Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Аппарат маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области»

Өзге акт · № 562/34 · қабылданған 25.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229514/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Аппарат маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области» Қолданыста 25.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Аппарат маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области»

Қолданыста Өзге акт № 562/34 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Аппарат маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
562/34
Қабылданған күні
25.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
12.09.2026
Көрсетілген редакция
25.08.2026 229514_837494.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26SK56234M
ЭКБ идентификаторы
229514
Редакция идентификаторы
229514_837494
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 18:58
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мәслихаттың үлгі регламентінің 79-тармағына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 296/22 ««Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі әділет органдарында мемлекеттік тіркеу жүргізілсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

5 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының
2026 жылғы 25 тамыздағы
№ 562/34 шешіміне
қосымша
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Мәслихат аппараты) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының (одан әрі – аудандық мәслихат), оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Мәслихат аппараты коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Мәслихат аппараты егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.

8. Мәслихат аппаратының құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 151000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайыншаауданы, Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы, 3А.

Мәслихат аппаратының жұмыс тәртібі:
дүйсенбі – жұма күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.

10. Осы Ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Мәслихат аппаратының өкілеттері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

13. Мәслихат аппаратының Ережесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Мәслихат аппаратының міндеттері, өкілеттіктері және функциялары

14. Міндеттері:

1) аудандық мәслихаттың ұйымдастырушылық және сессиялық қызметін қамтамасыз ету;

2) өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда депутаттарға көмек көрсету;

3) аудандық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік функцияларды іске асыруды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, аудандық мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу;

5) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықты аудандық мәслихаттың қызметі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету;

6) аудандық мәслихат депутаттарының материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету;

7) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қоғамдық кеңес қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

8) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған ұсыныстардың бағыттарын қамтамасыз ету және аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау;

15. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, өзге де ұйымдардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді, сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;
депутаттық сауалдар мен ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сауалдар, ұсыныстар, шағымдар жіберу;
аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті шешімдерді әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
аудандық мәслихатқа келіп түскен заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру мерзімі мен нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру;

2) міндеттері:

өз құзыреті шегінде аудандық мәслихат Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;
ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;
аудандық мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету;
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.

16. Функциялары:

мәслихаттың, оның төрағасының, тұрақты және уақытша комиссиялардың, мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттардың қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат пен оның органдарының қарауына шығарылатын өзге де құжаттар мен материалдарды дайындауды, ресімдеуді және сүйемелдеуді ұйымдастыру;
депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және тұрғындармен өзара іс-қимылын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды және мәслихаттың қызметі туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және құжаттарды архивтік сақтау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ мәслихатқа келіп түсетін петицияларды қарауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына және еңбек заңнамасына сәйкес мәслихат аппаратында кадр жұмысын ұйымдастыру;
мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
аппарат құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін және мәслихат қызметін қаржылық, материалдық-техникалық және шаруашылық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мәслихат төрағасының және аппарат басшысының мәртебелері, өкілеттіктері

17. Мәслихаттың қызметіне жалпы басшылықты мәслихат төрағасы жүзеге асырады, ол мәслихатқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

18. Мәслихат төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады. Ол депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы сайланады және мәслихаттың сессиясында лауазымынан босатылады. Мәслихат төрағасы мәслихаттың өкілеттік мерзіміне сайланады.

19. Аудандық мәслихат төрағасы болмаған жағдайда, оның өкілеттіктерін уақытша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе аудандық мәслихат депутаты жүзеге асырады.

20. Аудандық мәслихат төрағасының өкілеттіктері:

1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге және өзге де құжаттарға қол қояды;

1-1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;

1-2) мәслихат сессиясының отырыстарын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

2) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының жұмысына, сондай-ақ сайлау округтеріндегі қызметіне қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

3) депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштерінің қаралуын бақылайды;

4) мәслихат аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

5) сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа тұрақты түрде ақпарат ұсынады;

6) мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

6-1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе көтеруге бастамашылық жасайтын мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының түпнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

7) өз құзыреті мәселелері бойынша өкімдер шығарады;

8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының, сондай-ақ депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;

9) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкілдік етеді;

10) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуын бақылау жөніндегі шараларды айқындайды;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихат регламентінде және мәслихат шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

21. Мәслихат аппаратын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат төрағасы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын аппарат басшысы басқарады.

22. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктері:

1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;

2) өз құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

7) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

8) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу туралы және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясы төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтардың жобаларын дайындайды;

11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4-тарау. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

23. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

24. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше қарастырылмаса, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

26. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мәслихат аппаратының оның қарауындағы ұйымдары жоқ.
Мәслихат аппаратының оның қарауындағы аумақтық органдары жоқ.
Мәслихат аппаратының оның қарауындағы мемлекеттік мекемелері жоқ.