Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Кокпектинского районного маслихата области Абай»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Кокпектинского районного маслихата области Абай»
- Атауы (қаз.)
- «Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 46-2
- Қабылданған күні
- 26.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2026 I229526_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26FJ00462M
- ЭКБ идентификаторы
- 229526
- Редакция идентификаторы
- I229526_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.09.2026 03:31
0 «Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
2. «Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 23-3 Көкпекті аудандық мәслихатының шешімінің, «Көкпекті аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 23-3 «Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29-3 Көкпекті аудандық мәслихатының шешімінің қүші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Н.Фахрутдиноваға жүктелсін.
4. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 «Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Көкпекті аудандық мәслихатының
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 46-2 шешімімен
бекітілген
«Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік
мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. «Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшесі (ұйымдастыру-құқықтық жұмысы және бақылау бөлімі) бар.
2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған өзінің мөрі мен мөртаңбасы бар, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Мәслихат аппараты егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Мәслихат аппараты өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихатының аппарат басшысының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 071000, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Шариаздан көшесі, 44А.
10. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.
2- Тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыреті шегінде жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін аудандық мәслихаттың қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық және өзге де қамтамасыз ету.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің лауазымды тұлғаларынан, мемлекеттік және өзге де ұйымдардан өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпараттарды сұрау және алу;
мәслихат депутаттарынан ұйымдастырушылық жұмысты қамтамасыз ету және олардың депутаттық өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін қажетті ақпарат пен материалдарды алуға;
мәслихаттың қарауына өз әрекеті процесінде туындайтын ұсыныстарды енгізу;
мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту;
азаматтардың депутаттық сауалдарын, ұсыныстарын, өтініштерін қарау үшін мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, өзге де ұйымдарға жіберу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету.
15. Функциялары:
жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін мәслихаттың нормативтік құқықтық қамтамасыз етілуін реттеу;
мәслихаттың, оның органдары мен аппаратының қызметін ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
мәслихат қызметіне қатысты талдамалық және өзге де ақпаратты, материалдарды дайындау;
мәслихаттың мемлекеттік функцияларын іске асыруға бағытталған аудандық мәслихат актілерін әзірлеуге қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге нормативтік құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін жіберу және олардың құқықтық мониторингін жүргізу;
мәслихат шешімдерінің орындалуына мониторингті ұйымдастыруды қамтамасыз етуді жүзеге асыру және мәслихат төрағасын нәтижелер туралы хабардар ету;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
сот және өзге де құқық қорғау органдарында аудандық мәслихаттың және мәслихат аппаратының мүдделерін білдіру және қорғау;
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттары мен мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау;
мәслихат сессияларын дайындау мен өткізудің ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын жүзеге асыру;
мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда практикалық көмек және жәрдем көрсету;
мәслихат сессияларының отырыстарына, тұрақты комиссиялардың отырыстарына қатысу және депутаттарға шешімдердің, комиссия қорытындыларының және мәслихат шешімдерінің жобаларын сапалы дайындау мәселелерінде көмек көрсету;
мәслихаттың регламентіне сәйкес сессияның хаттамаларын, шешімдердің жинақтарын рәсімдейді;
мәслихат қызметінің мәселелері бойынша баяндамалар, шешімдер жобаларын, анықтамалар мен басқа да құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;
мәслихатқа түскен іс қағаздарын жүргізу және хат-хабарларды өңдеу, Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес ақпараттар алмасуды қамтамасыз етеді;
мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мәселелерін үйлестіреді.
материалдарды рәсімдеу, сақтау және уақытылы мұрағатқа өткізуді қамтамасыз етеді;
аппарат қызметкерлерінің жеке іс құжаттарын есепке алуды ұйымдастырады;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Мәслихат аппаратына басшылықты мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Мәслихат аппараты басшысының орынбасарлары жоқ.
18. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттігі:
1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аудандық мәслихат аппараты басшысының ол болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.