мекеме) атауы)
командирі (бастығы) ___________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі мен инициалдары)
Мөр орны
Жазылған мәліметтердің дұрыс болуын растаған офицердің (әскери қызметшінің) қолы
20__ ж. «___» _____________
20__ ж. «___» _____________
20__ ж. «___» _____________
20__ ж. «___» _____________
20__ ж. «___» _____________
20__ ж. «___» _____________
20__ ж. «___» _____________
20__ ж. «___» _____________
Ескертпе: құпиялылық белгісі немесе шектеу белгісі оның мазмұны негізінде құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомстволық тізіміне және таратылуы шектелген мәліметтер тізбесіне сәйкес беріледі.
1-3 Ұшу жұмысын есепке алу парағы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Ұшу жұмысын есепке алу парағы
_______________________________________________________________
(әскери атағы, тегі аты, әкесінің аты (болса), жеке нөмірі)
Жылдар
Ұшу сағатының бір жылға белгіленген нормасы
Нақты жылдық ұшқан сағат
Ұшу сағатын растау туралы кімнің бұйрығы, оның нөмірі мен күні
реактивті қозғалтқышы бар ұшақта
поршеньді қозғалтқышы бар ұшақта
реактивті қозғалтқышы бар ұшақта
поршеньді қозғалтқышы бар ұшақта
1
2
3
4
5
6
Ұшу жұмысындағы үзіліс, жаңа авиациялық техниканы қайта оқу, авиацияның басқа түріне ауысу, әскери бөлімнің (мекеменің) таратылуына байланысты ұшуды тоқтату туралы мәліметтер
Р/с №
Міндетті түрде күнін көрсетумен ұшу жұмысын (кезеңін) тоқтату немесе ұшу жұмысынан шеттету, ұшақтың басқа түрінеауысу, әскери бөлімнің (мекеменің) таратылуына байланысты ұшуды тоқтату жазбасының қысқаша мазмұны
Оның негізінде жазба жүргізілген құжат атауы, нөмірі мен күні
1
2
3
Ескертпе: әскери бөлімнің (мекеменің) тек шартты атауы бойынша жүргізіледі.
1-4 Жүзу өтілін есепке алу парағы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Жүзу өтілін есепке алу парағы
_______________________________________________________________
(әскери атағы, тегі аты, әкесінің аты (болса), жеке нөмірі)
Қандай корабльде (атауы), қандай құрама және флот құрамында жүзді, қандай лауазымда немесе кім болып
Корабльде қай жылы, қай уақыттан қай уақытқа дейін болды
Оның ішінде:
Жүзіп өткен миль саны
Жүру күнінің саны
Жүзу өтілін жариялау туралы кімнің бұйрығы, оның нөмірі мен күні
Корабль қай уақыттан қай уақытқа дейін сапта болды (жылы, күні, айы)
Корабль қай уақыттан бастап және қай уақытқа дейін жауынгерлік тралдауда болды
(жылы, күні, айы)
1
2
3
4
5
6
7
Ескертпе: әскери бөлімнің (мекеменің) тек шартты атауы бойынша жүргізіледі.
