Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Өзге акт · № 8 · қабылданған 27.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229379/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста 27.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қолданыста Өзге акт № 8 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8
Қабылданған күні
27.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
08.09.2026
Көрсетілген редакция
27.08.2026 229379_838646.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26NJ00008B
ЭКБ идентификаторы
229379
Редакция идентификаторы
229379_838646
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:06
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына «Қолданыстағы муфта-«Желқуар» шекаралық бақылау бөлімшесі» талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу» объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының аумағында орналасқан алаңы 1,5956 гектар жер учаскелеріне 2029 жылғы 11 маусымға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2. «Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін оның Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.