Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О признании утратившим силу некоторых приказов

Бұйрық · № 523/НҚ · қабылданған 28.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229534/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О признании утратившим силу некоторых приказов Күшіне енбеген 28.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О признании утратившим силу некоторых приказов

Күшіне енбеген Бұйрық № 523/НҚ 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившим силу некоторых приказов
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
523/НҚ
Қабылданған күні
28.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
14.09.2026
Көрсетілген редакция
28.08.2026 I229534_0.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039748
ЭКБ идентификаторы
229534
Редакция идентификаторы
I229534_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.09.2026 03:31
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық шешімдер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Жасанды
интеллект және цифрлық
даму министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 28 тамыздағы
№ 523/НҚ
бұйрыққа қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

1. «Куәландырушы орталықтың үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1184 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12889 болып тіркелген).

2. «Объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 281 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13615 болып тіркелген).

3. «Куәландырушы орталықтың үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1184 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 335/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21206 болып тіркелген).