О предоставлении мер социальной поддержки
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 564
- Қабылданған күні
- 12.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 15.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2026 I229608_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26LG00564M
- ЭКБ идентификаторы
- 229608
- Редакция идентификаторы
- I229608_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 19:00
0 Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №9946 болып тіркелген) сәйкес Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақорған ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне келесі әлеуметтік шаралар ұсынылсын:
1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:
ауданның әкімшілік орталығына (Жаңақорған кентіне) келген мамандар үшін - айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауданның басқа ауылдық елді мекендеріне келген мамандар үшін - айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада.