Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении предельного значения совокупного объема активов банка с базовой банковской лицензией и размеров депозитов физических лиц, принимаемых банком с базовой банковской лицензией

Қаулы · № 124 · қабылданған 25.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229412/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об установлении предельного значения совокупного объема активов банка с базовой банковской лицензией и размеров депозитов физических лиц, принимаемых банком с базовой банковской лицензией Қолданыста 25.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении предельного значения совокупного объема активов банка с базовой банковской лицензией и размеров депозитов физических лиц, принимаемых банком с базовой банковской лицензией

Қолданыста Қаулы № 124 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении предельного значения совокупного объема активов банка с базовой банковской лицензией и размеров депозитов физических лиц, принимаемых банком с базовой банковской лицензией
Атауы (қаз.)
Базалық банк лицензиясы бар банк активтерінің жиынтық көлемінің шекті мәнін және базалық банк лицензиясы бар банк қабылдайтын жеке тұлғалар депозиттерінің мөлшерлерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
124
Қабылданған күні
25.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
13.09.2026
Көрсетілген редакция
25.08.2026 I229412_0.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039717
ЭКБ идентификаторы
229412
Редакция идентификаторы
I229412_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 18:57
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Базалық банк лицензиясы бар банк активтерінің жиынтық көлемінің шекті мәнін және базалық банк лицензиясы бар банк қабылдайтын жеке тұлғалар депозиттерінің мөлшерлерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 1-тармағына және 22-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) базалық банк лицензиясы бар банк активтерінің жиынтық көлемінің шекті мәні тиісті айдың соңғы жұмыс күні ретінде айқындалатын әрбір айдың есепті күнінде 500 000 000 000 (бес жүз миллиард) теңгеден аспайтыны;

2) базалық банк лицензиясы бар банк ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын жеке тұлғалардың банктік шоттарындағы ақшаны қоса алғанда, базалық банк лицензиясы бар банк қабылдайтын жеке тұлғалар депозиттерінің мөлшерлері және олар бойынша күнделікті қалдықтар:

ұлттық валютадағы жинақтау салымдары (депозиттері) бойынша 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден;
ұлттық валютадағы өзге де депозиттер (банктік шоттардағы ақшаны қоса алғанда) бойынша 10 000 000 (он миллион) теңгеден;
шетел валютасындағы депозиттер бойынша (банктік шоттардағы ақшаны қоса алғанда) 5 000 000 (бес миллион) теңгеден аспайтыны белгіленсін.
Базалық банк лицензиясы бар банк жеке тұлға депозиттерінің бірнеше түрін қабылдаған және (немесе) жеке тұлғаның бірнеше банктік шотын ашқан және жүргізген кезде осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген барлық депозит (банктік шоттардағы ақшаны қоса алғанда) бойынша жиынтық күнделікті қалдық 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден аспайды.

2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.