Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных «Сведения о повышении квалификации специалистов водной отрасли»

Бұйрық · № 273-НҚ · қабылданған 26.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229373/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных «Сведения о повышении квалификации специалистов водной отрасли» Күшіне енбеген 26.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных «Сведения о повышении квалификации специалистов водной отрасли»

Күшіне енбеген Бұйрық № 273-НҚ 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных «Сведения о повышении квалификации специалистов водной отрасли»
Атауы (қаз.)
«Су саласы мамандарының біліктілігін арттыру туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
273-НҚ
Қабылданған күні
26.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
11.09.2026
Көрсетілген редакция
26.08.2026 I229373_0.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26MA000273
ЭКБ идентификаторы
229373
Редакция идентификаторы
I229373_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.09.2026 03:30
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Су саласы мамандарының біліктілігін арттыру туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Су шаруашылығы саласы мамандарының біліктілігін арттыру туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновациялар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жолдауды;

2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

7 Бұйрығымен бекітілген

Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: «Су саласы мамандарының біліктілігін арттыру туралы мәліметтер».
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): № 01-СШСМБАТМ.
Кезеңділік: жылдық.
Есепті кезең: __ жыл.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары және олардың филиалдары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 тоқсаны ішінде.
ЖСН/БСН
Жинау әдісі – электронды түрде.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның негізгі бөлігі.
Су саласы мамандарының біліктілігін арттырудың негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы
Өлшем бірлігі
Саны
1
2
3
4
1
Біліктілігін арттыру курстарынан өткен мамандар саны
адам
2
Біліктілігін арттыру курстарынан өткен қызметкерлердің штаттық санынан үлесі
%
3
Өткізілген біліктілікті арттыру курстарының саны
бірлік
Атауы ___________________________________________
Мекенжайы_______________________________________
Телефоны_________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ______________________
Орындаушы _______________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_______________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
Әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы Нысанға қосымшада келтірілген.

1 «Су саласы мамандарының біліктілігін арттыру туралы мәліметтер» (01- СШСМБАТМ нысаны, жылдық) әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

«Су саласы мамандарының
біліктілігін арттыру
туралы мәліметтер»
әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға
арналған нысанға қосымша
«Су саласы мамандарының біліктілігін арттыру туралы мәліметтер» (01- СШСМБАТМ нысаны, жылдық) әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

2 ​ 2. 2-бағанда көрсеткіштің атауы көрсетіледі.

3 ​ 3. 3-бағанда өлшем бірлігі көрсетіледі.

4. 4-бағанда саны көрсетіледі.