Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат маслихата Павлодарского района»

Ереже · № 49/406 · қабылданған 27.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229472/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат маслихата Павлодарского района» Қолданыста 27.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат маслихата Павлодарского района»

Қолданыста Ереже № 49/406 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат маслихата Павлодарского района»
Атауы (қаз.)
«Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
49/406
Қабылданған күні
27.08.2026
Көрсетілген редакция
27.08.2026 229472_837627.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26PK49406M
ЭКБ идентификаторы
229472
Редакция идентификаторы
229472_837627
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.09.2026 03:30
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

2. Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 3/43 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4 «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

Павлодар аудандық
мәслихатының 2026 жылғы
27 тамыз № 49/406
шешімімен бекітілді
«Павлодар аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесі

1 тарау. Жалпы ережелер

1. «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Павлодар аудандық мәслихаты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар

5. «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Павлодар аудандық маслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық маслихат төрағасының өкімдерімен, маслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерді қабылдайды.

8. «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32.

Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі:
дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
Мемлекеттік органның толық атауы - «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

12. «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым- қатынасқа түсуіне тыйым салынады.

2 тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, міндеттері мен өкілеттіктері

13. Мақсаттары:

аудандық мәслихаттың сессиялардағы қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрақты комиссиялар және өзге де органдар мен депутаттар арқылы қамтамасыз ету;
аудандық мәслихат депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
өз өкілеттіктері шеңберінде Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да жағдайларды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың ашық отырыстарын онлайн режимде аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында трансляцияларды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған ұсыныстардың бағыттарын қамтамасыз ету және аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау.

14. Өкілеттіктері:

1) Құқықтары:

аудандық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан ақпарат сұрату;
аудандық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың (келісім бойынша) қызметкерлерін тарту;
депутаттардың сауалдары мен депутаттық ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға депутаттық сауалдар, ұсыныстар, пікірлер, хабарламалар, шағымдар жіберу;
қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

2) Міндеттері:

аудандық мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттарына консультациялық-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету;
өз құзыреті шегінде аудандық мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

15. Функциялар:

аудандық мәслихат бекіткен мәслихаттың жұмыс жоспарының негізінде, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттар топтары мен депутаттар, аудан әкімі енгізетін мәселелер бойынша аудандық мәслихат сессиясын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
аудандық мәслихаттың сессияларында азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты жалпыға міндетті маңызы бар мәслихаттың шешімдерін әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;
аудандық мәслихат қабылдаған сыбайлас жемқорлық сипаты бар және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларының нормативтік құқықтық актілеріне қатысты тұрақты құқықтық мониторингті қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат сессияларын өткізуді ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді, аудандық мәслихаттың сессиялары мен басқа да отырыстарын онлайн-трансляциялауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың ресми сайтының үздіксіз жұмыс істеуін және уақтылы өзектілендірілуін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес әзірлеушісі аудандық мәслихат болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру;
тұрақты комиссиялардың отырыстарын, жария тыңдауларды, «дөңгелек үстелдерді», жұмыс сапарларын дайындауды жүзеге асыру, тұрақты комиссиялардың мүшелеріне қаралатын мәселелердің мәні бойынша материалдарды уақтылы ұсыну, комиссиялар қаулыларының жобаларын әзірлеу және комиссия төрағаларымен келісу;
аудандық мәслихат сайты, баспа және электрондық БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы тұрақты комиссиялар депутаттары жұмысының ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес депутаттық сауалдар дайындауды қамтамасыз етеді;
Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
аудандық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

16. «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Павлодар аудандық мәслихаты аппаратының басшысы жүзеге асырады.

17. «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы - аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Павлодар аудандық мәслихат төрағасымен қызметке сайланады және қызметтен босатылады.

18. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктері:

1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;

2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;

11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

19. Аудан мәслихатының аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аудан мәслихаты аппаратының басшысы басқарады.

20. Павлодар аудандық мәслихаты алқалы орган болып табылады, оны Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы басқарады.

21. Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы өкілді органның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және аппараттың оның өкілеттіктерін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын үйлестіреді.

22. Мәслихат төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды тұлға болып табылады. Ол депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен сайланады және мәслихаттың сессиясында лауазымынан босатылады.

Мәслихат төрағасы мәслихаттың өкілеттік мерзіміне сайланады.

23. Аудандық мәслихат төрағасы болмаған жағдайда, оның өкілеттіктерін уақытша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе аудандық мәслихат депутаты жүзеге асырады.

Аудандық мәслихаттың өкілеттіктері:
тиісті аумақтың жоспарлары мен әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын, жегілікті бюджетті және олардың орындалуы туралы есептерді бекіту;
өз құзіріетіне жататын жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылымға қатысты мәселелерді шешу;
атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және Мәслихат шешімдерінің орындалмауына байлнысты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту туралы тиісті органдарға ұсынымдар енгізу;
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес жасырын немесе ашық дауыс беру өткізу арқылы аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау;
жергілікті бюджеттің, аумақтарды дамыту бағдарламаларының атқарылуын бақылау;
облыстың тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қарау;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
Әкімнің халықпен кездесуі барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарының іске асырылу қорытындыларын қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

24. «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер де заңнамада өзгеше көзделмесе, «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.