1-5 Парашютпен секірулерді орындауды есепке алу парағы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Парашютпен секірулерді орындауды есепке алу парағы
_______________________________________________________________
(әскери атағы, тегі аты, әкесінің аты (болса), жеке нөмірі)
Секірген жылдары
Ағымдағы жылғы жасалған парашютпен секіру саны
Жеңілдікпен есептегенде (бір күнтізбелік ай бір жарым болып) еңбек сіңірген жылы қандай кезеңге есептеледі
Жасалған секіруді растайтын бұйрық (кімнің бұйрығы, оның нөмірі мен күні)
1
2
3
4
1-6 Сүңгуірдің суастындағы жұмысын есепке алу парағы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Сүңгуірдің суастындағы жұмысын есепке алу парағы
_______________________________________________________________
(әскери атағы, тегі аты, әкесінің аты (болса), жеке нөмірі)
Лауазым атауы
Су астындағы жұмыстың белгіленген жылдық нормасы (сағат). Қай жылы
Жыл бойы су астындағы жұмыстың нақты уақыты (сағат). Қай жылы
Су астындағы нақты жұмыс уақытын растайтын бұйрық (кімнің бұйрығы, оның нөмірі мен күні)
1
2
3
4
1-7 Жерасты құрылысында жауынгерлік кезекшілікті есепке алу парағы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Жерасты құрылысында жауынгерлік кезекшілікті есепке алу парағы
___________________________________________________________
(әскери атағы, тегі аты, әкесінің аты (болса), жеке нөмірі)
Жылдары
Жыл ішіндегі кезекшілік күн саны. Ауыруына, жаңа техникаға қайта оқып-үйретілуіне, әскери бөлімнің (мекеменің) таратылуына байланысты үзіліс туралы мәліметтер
Кезекшілік күн санын растау туралы кімнің бұйрығы немесе кезекшіліктегі үзіліс туралы құжат атауы, оның нөмірі мен күні
1
2
3
1-8 АНЫҚТАМА ______________________________________ (әскери атағы, алған күні) ______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болса) Жеке нөмірі: _________________
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау қағидаларына
8-қосымша
Нысан
АНЫҚТАМА
______________________________________
(әскери атағы, алған күні)
______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болса)
Жеке нөмірі: _________________
Туған жылы, күні, айы және туған жері: ____________________________________
______________________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі: ______________________________________________
Ұлты: _________________________________________________________________
Білімі (бітірген жылы):
а) азаматтық: __________________________________________________________
б) әскери: _____________________________________________________________
Қандай мемлекеттік наградамен наградталды: _____________________________
Жауынгерлік іс-қимылға қатысқаны: ______________________________________
Ұзақ шетелдік іссапарда болуы:__________________________________________
Отбасы жағдайы: ______________________________________________________
Дербес еңбек қызметі және Қарулы Күштердегі әскери қызметі:
Қай уақыттан бастап (жылы мен айы)
Қай уақытқа дейін (жылы мен айы)
Жұмыс істеген немесе қызмет өткерген кәсіпорындағы, орындағы, әскери бөлімдегі (мекемедегі), құрамадағы лауазымы
1
2
3
________________________________________________ штабының бастығы
(әскери бөлім (мекеме) атауы)
____________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі мен инициалдары)
20___ ж. «___» _____________
Ескертпе: әскери бөлімнің (мекеменің) тек шартты атауы бойынша жүргізіледі.
1-9 Әскери қызметшінің қызмет өткерген жерінен анықтама
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау қағидаларына
9-қосымша
Нысан
Әскери қызметшінің қызмет өткерген жерінен анықтама
_______________________________________________________________, оның
(әскери атағы, тегі аты, әкесінің аты (болса)
_____________________________________ әскери қызмет өткеретінін растайды.
(әскери бөлім (мекеме) атауы)
____________________________________________________ ұсыну үшін берілді.
(ұйым, мекеме атауы)
__________________________________________________ командирі (бастығы)
(әскери бөлім (мекеме) атауы)
_________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі мен инициалдары)
Мөр орны
1-10 Әскери қызметшінің отбасы құрамы туралы анықтама
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау қағидаларына
10-қосымша
Нысан
Әскери қызметшінің отбасы құрамы туралы анықтама
______________________________________________________________ жеке
(әскери атағы, тегі аты, әкесінің аты (болса)
ісіндегі қызметтік тізімнің 18-бағанына сәйкес оның отбасы құрамына мыналар кіретінін растайды:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
__________________________________________________ ұсыну үшін берілді.
(мекемеатауы)
________________________________________________ командирі (бастығы)
(әскери бөлім (мекеме) атауы)
________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі мен инициалдары)
Мөр орны
1-11 Қызметтік тізімде анықталған ақаулық (физикалық зақымдану) туралы акті
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жеке істерін ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау қағидаларына
11-қосымша
Қызметтік тізімде анықталған ақаулық (физикалық зақымдану) туралы акті
Қызметтік тізімде анықталған ақаулық (физикалық зақымдануы) туралы осы акт мыналардың қатысуымен жасалды:
1. ______________________________________________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
2. ______________________________________________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
3. ______________________________________________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
Тексеру кезінде мынадай ақаулық анықталды:
№
Анықталған ақаулық сипаттамасы
1
2
Актіні жасағандар:
1. ______________________________________________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
2. ______________________________________________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
3. ______________________________________________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)