Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Абайского районного маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Абайского районного маслихата»
- Атауы (қаз.)
- «Абай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекеменің ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 41/2-VIII
- Қабылданған күні
- 26.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2026 I229517_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26FD00412M
- ЭКБ идентификаторы
- 229517
- Редакция идентификаторы
- I229517_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.09.2026 03:31
0 «Абай аудандық мәслихат аппараты»
мемлекеттік мекеменің ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген «Абай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекеменің ережесі бекітілсін.
2. Мәслихат шешімдерінің күші жойылды деп тану:
1) Абай аудандық мәслихатының 2004 жылғы 7 қаңтардағы № 5-7 «Абай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекеменің ережесін бекіту туралы» шешім;
2) «Абай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекеменің ережесін бекіту туралы» Абай аудандық мәслихатының 2004 жылғы 7 қаңтардағы № 5-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 3 қарашадағы № 14/4-VII шешім;
3) «Абай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекеменің ережесін бекіту туралы» Абай аудандық мәслихатының 2004 жылғы 7 қаңтардағы № 5-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Абай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 маусымдағы № 24/11-VII шешім;
4) «Абай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекеменің ережесін бекіту туралы» Абай аудандық мәслихатының 2004 жылғы 7 қаңтардағы № 5-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 32/3-VII шешім.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау мәслихат аппаратының басшысына (Қ. Жамашев) жүктелсін.
4. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
9 «Абай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Абай аудандық мәслихатының
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 41/2-VIIІ шешімімен бекітілді
«Абай аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Абай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Абай аудандық мәслихатының қызметін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі, атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мәслихат аппараты өз функциялары мен міндеттерін іске асыру мақсатында, заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат төрағасының өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 070100, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 14.
10. Осы ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған құзыреттер шегінде, жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз ету.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің лауазымды тұлғаларынан, мемлекеттік және өзге де ұйымдардан өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпараттарды сұрау және алу;
мәслихат депутаттарынан олардың қызметі мәселелері бойынша мәліметтер, ақпараттар сұрау;
мәслихаттың қарауына өз қызметі барысында туындайтын ұсыныстарды енгізу;
мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін мәслихат сессиясы мен тұрақты комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатыстыру;
мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, өзге де ұйымдарға қарау үшін депутаттық сауалдар, азаматтардың ұсыныстары мен өтініштерін жолдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету.
15. Функциялары:
жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін мәслихатты нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді реттеу;
аудандық мәслихат қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылау;
мәслихат қызметіне қатысты талдау ақпаратын және өзге де ақпаратты, материалдарды дайындау;
мәслихаттың мемлекеттік функцияларын іске асыруға бағытталған аудандық мәслихат актілерін әзірлеуге қатысу;
мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдау және оларға құқықтық мониторинг жүргізу;
аудандық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
сот және өзге де құқық қорғау органдарында аудандық мәслихаттың және мәслихат аппаратының мүддесін білдіру және қорғау;
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттарының және мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруға шығыстарды жоспарлау;
мәслихат сессияларын дайындап өткізу жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды жүзеге асыру;
мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға, азаматтар қабылдауын, есептер және сайлаушылармен кездесулер ұйымдастыруға іс жүзінде көмек пен жәрдем көрсету, оларды қажетті анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету, мәслихатқа түсетін ақпараттарды жинақтау;
сессиялардың пленарлық отырыстарына, тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарына қатысу және мәслихат шешімдерінің жобаларын, тұрақты комиссияларының қаулыларын және уақытша комиссияларының қорытындыларын сапалы дайындау мәселелерінде депутаттарға көмек көрсету;
мәслихат Регламентіне сәйкес сессиялардың, тұрақты комиссиялар отырыстарының хаттамаларын, шешімдердің жинақтарын ресімдеу;
мәслихат қызметінің мәселелері бойынша баяндамалар, шешімдер жобаларын, анықтамалар мен басқа да құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;
мәслихат актілері мен құжаттаманы ресімдеуді, сақтауды және архивке тапсыруды қамтамасыз ету;
іс қағаздарын жүргізу және мәслихат аппаратына түсетін хат-хабарларды өңдеу, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарына сәйкес ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Аудандық мәслихат төрағасының мәртебесі, өкілеттігі
16. Аудандық мәслихаттың төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады. Аудандық мәслихаттың төрағасы мәслихат өкілеттігі мерзіміне сайланады.
17. Аудандық мәслихат төрағасын мәслихат сессиясында депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен сайлайды және қызметінен босатады. Бір тұлға аудандық мәслихаттың төрағасы болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.
18. Аудандық мәслихат төрағасының өкілеттігі:
1) аудандық мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) аудандық мәслихат сессияларын шақыру туралы шешім қабылдайды;
3) аудандық мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді;
4) аудандық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі;
5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
6) аудандық мәслихат аппатарының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
7) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
8) аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
9) аудандық мәслихат төрағасы мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ;
10) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдармен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда аудандық мәслихат атынан өкіл болады;
Аудандық мәслихаттың төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 19-бабының 5-тармағына сәйкес аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе аудандық мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.