Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Шемонаихинского районного маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Шемонаихинского районного маслихата»
- Атауы (қаз.)
- «Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 51/2-VIII
- Қабылданған күні
- 26.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 02.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2026 I229473_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26VS00512M
- ЭКБ идентификаторы
- 229473
- Редакция идентификаторы
- I229473_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.09.2026 03:32
0 «Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгілік регламентінің 79-тармағына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған «Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 «Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Шемонаиха аудандық мәслихатының
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 51/2-VIII шешіміне
1-қосымша
«Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. «Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, ол мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз етеді.
2. Мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшесі (ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық бөлімі) бар.
3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Мәслихат аппараты мемлекеттік тіркелген кезден бастап заңды тұлға мәртебесіне ие болады.
5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мәслихат аппараты өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, 071800, Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Анатолий Иванов атындағы көшесі, 59.
10. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыреті шегінде жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз ету.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік және өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
мәслихат депутаттарынан олардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша мәліметтерді, ақпаратты сұратуға;
өз қызметі барысында туындайтын ұсыныстарды мәслихаттың қарауына енгізуге;
мәслихат сессиясының және оның тұрақты комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;
депутаттық сауалдарды, ұсыныстарды, азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, өзге де ұйымдарға қарауға жіберуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес өзіне жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету.
15. Функциялары:
жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін мәслихаттың нормативтік құқықтық қамтамасыз етілуін реттеу;
аудандық мәслихат қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылау;
мәслихаттың қызметіне қатысты талдамалық және өзге де ақпаратты, материалдарды дайындау;
мәслихаттың мемлекеттік функцияларын іске асыруға бағытталған аудандық мәслихат актілерін әзірлеуге қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда нормативтік құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін ресімдеу және оларды әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсыну, сондай-ақ олардың құқықтық мониторингін жүргізу;
аудандық мәслихат пен оның тұрақты (уақытша) комиссиялары актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
петицияларды қарау;
аудандық мәслихат пен мәслихат аппаратының мүдделерін сот және өзге де құқық қорғау органдарында білдіру және қорғау;
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттары мен мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау;
мәслихат сессияларын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүзеге асыру;
мәслихат депутаттарына олардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына практикалық көмек көрсету және жәрдемдесу;
мәслихаттың пленарлық отырыстарына, тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысу және шешімдер жобаларын, комиссиялардың қорытындылары мен мәслихат шешімдерін сапалы дайындау мәселелері бойынша депутаттарға көмек көрсету;
мәслихат регламентіне сәйкес сессиялардың, тұрақты комиссиялар отырыстарының хаттамаларын, шешімдер жинақтарын ресімдеу;
мәслихат қызметінің мәселелері бойынша баяндамалар, шешімдер, анықтамалар және басқа да құжаттар жобаларын дайындауды ұйымдастыру;
мәслихат аппаратына келіп түсетін іс жүргізуді және хат-хабарларды өңдеуді жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;
мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мәселелерін үйлестіру;
материалдардың ресімделуін, сақталуын және архивке уақтылы берілуін қамтамасыз ету;
аппарат қызметкерлерінің жеке істерінің есебін ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Мәслихат аппаратына басшылықты аппарат басшысы жүзеге асырады, ол мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
17. Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
18. Аппарат басшысының өкілеттіктері:
1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық етеді;
2) өз құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерін жүктеу туралы бұйрықтарды дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін жүзеге асыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның міндетін атқаратын адамға жүктеледі.
20. Аппарат басшысының орынбасарлары болмайды.
21. Мәслихаттың өкілеттік мерзімі аяқталған кезде, мәслихаттың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда мәслихат аппараты қызметшілерінің қызметі тоқтатылмайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болуы мүмкін.
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден сатып алынған мүлік есебінен қалыптастырылады.
23.Мәслихат аппаратына бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мәслихат аппараты өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
47 Шемонаиха аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Шемонаиха аудандық мәслихатының
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 51/2-VIII шешіміне
2-қосымша
Шемонаиха аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі