Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

«Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Карабалыкского районного маслихата»

Өзге акт · № 285 · қабылданған 21.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229449/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
«Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Карабалыкского районного маслихата» Қолданыста 21.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

«Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Карабалыкского районного маслихата»

Қолданыста Өзге акт № 285 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Карабалыкского районного маслихата»
Атауы (қаз.)
«Қарабалық аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы»
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
285
Қабылданған күні
21.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
01.09.2026
Көрсетілген редакция
21.08.2026 229449_837428.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26NL00285M
ЭКБ идентификаторы
229449
Редакция идентификаторы
229449_837428
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 18:57
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қарабалық аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы»

Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Қарабалық аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.

2. Қарабалық аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы «Қарабалық аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 191 шешімінің күші жойылсын.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

4 «Қарабалық аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Қарабалық аудандық мәслихатының
2026 жылғы 21 тамыздағы
№ 285 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
«Қарабалық аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1 тарау. Жалпы ережелер

1. «Қарабалық аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) Қарабалық аудандық мәслихаты мен оның органдарын ұйымдық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Мәслихат аппаратының, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері - индекс 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 31.

10. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде: «Қарабалық аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде: государственное учреждение «Аппарат Карабалыкского районного маслихата».

11. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

12. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2 тарау. Мәслихат аппаратының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері

14. Міндеттері: негізгі міндет мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету болып табылады.

15. Өкілеттіктер:

1) құқықтар:

жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге, шарттар жасасуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәмілелер жасауға;
мәслихаттың және оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат өткізетін өзге де іс-шараларға қатысу;
мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті құжаттарды, мәліметтерді және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, мамандар мен сарапшыларды заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихаттың қарауына шығарылатын материалдар мен құжаттарды дайындауға тарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

2) міндеттері:

мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде мәслихат пен оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат қызметі шеңберінде өткізілетін өзге де іс-шараларға материалдар дайындауды қамтамасыз ету;
өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

16. Функциялар:

мәслихаттың, оның төрағасының, тұрақты және уақытша комиссиялардың, мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттардың қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
мәслихат пен оның органдарының қарауына шығарылатын мәслихат шешімдерінің жобаларын, өзге де құжаттар мен материалдарды дайындауды, ресімдеуді және сүйемелдеуді ұйымдастыру;
депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және тұрғындармен өзара іс-қимылын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды және мәслихаттың қызметі туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және құжаттарды мұрағаттық сақтауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ мәслихатқа келіп түсетін петицияларды қарауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына және еңбек заңнамасына сәйкес мәслихат аппаратында кадр жұмысын ұйымдастыру;
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
аппарат құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін және мәслихат қызметін қаржылық, материалдық-техникалық және шаруашылық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

17. Мәслихат аппараттың мемлекеттік қызметшілері қызметті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Мәслихаттың өкілеттік мерзімінің аяқталуы не депутаттардың жаңа құрамын сайлау аппарат қызметкерлерінің мемлекеттік қызметін тоқтату үшін негіз болып табылмайды.

18. Мәслихат аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік уақыты мен тынығу уақытының режимі Қазақстан Республикасының заңнамасында, ішкі еңбек тәртібі қағидаларында және аппарат басшысының актілерінде айқындалады.

3-тарау. Мәслихат аппараты басшысының мәртебесі, өкілеттігі

19. Мәслихат аппаратының қызметіне басшылықты мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

20. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

21. Мәслихат аппараты басшысының орынбасары жоқ.

22. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

23. Мәслихат аппараты басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4-тарау. Мәслихат аппаратының мүлкі

24. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мәслихат аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

27. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.